Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөж 2 15



бет15/21
Дата17.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#117110
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Түркі халықтар әдебиеті, А.А.Ақболатов

12-СОӨЖ тақырыбы:Ғабдолла Тоқай шығармашылығы
Тапсырмалар:Ғұмырнамасы. Ақын өлеңдерінің тақырыптық мәні. А. Нәріковтың «Ғабдола Тоқай» өлеңі.
Есеп беру түрі: Ғылыми баяндама. Слайд презентация.
СӨЖ тапсырмалары:Ғабдолла Тоқай шығармашылығы
Есеп беру түрі: өлеңдерінен жаттау
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  2. Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы. Дәрістер жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 222 бет.

  3. Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.-Алматы, 2002.-220 б.



Он үшінші апта
13 дәрістің тақырыбы: Түркімен әдебиетіне жалпы шолу
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Түркімен әдебиеті эпостық шығармалар мен ертегілерге бай. 16 ғ-да бірнеше шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дәдәм Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия елдерінің эпостық дәстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері «Кероглы» («Көрұғлы», 16 ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (16 ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (17 ғ.) т.б. ертедегі Т. ақындары шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды. Мақтымқұлы (18 ғ.) мен Дурды – Шаһирдің, Мақтымқұлы – Сеиди (1775-1836) мен Зелилидің (1795-1850) жазбаша айтыстары, Мискинклычтың (1847-1906) өлеңдер циклі Т. әдебиетінің жетіліп келе жатқандығын көрсетті. Мақтымқұлы әдебиеттегі жаңа бағыттың негізін қалады. Ол Т. әдебиетінде тұңғыш рет өлеңнің «гошпа» (төрттаған) түрін жазып, аруз өлшемін қолданды. 19 ғ-да түрікмен лирикасының белгілі өкілі Молланепес (1810-62) шығыс сюжеті негізінде «Таһир мен Зуһра» дастанын жазды. Кемине (Мәмедәлі, 1770-1840), Байрам Шаһир (1871-1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.
Кеңес дәуіріндегі Түркімен әдебиетінің алғашқы үлгілері Кермолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Әдет құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың (1904-43) «Сона» (1932) т.б. шығармалары әйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың 2-жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан Дурдыев (1904-47) жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Т. әдебиетінде тұңғыш рет Ата Қаушутовтың (1903-53) «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың «Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-74), Ч. Аширов (1910 ж.т.), Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің (1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. тарихи романдары жарияланды. Қысқа әңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың (1906-44) новеллалары басылды.
1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. әдебиетінің творчеств. әдісі соц. Реализм болды. 1928 жылдан «Совет әдебиеті» журналы шығып, Т. совет әдебиетінің дамып қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ш. Кекіловтің «Иван ағай» (1942), Б. Сейтақовтың (1914 ж.т.) «Қуғындағы қыз», Я. Насырлының «Ерлік» (1942), Б. Кербабаевтың «Құрбан-Дурды» (1943) поэмалары т.б. жарияланды. 50 жылдары Т. әдебиетіне Ата Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас әдебиетшілер келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» (1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3 кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың «Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен әңгімелері басылды.
Түркімен әдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» (1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының «Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен әңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.

13 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ пен қырғыз әдебиетіндегі отарлаушылыққа қатысыты «зар заман» сарындары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет