Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


Айтылым. Сызба бойынша отбасының негізгі құрамы – ата-ана және баланың қарым-қатынастары туралы айтыңыз Жазылым



бет23/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

Айтылым. Сызба бойынша отбасының негізгі құрамы – ата-ана және баланың қарым-қатынастары туралы айтыңыз
Жазылым. Қазақ халқының айналу - толғану сөздерінің мағынасын ашып жазыңыз:
Айналайын – айналып жүру, қорғау мағынасын білдіреді. Басыңнан айналайын, көзіңнен айналдым, түріңнен айналайын
Құлыным-
Ботам-
Айым-
Күнім-
Шырағым-
Нақыл сөздерді жазып, жаттаңыз:


Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас.
Ғабиден Мұстафин
Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю.
Бауыржан Момышұлы
Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Жүсіп Баласағұни
Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.
Ғабит Мүсірепов

Грамматика: Бұрынғы өткен шақ ған,-ген,-қан,-кен,-атын,-етін жұрнақтарымен тақырыпқа қатысты 10 сөйлем құрастырыңыз


2-апта. ҚАМҚОРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Грамматика: Есімшенің анықтауыштық қызметі
Қамқорлық – адамгершілік қасиеттің айқын көрінісі, ол айналадағы адамдарға деген сүйіспеншілік пен мейірімнің белгісі. Қамқорлықты әр адам күнделікті өмірде көрсетуі керек, себебі бұл қасиет қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Қамқорлықтың мысалы ретінде ата-ананың баласына деген махаббатын айтуға болады. Олар балаларын өсіріп, тәрбие беріп, әрдайым олардың қасында болып, қолдау көрсетеді. Бұл шексіз қамқорлықтың бір түрі. Сонымен қатар, достар арасында да қамқорлықтың рөлі үлкен. Нағыз достар бір-біріне қиын сәттерде қолдау көрсетіп, қуаныштарын бөліседі. Қарт адамдарға қамқорлық көрсету – бұл да маңызды міндет. Жасы үлкен адамдарға көмек көрсету, олардың тәжірибесін бағалау және құрметтеу – қоғамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіші. Әсіресе, денсаулығы нашар немесе жалғыз басты қарттар үшін қамқорлық өте қажет. Қамқорлық көрсету тек адамдар арасында ғана емес, табиғатқа деген көзқараста да маңызды. Айналамызды таза ұстап, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау – біздің болашақ ұрпаққа деген қамқорлығымыздың белгісі. Қамқорлық – бұл жүректен шыққан, шынайы сезім. Ол адамдарды жақындастырып, мейірімділік пен ізгілікке жетелейді. Қоғамда қамқорлық көбірек болса, әлем де соғұрлым жақсырақ, бақыттырақ болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет