Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары» тақырыбының мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар


-жаттығу.Сөйлемдердегі етістіктердің қандай грамматикалық категорияның тұлғасында тұрғанын ажыратыңыз, оларға сипаттама беріңіз



бет46/48
Дата28.04.2023
өлшемі208,73 Kb.
#88218
түріСеминар
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
3-жаттығу.Сөйлемдердегі етістіктердің қандай грамматикалық категорияның тұлғасында тұрғанын ажыратыңыз, оларға сипаттама беріңіз. 

– Абайжан, осы сен түні бойы ұйықтамағанбысың? – деп, баласының бетіне қарады (М.Ә.). Астыңғы үйдегі бапты аспазшы пісірген ыстық самсаны да жеген жоқ (М.Ә.). Бірақ Қараша қалатын емес (М.Ә.). Бет қаратар емес (М.Ә.). Енді топтың ішін көрмек емес (М.Ә.). 


Еденін қи аралас балшықпен майдалап сылаған үйдің тап ортасына келіп, сұлық тұрып қалған Балзия үн қатпады. Атымтайдың көзі қалыңдығының ашулы, әрі қайғылы жүзіне түспесе де, жасырынбай шалқақ ұстаған ішіне түсті. Трашпанның талдан тоқылған қорабына қатар отырған екі құрбы орта жолға дейін бір-біріне тіл қатыспады. Балзия, мен әкейді қойысуда бола алмаймын. Сендердің алдарыңа енді ешкім кесе көлденең тұра алмайды. Біздің шешелеріміз ғой, біз көргеннің, біз білгеннің бірін де көре алмай, бірін біле алмай, көрбала боп өтті (С.Ж.). 


4-жаттығу. Сөйлемдердегі етістіктерді талдау арқылы таза грамматикалық категорияларының түрлерін меңгеріп, оларды өзіндік ерекшеліктеріне қарай топтаңыз.

Аузы жеңіл біреу әлдеқалай оған қыз екенін айта қалса, ызақор қыз жылап қоя беретін /Ә.Нұрпейісов/. Күндердің күнінде сол екі елдің жарылмаған қауын, шайқалмаған уызы екі сұлу жасы бопты /М.Әуезов/. Бір әйел қолтығындағы шумақталған көп қағаздардан жиналыста отырғандарға бір-бірден беріп жатыр /Б.Майлин/. Құлағын салмас, тіліңді алмас көп наданнан түңілдім /Абай/. Аузы кемсиген бір кемпір, арбадан түсіп жатқан Раушанға бажырая қарап, қабағын тыржита түсіп, жанындағы отырған тарғыл бетті әйелге бірдеме сыбырлап айтып, екеуі күңкілдеді /Б.Майлин/.




Тексеру блогі
Тест- карточка:
Етістіктің райлары

1. Етістіктің ашық рай тұлғасында қолданылғанын көрсет

А) Жанға көңіл қалып тұр, жан бұл күйге салып түр (А.Б.)
В) Ол оған шынын айтқысы келді
С) Ас тез дайын болса еді.
Д) Лұқпандай мың жаса.
Е) Кел, балалар, оқылық! (Ы.А.)

2. Бұйрық рай тұлғалы етістік барын белгіле

А) Енді аз бөгелсе, жұрт тағы кернеп кетеді (М.Ә.)
В) Тәнге көңіл қалып тұр, Тән шыдамай арып тұр (А.Б.)
С) Мал басыңтарың аман болғай 
Д) Батырдың жолы болсын, самсаған қолы болсын.
Е) Барғысы келмеді.

3. Қалау рай тұлғалы етістік барын белгіле

А) Еңбек етсең, емерсің.
В) Мені шығарып жібергісі келді.
С) Жұртқа көңіл қалып тұр, Жүрт жалғанға нанып тұр (А.Б.)
Д) Сендер үй жаққа бара тұрыңдар.
Е) Бүгін келуі де мүмкін.

4. Шартты рай тұлғалы етістік барын белгіле

А) Отқа өртенсем де, өкінбеймін,
В) Мен оны ауылға алып кеткім келді.
С) Екі қой жеймін десеңдер, түсіңдер. 
Д) Көрінген бұтаны тасалап, қалаға қарай жалғыз әйел келе жатыр (Ғ.М.)
Е) Ол өзі айтпаса, көнбейді.

5. Қимыл атауы бар сөйлемді белгіле

А) Жақсы адам ағайынға қарасады.
В) Кешкі самал бойды сергітті.
С) Жұрт шаттанып, асыр салмақ.
Д) Семізін елден алғызуға жер мойны қашық (М.Ә.)
Е) Қорықпасаң, бері кел (Х.Е.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет