Семинар сабақтарының тақырыптары



бет11/15
Дата12.02.2022
өлшемі42,01 Kb.
#25322
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Семинар тақырыптары

15- тапсырма. Очерк жазудағы автордың даралық шеберлігіне баға беріңіз. Жиын барысында талқыланатын тағы бір мәселе – мобилдік коммерция, абоненттің жеке есепшоты арқылы төлем жасау жүйесін құру. Қазіргі таңда өзге елдерде  қолыңыздағы ұялы телефон арқылы ақша аударуға мүмкіндік болса, Қазақстанда әзірге ондай қызмет көрсететін жүйе жоқ. Ұялы телефоннан ақша аудару, төлем жасау қызметін қолында смартфоны бар адамдар ғана пайдалана алады. Ал ұялы телефондар нарығындағы смарнтфондардың үлесі бар-жоғы 15-ақ пайыз екен. Сондықтан мобилдік төлемнің дамуына мүдделі байланыс операторларының өкілдері Қазақстанға халықтың қалтасы көтеретін смартфондарды әкелу керек деп пайымдайды. Бағасы 100 доллардан аспайтың үнді мен қытайдың смартфондарын әкелу туралы әңгіме көтеріліп жүр. Елімізге белгілі байланыс операторының PR-директоры Алексей Бендзь операторлардың жеке есепшоттарын пайдалана отырып, ақша аударуға болады деп пайымдайды. Ресей мен Бангладешті мысалға келтірген маманның айтуынша, ол жақтарда ұялы телефондар арқылы ақша аудару бір жүйеге түсіп қойған. Мәселен, Ресейде өз есепшотыңыздан 500 АҚШ долларына дейін ашқа аударуға мүмкіндік бар. Ал Бангладеш тұрғындарына бұл қызмет ыңғайлылығы мен төлейтін комиссиясының аздығымен ұнаған. Отандық байланыс операторлары осындай қызметті ендіру бағытында жұмыс жасап жатқан көрінеді.

–Ұялы байланыстың кеңінен таралуы себепті, мобилдік коммерция соңғы 3-4 жылда өте жақсы дамып жатыр. Жаңа технологиялар мен ұялы телефондарға арналған қосымшаларды енгізу қарқынды жүруде. Халық пен кәсіпкерлердің осы салаға деген үлкен қызығушылығына байланысты, мемлекетпен диалог барысында олардың мүддесін қорғау мәселесі туындады. Осы мақсатта Қазақстанның интернет-бизнесі мен мобилдік коммерциясы қауымдастығы құрылды. Ол осы нарық қатысушыларының құқығын қорғаумен қатар, олардың рейтингін анықтап, дамуына ықпал жасайтын шаралар ұйымдастырамыз,– дейді Қазақстанның интернет-бизнесі мен мобилдік коммерциясы қауымдастығы төрағасы Бахтияр Мұхамедиев.(Мобильді төмелдер жүйесі: бүгіні мен болашағы,Үмітжан Жапар)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет