17-тапсырма. Өзіңіздің жеке фирмаңыз бар деп ойлаңыз.Фирмалардың жәрмеңкесі болып жатыр деп елестетіңіз: 1. Фирмаңыздың атын ойлап тауып, жұмыс бағытын анықтаңыз;
2. Құрбы-құрдастарыңызға фирмаңыздың тұсау кесерін жасаңыз.
3. Фирмаңызды жарнамалау мәтінін құрастырыңыз.Ең сәтті шыққан фирманы анықтаңыз.
4. Өзге фирмалармен келісім-шартқа отырыңыз.
5. Өз фирмаңызға жұмысқа қабылдауға қатысты сауалнама жасап, әңгіме жүргізіңіз.
6. Өз қарамағыңыздағы қызметкерлердің жеке құрамы бойынша ережелерді мына құрылым бойынша толтырыңыз:
-''Жалпы ережелер'';
-Жұмысқа алу;
-Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты;
-Еңбек демалысы;
-Іссапар және ауыстыру;
-Еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру және өтемақы төлеу;
-Мадақтау және жазалау шаралары;
- Қызметтен босату.