Тест- карточка:
Етістіктің шақтары
1. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті тап.
|
А) Жылаған кішкене баланың үнін есітті.
В) Шындық ашылмай қалмас
С) Араздық бір басталған соң, ұлғая бермек (Б. Майлин).
Д) Біз екі шалқардың арасында тұрамыз.
Е) Үйге қарай бұрылған еді.
|
2. Нақ осы шақта тұрған етістікті тап?
|
А) Біз мұнда жиі келеміз
В) Үнемі сөйлемек.
С) Жаңа жыл да келді.
Д) ) Бізде жиі болатын
Е) Кітап оқып отыр.
|
3. Ашық райға берілген түсініктің дұрысын көрсет.
|
А) Дағдылы қимылды білдіреді.
В) Бір қимылдың екінші қимылға шартын білдіреді.
С) Іс-қимылдың бұйыру мәнін білдіреді.
Д) Қимылдың шындық өмірге мезгілдік, шақтық қатынасын білдіреді.
Е)Қимылды жүзеге асыру ниетін білдіреді.
|
4. Осы шақ көрсеткіштерін белгіле
|
А) болымсыз етістіктің жұрнағы
В) қалып етістіктері
С) тұйық етіс жұрнағы
Д) есімше жұрнағы
Е) көсемше жұрнағы
|
5. Жедел өткен шақтағы сөзді тап?
|
А) Институтты былтыр бітірген
В) Ол қалаға келіпті.
С) Базаралының өзімен тілдеспейтін.
Д) Шақырған адам күте тұрар.
Е) Ауылдан кеше келдім.
|
Етістіктің жақ категориясына түрленуі
1. Жақ категориясы формасында тұрған қатарды белгіле.
|
А) Оған, мен, мені
В) Саралар, кітаптар, тастар
С) Келеміз, сенесіз, оқысын
Д) Кітабым, кітабың, қызы
Е) сөйлем, көшірме, оқушы
|
2. Жедел өткен шақ формасында тұрған етістік қатарын белгіле
|
А) секірді, келді
В) болса, келмек
С) жіберсін, отырған
Д) оқысаң, қатысқысы келді
Е) тездет, жазыпсыз
|
З. Бұйрық рай формасында тұрған етістік қатарын белгіле
|
А) секірді, құрастырды
В) бітсеңіз, келсе
С) жіберсін, тазалайық
Д) оқысаңыз, қатысқысы келді
Е) тездет, жазыпсыз
|
4. Шартты рай формасында тұрған етістік қатарын белгіле
|
А) секірді, құрастырды
В) бітсеңіз, келсек
С) жіберсін, тазалайық
Д) тұнжырады, қатысқысы келді
Е) тездет, жазыпсыз
|
5. Есімше тұлғалы етістік қатарын белгіле.
|
А) орындалып, көздеу
В) бітсеңіз, келсек
С) жіберсін, тазалайық
Д) тұнжырады, қатысқысы келді
Е) қоймайтын, отырмас
|
Достарыңызбен бөлісу: |