10-СОӨЖ тақырыбы:Ә.Науаидың «Ескендір қорғаны» дастаны.
Тапсырмалар: Абай шығармашылығымен салыстырмалы сюжеттік, композияциялық, идеялық, образдық салыстырмалы талдау
Есеп беру түрі: слайд презентациялау
СӨЖ тапсырмалары: Захреддин Мұхамед Бабыр өмір сүрген дәуірі, өмірі жайлы мәлімет. Лирикалық өлеңдері.
Есеп беру түрі:реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Науаи А. Сочинения в 10-томах. Ташкент, 1970.
ССР халықтарының әдебиеті. Хрестоматия. А., 1976.
Сөз зергерлері. А., 1966.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 274 б.
Таңдамалы өлеңдері,1948;
Стихотворения и поэмы,1965;
Асарлар. 15 томдык,1963 - 68;
Ғазалдар, 1968.
Он бірінші апта
№11 дәрістің тақырыбы: Өзбек кеңес әдебиетінің өкілі – Хамза Хакім-Заде
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Хазма 1889 жылы 6 мартта Қоқан шаһарында, дәрігер семьясында дүниеге келді. «Әкем көзі ашық, оқыған кісі болғандықтан, деп жазады ол өзінің өмірбаянында, - 1898 жылы өзбекше, парсыша сауатымды аштым,1899 жылдан 1906 жылға дейін медреседе ескі жүйемен білім алуды жалғастырдым». Бірақ медресенің дәрісі, діни схоластика (діни философиялық ілім) зерек Хамзаны тез жалықтырады да, ол енді өз бетінше оқып, ізденуге көшеді.
Өзбек әдебиетінің классиктері – Лүтфи, Науаи шығармаларын зерттеп оқу, парсы-тәжік, әзірбайжан классик жазушыларының творчествосымен танысу, Гүлхани, Мұқими, Фұрхат секілді патриот ақындарының мұраларын сүйіп оқу, өзбек халық әндерін, ертегілері мен дастандарын зейін қойып тыңдау, ұлы орыс жазушыларының кітаптарына зер салу, сол кезде шығып тұрған газеттер мен журналдарды, ең бастысы – халықпен тығыз байланысып, бірге жасап, біте қайнасу – Хамза өткен өмір мектептері осылар еді.
Хамза 1908 жылы Наманганда оқып жүрген кезінде революционерлермен таныс болғанын еске алып, кейін былай деп жазды: «Қолмен көшіріп, кішкене кітапша, хабарландырулар шығарып жүретін бір татар жігітімен әңгімелесіп тұрушы едім. Сол жігіттің әсері ме екен, ұзамай мен ескі патшалар тұрмысынан «Шындық кімде?» деген ұлттық роман жазуға кірістім. Содан бергі жерде менің өлеңдерім ұлттық және революциялық рухта жазыла бастады».
Хамзаның күрделі де қиын, тыным алмай шарқ ұрумен өткен өміріне зер салып қараған адам, оның нағыз батыр болғанын көрер еді.
Хамза әдебиетінің барлық жанрында еңбек етіп, бүкіл бір халықтың, қала берді көп ұлтты совет халқының мәдени игілігіне айналған үлкен мұра қалдырды. Ұлттық поэзияның классигінің ең таңдаулы туындыларынан құралған 200-ге тарта ғазалдан тұратын «Нихон жырлары» («Девони Нихоний») топтамасы, 5 кітаптан тұратын «Ұлттық әндер үшін ұлттық өлеңдер жинағы» (1916-1919) кітаптары, «Жеңіл әдебиеті», «Оқу кітабы», «Қирағат»(дауыстап оқу) кітабы секілді педагогикалық шығармалармен қатар публисцистикалық мақалалар, қырыққа жақын драмалық туындылар жазды. Бұл бар болғаны жағдайда жүріп, творчестволық еңбеке арнаған адам үшін аз жүк емес.
Хамза Хакимзаданың әдеби-әлеуметтік позициясының қалыптасыунда үлкен роль атқарған негізгі факторлардың бірі-терең гуманизмге толы өзбек классикаылқ әдебиеті болса, екіншісі – оның заңды жалғасы боп табылатын жаңа бағыттағы өзбек демократиялық әдебиеті еді. Хамза творчествосы қалыптаса бастаған ХІХ ғасырдың ІІ жартысы және ХХ ғасырдың басы рекациялық, феодалдық-клерикалық әдебитеніңі кемеліне келіп, бел алып, тұрған кезі еді. Феодалдық өмірдің қызылды-жасыл қызық күндерін мадақтап, мәнсіз-мағынасыздықты дәріптейтін сарай ақындары және тәркі дүниеден безіп, баршаны тәуелділікее үндеген дәни-мистикалық ақындардың шығармалары кең насихаттады. Міне, осы реакциялық әдебиетке қарсы күресте халықтың ауыз және жазба әдебиеті демократиялық сипатта бой көрсетіп, жүре келе жан-жақты толығып, ел арасында үлкен беделге ие болды. Хамза осындай тарихи жағдайда дұрыс творчестволық ізденіс жолына түсіп, өзбектің демократ жазушыларымен бірге сапта тұрды.
Өзбек демократиялық әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі-нақтылы ой түйіндеуге ұмтылуы, әлеуметтік мәселелерді бірінші кезекке қоюы, жақсы өмірге құштарлық сезімдерінің күреске үндеуге ұласып кетуі. Демократиялық әдебиеттің бұл тенденциясы Хамзаның алғашқы творчествосының беташар кезеңі үшін үлкен мәнге ие болды.
Хамза Хакимзада классикалық әдебиеттен және өмірден тұрмыстан алған әсерлерін өз творчествосында шебер тұңғыш өлеңдерін жазды. Мұның бәрі оның дүниетанымының өсуіне, қоғамдық өмірдегі теңсіздікті тереңірек ақын боп қалыптаса бастауы осы кезең еді.
Классикалық әдебиет нұсқаларына тән сатиралық элементтермен қоса теңсіздік, әділетсіздік, ілім-білім кенжелігі бұдан былайғы жерде ақын шығармаларының үзілмес арқауына айналды. Хамза аталмыш тақрыпты игеруде өзінен бұрыңғы ақындардың шеберліктерін жетік біле отырып, өз дәуіріне тән әлеуметтік мәселелемен байыта түсті.
Айтайын жарияға енді:
Дананы надан дедік.
Көз жасым дария болды
Жүрміз-ау адам болып,-
деп «білім ачқ астындаАқлғанына налыса, тағы бір тұста халықты, кедейбалаларын оқыту,
білімді ету жолына бөгет болған атқамінерлерді қара қарғаға теңеп, олардың білім нарқын ұқпайтын топастығын шенеп, мемлекет мекемелерінің солардың қолында қалғанына қынжылады.
Хамза бұл жырларды халық арасында айтылып жүрген лайықтап жазды, мұның өзі аталған туындылардың ел ішіне тез таралып кетуіне мүмкіндік жасады. Мысалы, 1916 жылы жазылып «Қызыл гүл» топтамасына енген «Бір қазірет ишан айтады екен»атты сатиралық өлеңі жұртқа мәлім. «Ой, залым» деген әннің әуеніне лайықтап жазылды. «Әзімқожа ишан мен Тасқожа ишанның ауыз бекітуі» атты сатиралық өлең турады да осыны айтуға сөйлетеді, өздерін өздеріне әшкерлетеді. Ислам дінінің залал-зияны, шариғат тәртібінің зұлымдығы, ашкөздігі ишандар бейнесі арқылы шебер суреттеледі.
Хамза өзбек музыкасы мәдениеті тарихында бірінші болып ұлттіқ мұрамызды зерттеп, байытып және туысқан халықтар музыка мәдениетінің ең таңдаулы туындыларын пайдалана отырып, өзбек совет музыкасының негізін қалаған адам.
№11 практикалық сабақтың тақырыбы: Ғафур Гулям шығармашылғы
Тапсырмалар:Ақын өмірі мен шығармашылғы. Ғ.Гулям поэзиясының өзегі – халық, олардың адал істері мен арманы. Ана, Ана жан дүниесі / «Ана»/. Балалық шақ, өзгешелігі мен әсемдігі / «Жырымның жақсы жолдары»/. Табиғат әуендері / «Көктем», «Жаз»/. Ғ.Гулям – поэзия өрнегіне жалынды күш, салмақты ойлар әкелген шебер ақын / «Сия»/.