Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөж 2 15



бет4/21
Дата17.10.2023
өлшемі0,52 Mb.
#117110
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
2-СОӨЖ тақырыбы:Мұхаммед Физули ғазалдары
Тапсырмалар: жаттау, өлеңдерінің қазақ әдебиетіне аударылуы
Есеп беру түрі: конспект, өлеңдерді мәнерлеп оқу
СӨЖ тапсырмалары:Азербайжан халқының тілі мен мәдениеті туралы мәлімет
Есеп беру түрі: Реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Антология азербайджанская поэзия в 3-х томах. М., 1960

  2. Бизақов С. Түркі әлемі. Алматы, 1998.

  3. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. – Алматы: «Білім», 2000.- 248 бет.

  4. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 бет

  5. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.

  6. Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 274 б.

Үшінші апта
3 дәрістің тақырыбы: Башқұр әдеби тілі және әдебиеті
Терминдер мен анықтамалар халық поэзиясы, фольклор, қобайыр жанры
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Башқұрт жазба әдебиеті Қазан революциясынан кейін қалыптасты. Одан бұрынғысы – негізінен халық поэзиясы, фольклор. Ауыз әдебиетінде форма жағынан ерекше жетілген жанр-қобайыр. Ол қазақ поэзиясындағы толғауға жақын. Қобайырдың өзегі әлеуметтік сарын, яғни Орал тауын, Ақ Еділді, туған жерді, халқын мадақтау. Ал «Ақбозат», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Күсәк бей» секілді эпикалық поэмалар башқұрт тарихының түрлі кезеңдерін бейнелеген кесек туындылар. 18-19ғ-да әуезді сырлы, шерлі әнмен айтылатын «Салауат», «Азамат», «Орал» сияқты тарихи жырлар «Зұлхаза», «Шаруа» секілді аңыздар туды. Тәң керіске дейін Башқұрт поэзиясының кейбір нұсқалары қолжазба түрінде тараған. Башқұрт әдебиетінің тарихында Салават Юлаевтың есімі әйгілі. Жауынгер ақынның ел аузында қалған кезінде орыс тіліне аударылған жырларына тән сипат-ереуіл рухы, әлеуметтік идея, азаматтық пафос. Діни уағызға арнап шығарма жазған Т.Ялсыгул (1787-1838), Ә.Қырғалы (1784-1825), Г.Салихов (1794-1867), Ш.Заки (1825-1865), Ғ.Сокрый (1826-1889) секілді ақындар софизм бағытын ұстады. 19ғ-дың 2-жартысында башқұрт әдебиетінде ағартушылық бағыт өрлей бастады. Бұл кездің көрнекті өкілі көп қырлы, талантты ақын, тілші, фольклорист, этнограф, тарихшы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. М.Үмітбаев (1841-1907) болды. Оның 1897ж. шыққан. «Жәдігер» жинағында ғылыми еңбектері, өлеңдері тоталған. Қазақ –татар поэзиясында елеулі із қалдырған Ақмола ақын-башқұрт демократтық әдебиетіндегі ірі тұлға. Башқұрт кең. әдебиетінің ірге тасын қалауда Мәжит Ғафурдың «Қызыл ту», «Ант», «Еңбекші», «Татар жігітіне», Д.Юлтыйдың «Октябрь», «Аттан жігіт», «Майсара», Ш. Бабичтің «Халыққа арнау», С.Құдаштың «Қызыл әскер», «Айтшы» секілді рев.жырлары аса зор рөл атқарды. 30 жылдарда халық өмірінің әр түрлі кезеңін бейнелейтін реалистік проза туды. Олар –С.Құдоли «Қос қаыйң», С.Агшитің «Жағдайға орай» повестреі, Д.Юлтыйдың «Қан», А.Тагировтың «Қызыл әскерлер», «Солдаттар», «Қызыл гвардияшылар», И.Насыридың «Кедей» романдары, Х.Ибрагимовтың «Башмақшы», К.Даянның «Таңшолпан», Н.Кариптің «Алма» пъесалары, С.Құдаштың «Бақыт таңы»(1935), «Республика жырлайды» (1938), Б.Ишемғұлдың «Отан» (1936), Х.Каримнің «Салтанат», Р.Ниматидің «Ақ Еділдің әсем айдыны» (1940) өлең жырлары. Отан соғысының қаһарлы шындағы әдебиетте жан-жақты бейнеленді.
А.Бикчертаевтің «Аққулар Оралда қаладысы» (1956), «Үлкен оркестрі», Х.Даулетшананың «Верғызы» - прозадан, Р.Нигматидің «Большевигі», Х.Каримнің «Алтын масағы», С.ҚҰдолиттың «Отаным менің» -поэзиядағы елеулі шығармалар.
Ежелден іргесі бір, тілінде, тұрғысында, сай-санасында ұқсастық көп, қазақ пен башқұрт туысқан халықтар. Башқұрт жазушыларының шығармалары қазақ тіліне көп аударылады. Үлкен ақын әрі драматург Мұстай КАримнің «Ай тұтылған түн» пьесасы қазақ сахынасынан көп жыл бойы түскен жоқ. М.Әуезовтің «Абай» т.б. көптеген қазақ шығармалары башқұрт тілінде жарық көрді. С.Құдаш пен Б.Майлиннің, С.Мұқановтың шығармашылық достығы үзілген емес.
3 практикалық сабақтың тақырыбы:Әзербайжан халқының ағартушы, көрнекті өкілі Мырза Фатали Ахундов
Тапсырмалар:«Пушкин өліміне» атты поэмасын, азербайжанның реалистік драматургиясының негізін салушы екендігі талдау. Қазақ әдебиетімен байланыстыра талдау (слайд презинтация).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет