1- СОӨЖ тақырыбы:Азербайжан жазба әдебиетінің қайнар бастаулары («Китаби Деде Коркуд» «Қорқыт ата кітабы») Тапсырмалар: оқу, мазмұндық талдау. Ғылыми әдебиеттер негізінде конспекті жасау.
Есеп беру түрі: Реферат
СӨЖ тапсырмалары:Низами дастандары оқуға: Жеті ару.
Есеп беру түрі: Мазмұндық талдау. Тіл көркемдігінің кестесін жасақтау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. М.Жолдасбеков. Асыл арналар. А., 1990.
2. Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1991.
3. Ежелгі дәуір әдебиеті. ІІ кітап. А., 1991.
4. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. / Қырғыздың батырлық эпосы «Манас»/. А., 1962.
5. Р.Бердібаев. Жұлдыздар жарығы.
Екінші апта №2 дәрістің тақырыбы: Әзербайжан халқының ағартушы, көрнекті өкілі Мырза Фатали Ахундов
Терминдер мен анықтамалар:
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Мырза Фатарли Ахундовтың ХІХ ғасырдағы Азербайжан қоғоғамдық – саяси және философиялық ой-пікірлердің басында тұрған үлкен қайраткерлігі. Азербайжан мәдениетінің тарихында жаңа дәуірді бастауы екендігі. Драматургия мен театрдың, реалистік прозаның негізін салушы.
Мырза Фаталидың ғұмырнамасы (дұрысы Фатих - Али) Ахундов 1812 жылы Азербайжан жерінде Нух қаласында туған. Жас кезінде шығыс тілдерін көбірек үйреніп, шығыс ғылымын зерттеді. Әкесінің ақылы бойынша, ол араб ғылымын үйренуге ден қойды. Бірақ әзірбайжан халқының ұлы ағартушысы, ақыны Мырза Шафи Возихпен кездесу оның бұл жоспарын мүлде басқа арнаға бұрады да, ол орыс мектебіне оқуға түседі.
1834 жылы Ахундов Тифлиске көшіп барып, Кавказдағы азаматтық бөлімнің бас басқармасы мекемесінде тілмаш болып істеді. Сонымен бірге 1836 жылдан бастап Тифилистің уездік училищесінде азербайжан тілінен сабақ береді. Бұл жылдары ол Кавказға жер аударылып келген орыс декабристері А.А. Бестужев Марлинский, А.И. Одоевский, поляк революционері Тодеуш Ладо-Заблецкиймен кездеседі. Орыс ақыны Е.П. Полонскиймен, шығысты зерттеуші – ғалымдар Н.Б. Ханыков, А. Бернс, журналистер Н.Т. Бердзенов, Ф.А. Вердеревскиймен достық қарым-қатынаста болады.
Тифлисте Ахундов дос болған алдыңғы қатарлы адамдардың ішінде армянның ұлы ағартушы ақыны Хачатур Абовян, грузин драматургиясы мен театрының көрнекті қайраткері Георгий Эристави, азербайжан ақыны, тарихшы, ғалым Аббас-Кули Аға Бакиханов, т.б. бар еді. Осы тәрізді алдыңғы қатарлы ой-пікірдің адамдары Ахундовтың қоғамдық көзқарасының жаңаша қалыптасуына шешуші әсер етті. Мәселен, Бестужев – Марлинский одан азербайжан, парсы тілдерін үйрене жүріп, оған орыс халқының әдебиеті туралы көп әңгімелеген.
Ахундовтың «Мирза – Ағидың пьесаларына сын», «Проза мен поэзия туралы», т.б. әдеби-сын еңбектері бар.
Оның еңбектерінен ғалымның әдебиет пен ғылымның дүниежүзіне мәлім қайраткерлерінің еңбектерімен жақсы таныс болғанын көруге болады. Оның философиялық пікірлерінің толысуына Низами, Фирдауси, Хафиз шығармаларының да әсер еткені байқалады. Ақын, дарынды драматург, үлкен прозаик және асқан әдебиетші ретінде оның шығармашылық қызметі ХІХ ғ-ң 30-шы жылдарынан басталды.Кавказ дәуірі оны тек саяси жағынан ғана емес, эстетикалық жағынан да тәрбиеледі. Ол реализм дәстүрін қабылдады. Көркем шығар-қ арқылы патша үкіметі тудырып отырған әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздікті әшкере ету қажеттігін түсінеді. Халық өмірі, оның арманы мен тілегі жазушының қаламына жол берді.
А.С. Пушкин жас ақынның бірінші ұстазы болды. М.Ф. Ахундовтың бұл саладағы көзқарасы оның «А.С. Пушкиннің өліміне» атты өлеңінен анық көрінеді. Бұл өлеңін атты өлеңінен анық көрінеді. Бұл өлеңін ол 1837 жылы А.С.Пушкиннің патша жендеттерінің қолынан мезгілсіз қаза тапқанына күйініп жазған еді. Ол 1837 жылы «Московский наблюдатель» журналының ХІ номерінде жарияланды.
№2 практикалық сабақтың тақырыбы: Әзірбайжан әдеби тілі. Азербайжан әдебиетінің көрнекті өкілі - Низами Ганжауи шығармашылығы
Тапсырмалар: әдеби тіл, Низами шығармашылығы, дастандар, тақырып мен көркемдік ерекшеліктер, образдар жүйесі, Шығыс әдебиетін ықпалы. Әзірбайжан әдеби тілінің қалыптасу тарихы. Өзге түркі тілдерімен сабақтастығы.