Семинар сабақтарының тақырыптары



бет12/15
Дата12.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#25322
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
16- тапсырма. Қазіргі қазақ газеттерінен очерк жанрында жазылған өзіңіз үлгі деп таныған шығарманың тіліне талдау жасап, баға беріңіз.
Фельетон

" О Кей! "

"Қайран капитализм ,қайдасың ? Жетпіс жыл бойы " құлағыңды тазалап" текке тыраштаныппыз ғой?!" деп дауыс салып, қасқа жолға қасқиып шығып, тұп- тура тартып бара жатқан біздің Қазақстанда не көп десең , уа көп нәрсе көп! Парламенттімізде ілгерілі- кейінді қаралуы да мүмкін, қаралмай қалуы да мүмкін мәселелердің тоқсан тоғыз түйінді тізіміне үңіліп отырып айтар болсақ, мысалы, бізде (ауызша- жазбаша мағлұматтардан жиналғаны да ) мыналар көп :



1. Жұмыссыз. Зауыт- фабригі қаңтарылып, кеңшар- ұжымшары ұшынып, екі аяғында бәтіңкенің бір сыңары , екі қолында биялайдың бір сыңары қалған арғымақтай жігіт пен керегедей келіншек көп. Биылғы ресми есеп олардың саны миллионның о жақ, бұ жағында дейді. Жұмыс- қызмет шығар орындарды оңашалап, яңни жекеменшіктеп алған алпауыттар оларды, егер беріде етжақын ағайыны, арыда құдандалысы болмаса, қалталарында қанша дипломы жатса да, ғылым кандидаты.... тіпті академик болса да.маңайларына оқ жетер жер жолатпайды, себебеі : бөтен ауыз- ас та төк асына обал; бөтен көз -алтынмен аптаған котеджіне, өсімдеп мініп жүрген " Тойотасы" мен " Мерседесіне" қиғаш; бөтен дауыс- жөргегінде сымсыз (" әлгі сотовый") телефонмен ойнап жатқан бөбегіне , дискотекада жүрген шәкірт баласына , казинода жүрген студент баласына жақпайды. "О кей !"



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет