Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары» тақырыбының мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар



бет43/48
Дата28.04.2023
өлшемі208,73 Kb.
#88218
түріСеминар
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Тексеру блогі


Тест- карточка: Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері



1. Көсемше тұлғалы етістік барын белгіле

А) Бөлмедегі үшеу алғашқыда селт етпеген.
В) Жанат тезірек оралғайсың.
С) Қазба байлықтарынтез меңгеріп игеріп алдық.
Д) Екі үйден саба құлқын сәріден күмпілдеген керегеніңсықыры жаңа ғана басылған (Б. Н).
Е) Студенттердің ауруханада кезекшілік міндетін атқаруы басталды.

2. Тұйық етістік барын белгіле.

А) Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат білер.
В) Кеңшілікте дос та дос, қасың да дос, таршылықта қайрылған дос өзгеше.
С) Тыста да, отауда да Абайды көрген үлкен-кіші жылы сөйлейді.
Д) Оның бәріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халық керек.
Е) Мына оқиғадан кейін осыны мойындауға тура келеді (М.И.)

3.Есімшенің тәуелдік жалғауында тұрған түрін тап.

А) Көрсететін 
В) Барғансың
С) Айтатынсың
Д) Оқитының
Е) Келерсіз

4. Есімше тұлғалы етістікті тап.

А) Айқайла
В) Жаздырмас
С) Жайнату
Д) Жолыққалы
Е) Жолықшы

5. Есімдерше түрленетін етістіктің түрі

А) Етіс
В) Болымсыз етістік
С) Қимыл атауы
Д) Сабақты етістік
Е) Көсемше



Бақылау жұмыстары үшін 

Ақиқат батпаққа батырсаң да, пәктігінен айрылмас. 2. Төбеде тұрсаң да, - танауыңды шүйірме, төменде тұрсаң да – тізе бүгіп, иілме. 3. Көрмегенді көзіңмен, көпіршітпе сөзіңмен. 4. Өз ішіңе сыймаған сыр, өзгенің ішіне де сыймайды. 5. Өмір саты біреу өрге жылжиды, біреу төмен сырғиды. 6. Жасында байқары жоқтың жасы жеткенде айтары жоқ. 7. Үйрен жақсы әдеттен, ізгілікке әдеттен. 8. Адалдық ардың ісі, ауырлықты көтеру нардың ісі. 9. Жақсы келді дегенше, жарық келді десейші, жақсылықтың уытын алып келді десейші («Маржан сөз»).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет