Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


-семинар  Семинар сабағының тақырыбы: Темперамент және тұлғаның іс-әрекет ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
13-семинар 
Семинар сабағының тақырыбы: Темперамент және тұлғаның іс-әрекет ерекшеліктері. 
Сабақ жоспары: 
1. Темперамент-жеке тұлға құрылымы 
2. Темперамент жайлы теориялар 
3. Темпераменттің негізгі түрлері
Сабақ мақсаты:
Студенттердің темперамент туралы білімдерін практикалық ӛмірмен 
ұштастырып дамыту. 
Сабақ түрі:
жаңа түсінікті қалыптастыру сабағы 
Темперамент – тек ӛкілінің психикалық белсенділігінен кӛрінетін психодинамикалық 
қасиеттерінің бірлігі, яғни психикалық жауап әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, 
қарқыны. Темперамент индивидтің барлық психикалық кӛріністеріне рең беріп отырады, ол 
эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сӛздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. 
Темпераменттің тӛрт типі бар. 
Холерик темпераменті.
Бұл типтің ӛкілі аса қозғыштығымен соған орай мінез-
құлқының ұшқалақтығымен кӛзге түседі. Холерик қарым-қатынаста күйгелек, бір беткей
шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте пысық темперамент.
Сангвиник темпераменті.
Бұл темпераменттің ӛкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер 
адам деп сипаттайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде 
болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Флегматик темпераменті.
Бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды, бір қалыпты, 
табанды және тӛзімді, еңбекқор адам. Нерв процестерінің тепе - теңдігі мен баяулығы 
флегматикке қандай жағдайда болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. 
Меланхолик темпераменті.
Бұл типтің ӛкілдері аса сезімтал, соның салдарынан жаны 
тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайдан жол тауып шығуға олақ, 
адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қатты қорқады. 


Табиғатта екі бірдей адамды, жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға 
ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір-біріне ұқсас болып келуі 
мүмкін. Адамдардың даралық — психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады. 
Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетін психологиялық қасиеттер темпераменттің 
қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа біткен және 
даралық-ӛзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап, темпераменттің 
тӛрт түрін кездестіре аламыз: сангвиникалық, флегматикалық, холерикалық және 
меланхоликалық. 
Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының 
кӛрнекті ӛкілі Гиппократ (б.з.д. V ғ) және оның шәкірттерінің айтуынша, адам ағзасының 
жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың сандық 
арақатынасына байланысты (қан, шырын, ӛт). Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы 
грекше "красис" деп аталады. Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істеген бұл 
ұғымды латынша temperamentum деп атады, кейін келіп "темперамент" термині шықты. 
Белгілі адам анатомы және дәрігері б.з.д. II ғ. ӛмір сүрген Гален алғаш рет темпераментті 
жан-жақты жіктей отырып, сипаттама берді. Ол темпераменттің санын 13-ке дейін жеткізді. 
Кейіннен бұл темпераменттің саны тӛртеуге дейін жинақталды. Олардың әрқайсысы белгілі 
бір сұйық заттың басымдығына қарай сипатталды. 
Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса, сангвиникалық 
темперамент деп аталды (латын сӛзі "сангвик" - қан); сұйық заттардың бірігуінде шырынның 
пропорциясы басым болса, флегматикалык темперамент деп аталады (грек сӛзі "флегма" — 
сӛл); сары ӛттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады (грек сӛзі 
"холэ"-сары ӛт); қара ӛттің пропорциясы басым болса, меланхоликалық темперамент деп 
аталады (грек сӛзі "мелайна холэ" - қара ӛт) 
Біздер күнделікті жағдайда үлкендер мен балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін 
бақылай отырып, сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап беруі; кӛңіл-күйінің ӛзгеруі; 
сезіміндегі болатын ӛзгерістерден әрбір адамның жеке тұлға ретінде ерекше даралық 
ерекшеліктеріне кӛңіл аударуға болады. Бір адам тез әрекетке енетін шапшаң, ӛте қозғалғыш, 
сезімі тез ӛзгеріске ұшырайды. Жұмыста, еңбекте, оқуда және ойында белсенді. 
Кейбіреулері, керісінше, салмақты, сабырлы, ӛте баяу әрекетке енеді, сезімдері әлсіз, 
сырттай байқалмайды. 
Темперамент — дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын 
анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. 
Темпераменттің қасиеттерін мінез-құлықтың қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен 
шатастыруға болмайды. 
Темпераментті анықтайтын тӛмендегідей негізгі қасиеттерін атап ӛткен жӛн: 
— адамның психикалық іс-әрекетінің және құлқының жалпы белсенділігі әрекет етуге 
ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және ӛзгерту, әртүрлі іс-әрекетте 
ӛзін кӛрсете білуде аңғарылады. Жалпы белсенділік әртүрлі адамдарда әртүрлі аңғарылады. 
— қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік-қозғалыс аппаратының белсенділік 
жағдайын кӛрсетеді. Адамның бұлшық ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында, күшінде, 
тездігінде аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында (немесе ұстамдылығында),
сӛзшеңдігінде (немесе үндемейтіндігінде) байқалады. 
— эмоциялық белсенділігі эмоциялық кӛңіл-күйінде (эмоциялық әрекеттерге 
әсерленгіштік), эмоциялық қозғалғыштығында (кӛңіл-күйінің тез ӛзгеріп отыруы) т.б. 
кӛрінеді. 
Темперамент адамның іс-әрекетіңде, мінез-құлқында және қылықтарында аңғарылады 
және сыртқы пішінінен байқалады. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің 
кейбір қасиеттері туралы айтуға болады. 
Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын 
анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады. Басқаша айтқанда, психикалық іс-әрекеттің 
іске асу сипаты темпераментке байланысты, атап айтқанда: 


1) психикалық үрдістердің пайда болу жылдамдығы және оның тұрақтылығы (мысалы, 
қабылдау жылдамдығы, ойдың ұшкырлығы, зейіннің шоғырлануының ұзақтығы); 
2) психикалық үрдістердің қарқындылығы (мысалы, эмоцияның күші, еріктің белсенділігі); 
3) психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нысандарға бағыттылығы (адамның жаңа адамдармен 
қарым-қатынаста болуға ұмтылуы, адамның ӛзіне-ӛзі, ӛз идеалдары мен образдарына 
бағытталуы). 
Осының барлығы, бірақ та, темпераментті толық сипаттау үшін әлі де жеткіліксіз, 
себебі психикалық іс-әрекеттің динамикасы басқа жағдайларға, мысалы, түрткілер мен 
психикалық жағдайларға байланысты. Кез-келген адамда ӛмірінде кездесетін қуанышты 
оқиға жан дүниесі мен тән дүниесін, күш-жігерін арттыра түседі, ал, керісінше, қайғылы 
жағдай оның кӛңіл-күйінің түсуіне себепші болады. Мысалы, студент сынақ немесе емтихан 
тапсырар алдында жүрексінеді, сонымен қатар практикант педагогикалық тәжірибе кезінде 
мектепте алғаш рет сабақ бергенде қатты қиналып, ерекше қобалжу жағдайында болады. Бұл 
жағдай темпераменттің қасиетіне байланысты. 
Темпераменттің қасиеті адамның басқа психикалық ерекшеліктерімен салыстырғанда ерекше 
тұрақты және әруақытта да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет