Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет17/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Байланысты:
Семинар әдістемесі 2021

Негізгі ұғымдар: ұлттық тарих, дереккөз, тарихнама, тарихи сана, шынайылық, тарихилық өркениеттік, жүйелілік, аграрлық қатынастар, капитализм, өнеркәсіп, жәрмеңке, теміржол, шикізат рынок көзі, статистикалық экспедиция, жәдидтік ағартушылық, Мемлекеттік Дума, реквизиция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылман фракциясы, ұлттық қозғалыс.

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар: білім алушы дәріс мазмұнын толық түсіну үшін «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы керек.

Аталған тақырыпты оқып-үйренуде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның аграрлық тарихының түйінді мәселелерін зерттеген Б. Сүлейменовтың, П.Г. Галузоның еңбектеріне назар аудару қажет. Патша самодержавиесінің аграрлық саясатының мәнін ашып көрсету, қазақ ауылының отырықшылану тарихы мен әлеуметтік-шаруашылық құрылысына талдау жасау керек. Қазақстандағы өнеркәсіп салаларына монополистік шетел капиталының енуін, Қазақ кен-өнеркәсіп қоғамы және т.б. тарихын зерделеу қажет. Революцияға дейінгі еліміздің теміржол, өнеркәсіп жұмысшылары туралы зерттеу жүргізген М. Асылбеков, С. Игібаевтың еңбектеріндегі кең көлемде келтірілген деректемелерге мән берілуі керек. Қоныстандыру тарихы шет елдік тарихнамада да айтарлықтай орын алады. Шет елдік, әсіресе батыстық зерттеуші-ғалымдар Дж.Демко, К.М.Макколей, С.Беккер, М.Рывкин, Д.Уильямс Орта Азия, Қазақстан тарихына ден қоя отырып, отарлау, қоныс аудару мәселелерін де қамтыған. Ол жайындағы деректерді тарихшы Қ.Р. Несіпбаеваның, М. Лаумулиннің еңбектерінен кездестіруге болады. Қоныстандыру тарихы және оның кейбір қырларын ашатын көптеген зерттеулерге басты назар аударған дұрыс.

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы Ресей федерациясы халқы үшін қоғамдық сананың ояну кезеңі болғаны тарихтан мәлім. Қазақ қоғамының сол тұстағы саяси дүниетанымының оянуына серпін берген еліміздегі тұңғыш саяси «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің қызметінің негізгі кезеңдеріне, әлеуметтік табиғатын танып білуге, оның саяси бағыт-бағдарын және мүмкіндіктеріне назар аударылуы тиіс. Бұл тақырыпты зерттеуде Д. Аманжолованың (На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана. – А., 2009), К. Нұрпейісовтың (Алаш һәм Алашорда. – А., 1995), және М. Қойгелдиевтің (Алаш қозғалысы. – А., 1995) еңбектері алғашқы туындылар болды. «Алаш» қозғалысының сипатын, идеялық-саяси, әлеуметтік базасын анықтауда, оның жеңілісінің себептерін және Қазақстан тарихындағы маңызын көрсету, Қазақ автономизмі, «Алаштың» әскери доктринасын, алаш әскери бөлімшелерінің құрылуын, соғыс қимылдарына қатысуын, Алашорда жетекшілерінің Түркістан майданымен келіссөздерінің барысы мен мазмұнын ашуда зерттеуші Д. Аманжолованың еңбегіне назар аудару. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «... «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр» деп атап көрсетті. Осы тұрғыдан алғанда аталған кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруіне мән беру, «Алаш», «Алашорда», «алаш қозғалысы» терминдерінің мәнін айқындау, ғалым К. Нұрпейісовтың зерттеуіндегі «Алаш» партиясының құрылуы, Алашорда мен Кеңес өкіметінің өзара қатынастары туралы, профессор М. Қойгелдиевтің монографиясында келтірілген ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты мәселелерді зерделеу қажет.

ХІХ ғ. екінші жартысында пайда болып, ХХ ғ. басында кең тараған жәдидтік қозғалыстың мақсатын, бағытын, саяси көзқарасын, тарихи рөлін және «Алаш» ұлттық партиясының идеологиясына ықпалын анықтап, жәдидтік ағымның қайраткері – Ы. Ғаспыралы қызметінің сипатын ашу, қазақ зиялылары М. Оразай, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы және т.б. осы ағымның әсерін пайымдау керек. Ресейдің І-ІІ Мемлекеттік Думағы қазақ жері туралы мәселесі бойынша Б. Қаратаевтың, А. Бірімжановтың, Т.И. Седельников қызметін ашып көрсету. Ә. Бөкейхановтың Қазақстандағы қоныс аудару ісіне арналған еңбектерін тарихи дерек көзі ретінде талдау қажеттілігі үлкен.

Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс тарихы туралы И.А. Чакалинский мен С. Асфендияровтың алғашқы библиографиялық еңбектерін, «Қаһарлы 1916 жыл» (А., 1998, І, ІІ т.) атты құжаттар мен материалдар жинағында келтірілген Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және көтеріліс туралы ең көп жазған және көтерілістің сипаты туралы айтысып келген көрнекті тұлға – Тұрар Рысқұловтың 1916 жылғы оқиғаларға қатысты көзқарастарының мәні мен мазмұнын зерделеу керек. Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мәселеге жаңаша ұстаныммен қарауға, ұлт-азаттық көтерілісті таптық көзқарастан арылып, кең ауқымда қарастыруға бағыт алған М. Қозыбаевтың Жауды шаптым ту байлап (А, 1994), К. Нұрпейісовтың «Даладағы дабыл» (Егемен Қазақстан, 16 маусым, 2006), М. Қойгелдиевтың редакциялық басқаруымен Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. ІІ кітап. (А., 2016), А. Бисенбаевтың «К вопросу об изучении национально-освободительных движений ХІХ – начала ХХ вв. в Казахстане (Казахстан в начале ХХ века. Сб. статей. – А., 1993.) сияқты тарихшылардың еңбектерін саралап тұжырым жасауы қажет. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына байланысты құжаттар мен ғылыми еңбектерге талдау жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет