Сериясы №3 (26), 2011 ж


ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ҮДЕМЕЛІ ДАМЫҒАН ЕЛ



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата27.03.2017
өлшемі0,8 Mb.
#10434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ҮДЕМЕЛІ ДАМЫҒАН ЕЛ.

Т.З. Төлегенов

Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы

Тұрақтылық пен жаңарудан өркендеуге қазірдің өзінде көп нәрселерге қол жеткізген   Қазақстан

алдына үлкен стратегиялық  міндет қойып отыр. Ол таяудағы  жылдарда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге

барынша   қабілетті   елу   елдің   қатарына   шығару   стратегиялық   міндеті   болмақ.   Бұл   стратегияның

негізінде  ұлттық  тауарлар  мен  қызметтердің  бәсекеге  қабілеттілігін арттыру  есебінен  Қазақстанның

халықаралық   рыноктарға   шығуы   үшін   өңірлік   және   жаһандық   экономиканың   артықшылықтарын

пайдалану алынған. Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына

негізделеді.

Алдағы жылдардың да жасампаздыққа толы екендігін, халқымыз үлкен ізденістерге бара жатқан

жолы   да   Қазақстан   Республикасының   Президенті   Н.Ә.Назарбаев   тұжырымдап,   Парламент

палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінен нақты көрінді. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үкіметтің алдында әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына

қосылу үшін бірқатар міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді. Ол экономиканы жаңарту,  оған серпінді

сипат   беру,   жедел   экономикалық   даму   мен   серпінділікті   қамтамасыз   ету,   экономикамыз   еліміздің

дамуына қолдау көрсетіп , осы заманғы әлеуметтік саясат жүргізу, демократия мен қоғамның саяси

жаңарту, ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мен еліміздің сыртқы саясатынан туындайтын басымдықтар

болып табылады. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет

көшіндегі орнын ілгерілете  түсті.  

Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады.

Осы   тұрақты   экономикалық   өсу   жолымен   Қазақстан   одан   әрі   қарай   алға   жылжи   береді.   Орташа

мерзімді   бағдарламаға   сәйкес,   Үкімет   қызметінің   стратегиялық   мақсаты   еліміздің   Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың маңызды бастамасын жүзеге асыру – әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің

қатарына кіру болып табылады. Осы ретте Үкіметте елдің бәсекеге қабілеттігі деңгейіне, экономиканың

тиісті салаларының тәуекелдік бағасына ықпал ететін барлық факторларға жан-жақты талдау жасады.

Үкіметтің   күш-жігері,   бәрінен   бұрын,   өндірістің   артуын   ынталандыруға   және   экономиканың

құрылымын   жақсартуға   бағытталған.   Бұл   қағидатты   мәселе,   өйткені,   тек   экономикалық   қарым-

қатынастар жүйесін реформалау арқылы мемлекеттің тұрақты жоғары бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз

ету   болып   табылады.   Еліміздің   2030   жылға   дейінгі   стратегиялық   даму   бағдарламасын   көздейтін

міндеттер елдегі еңбек ұжымдары алдында өздерінің болашақ өрлеу жолдарына түбегейлі түзету, енгізу

мәселелерін қойып отыр. Мемлекеттік экономикалық өрлеу бағдарламасының түпкі мақсаты  халықтың

әл-ауқатын   арттыру  бұл   саясаттағы   атам   заманнан   келе   жатқан   қоғамдық   қағида   екендігі   бәрімізге

мәлім. Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының

әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға

шығып, сенімді орнығуға  міндеттіміз. Бұл жолда  Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі

әлемнің   озық   мемлекеттерінің   жетістіктерін   өзімізде   іске   асыра   отырып:біріншіден,  қандай   да   бір

табыстарға   қолымыз   жетіп   үлгерген   секторларды  жаңғырта   жаңарту   қарқынын   жеделдете   түсуіміз

қажет;  Екіншіден,  жаңғырта жаңартуды  ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік

өмірінің   барлық   салаларына   тарату   керек.   Сондықтан   да   Қазақстан   өткен   жылдың   өзінде  жалпы

қазақстандық   жобаны  тұжырымдап,   оны   іске   асыруды   қолға   алған   болатын.  Бұл   –   біздің   әлемнің

бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты

мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту болып табылады. Және мұның қажетті шарты –

Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы

болып саналады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Ол үшін бізге экономиканың барлық деңгейінде – бүгінгі де, сол

секілді  ықтимал   мүмкін   болатын   нақты   да   перспективалы   бәсекелестік   артықшылықтарымызды

қажеттілікпен әрі сарабдалдықпен анықтауға және пайдалануға тура келіп отыр. Жүйелілік – біздің осы

заманғы   әлемде   алға   жедел   жылжуымыздың   басты   қағидасы,   міне,   осы.  Бұл   үшін   бізде   барлық

алғышарттар   бар  деді,   Елбасы   Н.Ә.Назарбаев.  Біздің   иелігімізде:   орасан   зор   аумақ;   ұтымды

географиялық   және   коммуникациялық-көліктік   орналасуымыз;   елеулі   табиғи   ресурстарымыз   бар.

Қазақстан өңірлік экономикада көшбасшылық шептерге шықты, халықаралық 

22


әріптестерімен сындарлы қатынастар орнатты, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қол

жеткізді.   Қазақстан   Республикасының     Президенті     Н.Ә.Назарбаев     әлемдегі   бәсекеге   қабілетті   елу

мемлекеттің қатарына қосылу үшін бірнеше басым бағыттарды ұсынды. Солардың ішінде ислам дінінің

бес парызын ұстануға барынша дамытуға, бүгінгі таңда өскелең ұрпақтарымызды имандылық негізінде

тәрбиелеуге   президентіміз  баса   назар  аударған.   Біздің  еліміз   нарықтық  экономика,   азаматтық   қоғам

және   белсенді   саяси   өмір   саласында   Орталық   Азияға   үлгі   болуда.   Әлемнің   ірі   саясаткерлері

республикадағы жетістіктерді айта отырып,   Қазақстанның   мұндай   табысы Елбасы Н.Ә.Назарбаев

жүргізіп отырған көреген басшылыққа, болашақты болжай білген сарабдал саясатқа тікелей қатысты,

Президент   Н.Ә.Назарбаев   нақты   міндет   қойды.     Қазақстан     әлемнің     неғұрлым   дамыған   елу  елдің

қатарына енуі тиіс. Бұл үшін елге жаңа даму стратегиясы қажет. Мұнның өзі кездейсоқ емес, өйткені

бағдарламалық   құжатта   ішкі әлеуметтік бағдардағы саясаттың басымдылықтарымен қатар, әлемдік

шаруашылық   жүйесінде   лайықты   орын   алуға     ұмтылып   отырған,   бәсекелестікке   қабілетті

демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан бұдан былайғы орнығуының іргелі бағыттары зор. Осы

серпілістің   арқасында   Қазақстан   өз   өңірінде   халықаралық   қатынастар   жолында   беделді   орын   алып

отыр.   Мемлекет   басшысының   Қазақстанды   таяу   жылдарда   дүниежүзінде   дамыған   ең   қуатты   елу

мемлекеттің   қатарына   қосу   жөніндегі   стратегиялық   мақсаты   халқымыздың   білімді   де   білікті   және

ұлттық намыспен, елдік пейілмен еңбек етуіне жетелейтіні анық. Өйкені, бұл асқарлы міндет ұлттық

идеямыз, өміршең саясаттың өнеге жолы. Қазақстанның әлемдегі экономикалық жағынан қуатты, саяси

жағынан сауатты, рухы күшті таңдаулы ел болу жолындағы алғашқы қадамы деп айтсақ та болады.

Жолдауда   даму   стратегиясы,   даму   жолдары,   даму   институты,   даму   қоры   туралы   мәселелер

қарастырылған,   оларды   ретімен   пайдаланудың   мақсаты   мен   тетіктері   ұсынылған.   Әрине   бәсекеге

қабілетті болу өмірдің өз талабы. Мұндай стратегия қалай солай ұсыныла қалмағаны белгілі. Өйткені

«жүйіріктен жүйірік озар жарыстырса» дейтіндей, осыған дейінгі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде

қалыптасуы   мен   дамуы   тактикалық   межелерімізді   жұптастыра   топтастыра   келе   қазіргі   жаңа

стратегиялық серпіліс жасауға жағдай туғызды деуімізге әбден болады. 

Қазақстанның дүниежүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі дегеніміз – бұл

қоғамның   дамуының   басты   кепілі   экономика   екенін   айтпағанның   өзінде   басым   түрде   өзінің   бет

бейнесін рухани өмірімізді білім мен ғылымды, мәдениет пен әдебиетті, спортты өрістетуден бастайды.

Елбасы   Н.Ә.Назарбаев   жолдаған     жолдауы   шын   мәнінде   мемлекеттің   алдағы   көптеген   жылдарға

өркендеуін   айқындайын   бағдарламалық   меже.   Бұл   жолдаудың   құндылығы   еліміздің   дамуын   жаңа

кезеңдерге бағыттай отырып, ірі жобаларды жүзеге асыруға нақтылы да дәлме-дәл жөн сілтегендігінде.

Дүниедегі озыңқы дамыған елу елдің қатарына ену стратегиясын мемлекетіміздің басшысы «ұлттың

ұлы идеясы» деп атайды. Ал ұлы идеяны ұстанудың өзі ұлтымызды ұлы істерге жігерлендіретіні сөзсіз.

Сондықтанда ұлы істерді жүзеге асыру, алда қойылып отырған мақсаттар мен міндеттерді мүлтіксіз

орындау Отанымыздың азаматтарын биік белестерге бір жағадан бас бір жеңнен қол шығаруға, жұмыла

да тындырымды істер атқаруға шақырады.  

Әлемнің   бәсекеге   неғұрлым   қабілетті   елдері   бүгінгі   таңда   белгілі   бір   қол   жеткен   табысқа

қарамастан жаңа технолгоиямен қызмет көрсетуді үзбей жетілдіру есебіне дамуда.  Мемлекет басшысы

Н.Ә.Назарбаев   еліміздің   алдында   Қазақстанды   әлемге   танытатын   шараларға   бағытталған   жаңа

міндеттер қойды. Мол мүмкіндікті байыптатқызды, әлеуметімізді салмақтатқызды. Байқасақ озық елу

елдің қатарына кіруге мүмкіндік те, әлеует те бар екен. Бас жоспар сызылды, атқарылуға тиіс жөн жоба

да   көрсетілді.   Ендеше   ел   болып   жауапкершілікті   сезініп,   тізе   қосып   бірігіп,   қойылған   міндеттерді

орындау бәрімізге сын.

Береке бірлігі мен ынтымағы жарасқан халықтын алмайтын асуы жоқ. Мұны туған Отанымыздың

гүлденуі   жолындағы   қажырлы   еңбегімізбен   дәлелдедік   делінген   «Қазақстан   өз   дамуындағы   жаңа

серпіліс жасау қарсаңында» атты жолдауда. Бұл жолдаудың ең бір ерекшелігі және аса маңыздылығы

тәуелсіз   Қазақстанның   әлемдегі   бәсекеге   барынша   қабілетті     елу   елдің   қатарына   кірудің   алдағы

жасалған стратегиялық бағарламасы екендігінде. Ал, барынша дамыған елу елдің қатарына ену жалған

ұран   емес   екенің   тәуелсіздікке   қол   жеткізген   жетістіктер   дәлелдеп   отыр.       Қазақстанның   әлемнің

дамыған елу елінің қатарына енуі, яғни Бүкіләлемдік экономикалық форум сарапшыларының мұндай

шешімі еліміздегі тұрақтылықты халықаралық деңгейде мойындау болып табылмақ, ал, ол дегеніміз –

Қазақстан  эканомикасының дамып келе жатқан салаларына шетелдік инвестицияларды тікелей тартуға

мүмкіндік   туады   деген   сөз.   Соңғы   жылдардағы   Қазақстанның   тұрақты   түрдегі   даму   тәжірибесін

ескерсек, жаңа стратегиялық мақсаты эканомикалық жағынан нақты 

23


орындалатын міндеттер ендігі айқын, өйткені ол жалаң жерден туа салған мақсат емес, мемлекетіміздің

2030 жылға дейінгі даму принциптерінің негізінде жасалып отыр.

Соңғы   20   жыл   бойында   елдің,   ұлттың,   экономиканың   бәсекеге   қабілеттілік   тұжырымдамасы

экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай

қалыптастырып жатқандығын көрсетіп отыр. Ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен

ғана   емес,   экономикалық   маңызы   бар   саяси   үрдістердің   салдары   болып   отыр.   Елдің   бәсекеге

қабілеттілік   индикаторы   бірінші   кезекте   азаматтардың   өмір   сүру  деңгейі   мен   сапасының   көтерілуі,

тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы елде заңдардың сақталу деңгейі және т.б. болып табылады.

Яғни, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстарды

пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары болады. 

Өз уақытында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі үш факторы –

табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капиталға байланысты болады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі –

бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатысуы, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту

және ұстап тұру,  әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі. Саланың бәсекеге қабілеттілігі нақты

тұтынушылар тобының талаптарын қанағаттандыру үшін, жоғары сапалы өнімді өндіру мен өткізуді

(жалпы   ұлттық   шығындардан   төмен)   қамтамасыз   ететін   техникалық,   экономикалық   және

ұйымдастырушылық жағдайдың болуымен сипатта. Егер дамыған елдердің санына келетін болсақ, ең

алдыңғы қатарлы сегіз ел бар. Бұл АҚШ, Германия, Жапония елдері және т.б. Бұл елдердің экономикасы

өте жоғары дамыған және жалпы ұлттық өнім жан басына шаққанда ең көп дәрежеде. Өзі дүниежүзінің

экономикалық   дамуына   қарай   бірінші,   екінші,   үшінші   елдер   болып   бөлінеді.   Үшінші   елге   келетін

болсақ, ол артта қалған елдер. Екіншілерінің қатарындағылар орта дәрежедегі елдер. Ал бірінші елдерге

жоғарыда айтқан дамыған сегіз ел кіреді. Экономиканың өсу деңгейіне қарай бұлардың қатары өзгеріп

отырады. Қазақстан 50 елдің қатарына қосылса ең артта қалған үшінші ел деген аттан құтылар еді.

Яғни, қарқынды дамып, жылдан-жылға  жаңа асуларға көтеріліп, өркендеп келе жатқан еліміздің ендігі

тұста,   бүгінгі   белеске   байыппен,   байсалдылықпен,   ең   бастысы   заман   талабына   сай   қазіргі   әлемдік

өркениет   сұраныстарына   сай   келетін   шешімдер   іздестіру  мақсатында   осы   саладағы   бірнеше   басты

міндеттерді атап көрсеткен болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін

осы заманғы білім беру жүйесі қажет екендігін қадап айтты. Осы міндеттің ойдағыдай жүзеге асуына

жол ашатын, мүмкіндік беретін іс-шаралардың   бағыт-бағдарларын да топтап –топтап көрсетіп берді.

Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жолымыз – даңғыл жол. 

Түйін.


Бұл мақалада Қазақстан Республикасының әлемдегі тұрақты және үдемелі даму жолына сипаттама

берілген.

Резюме.

В этой статье автор затрагивает вопросы устойчивого и инновационного развития Казахстана в



современном мире и дает анализ этому процессу.

Summary.


In this article the author addresses issues of sustainable and innovative development of Kazakhstan in the

world today and provides an analysis of this process

24


ӘОЖ: 94: 336 (574)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

МЕН КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАСАҚТАЛУ ТАРИХЫНАН

Р. Р. Оспанова – 

тар.ғыл.к., Абай атындағы ҚазҰПУ – дың доценті

Сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі мынадай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды.

Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын танытуымыз, екіншіден, Қазақстанды халықаралық

дәрежеде мойындатып, оның кауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет болды.

Үшіншіден, әлемдік әлемдік деңгейде халықаралық қатынас жүргізу мен экономикалық байланыстарға

белсене   араласуымыз   қажет   болды.   Бұл   міндеттерді   жүзеге   асыруда,   әрине,   Президент   Нұрсұлтан

Назарбаевтың еңбегі аса зор. Осы негізде  сыртқы қарым-қатынастарды реттейтін мемлекеттік Сыртқы

Істер Министрлігін тәуелсіз мемлекетке тән деңгейде қайта жасақтап құру  мәселесі мемлекет алдында

тұрды.  Өйткені Кеңес Одағы кезеңінде Қазақстанда  бұл мекеме Кеңес Одағының  сыртқы байланыстар

мен мәдениет Министрлігінің  құрамдас бөлгі қызметін атқарды. 

Кеңестік дәуірдің 80-90 жылдары  Қазақстанның республикадан  шеткері  тұрақты елшілігі  Кеңес

Одағының   Министрлер     Кеңесінің   қарамағындағы   Қазақ   ССР-ның   Министрлер   кеңесінің

өкілеттілігінде ғана болды. Оны Валерий  Темирбаев  басқарды.  1991 жылы  қыркүйекте  Қазақ  ССР-

ның   тұрақты өкілеттілігі   ашылды да оны басқару В. Темирбаевқа жүктеліп, оның басшылығындағы

өкілеттілікті басқару Қанат Саудабевқа берілді.

1989  жылдан Қазақ ССР-ның Сыртқы Істер Министрі қызметін атқарған Арыстанбекова Ақмарал

1991   жылдың   желтоқсан   айына   дейін   осы   қызметті   атқарды.   Оның   орынбасары   қызметін     Сайлау

Батырханұлы   атқарды.   Осы   кезеңде     республикада     Сыртқы   экономикалық     байланыстар     жөнінде

комитет құрылды.   Бұл мекемеге   Сыздық Абишев басшылық жасады. 1991 жылы   желтоқсан айына

дейін  яғни еліміз тәуелсіздік алғанға дейін  еліміздің  сыртқы саяси  басқармасының басшылық құрамы

осындай деңгейде еді  1 . 

 


Мемлекет алдында біріншіден, жұмысқа бейімделген орган құру және Сыртқы істер министрлігінің

құқықтық негізін қалау негізге алына бастады. Сөйтіп 1992 жылдың 2 шілдесінде Елбасы Сыртқы істер

министрлігі   жөніндегі   ережені   бекіту   жөнінде   жарлыққа   қол   қойды.   Бұл   бұрынғы   министрлікті

жетілдіре, тәуелсіздік жағдайына бейімдеп жұмыс істеуге бағытталды. Одан кейін елшіліктер жөнінде

заң   бекіді.   Осындай   ұйымдастыру   шараларымен   қатар   Сыртқы   Істер   Министрлігі   сыртқы   саясат

концепциясын дайындауға кірісті. Басты мақсат – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік реформаларды

жүргізуге сыртқы жағдай туғызып, халықаралық ұйымдардың оны қолдауын қамтамасыз ету болатын.

Сол концепция бойынша біздің сыртқы саясат көп векторлы бағытқа негізделді.

Ал   Тәуелсіздік   алған   тарихи   кезеңге   Қазақстан   сарабдал,   әрі   көреген   саясаткер   Нұрсұлтан

Назарбаевтың   басшылығымен   қадам   басты.   Н.Назарбаев   әу   бастан-ақ   Қазақстанның   сыртқы   саяси

бағдары ашық нарықтық экономика мен демократиялық саяси жүйеге, ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық

келісімге   негізделеді   деп   айқындады.   Біздің   сыртқы   саясатымыз   жалпыға   бірдей   қауіпсіздік   пен

тұрақтылықты   нығайтып,   өзара   тиімді   ықпалдастықты   дамытуды   көздейді.   Қазақстандық

дипломатияның   негізгі   қағидалары   өзгеріссіз   қала   береді.   Олар   –   белсенділік,   теңгерімділік,

прагматизм,   сындарлы   диалог   және   көпжақты   ынтымақтастық.   1991   жылы   желтоқсанның  16-сында

тәуелсіздік   алғаннан   кейінгі   Нұрсұлтан   Назарбаевтың   алғашқы   шешімдерінің   бірі   сыртқы   істер

министріне   Төлеутай   Сүлейменовты   тағайындау   туралы   жарлық   болды.   Сонымен   1991   жылы

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы» заң қабылданғаннан кейінгі 4 күн өткеннен кейін

Қазақстан Республикасының  Сыртқы Істер  Министрі  болып  Төлеутай Сүлейменов тағайындалды. Ол

Дипломатиялық академияда білім алған, маманданған дипломат және Кеңес Одағы кезеңінде  Ирандағы

елшілікте кеңесші қызметін атқарған. Сонымен қатар Сыртқы Істер Министрлігін жасақтау барысында

Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы кезеңде Мәскеуде КСРО-ның Сыртқы Істер Министрлігі орталық

аппаратында   қызмет   атқарған   Сәлім   Құрманғожин   маман   ретінде   елге   шақырылды.   Қазақстан

Республикасының Сыртқы Істер Министрінің  бірінші орынбасары болып және Кеңес Одағында Түркия

мен Эфиопия елдеріндегі елшілікте қызмет атқарған  Салим Құрманғожин тағайындалды. Ол тәуелсіз

еліміздің Сыртқы Істер Минстрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Сәлім Құрманғожин

жаңа жұмысқа белсенді қарқынмен кірісті. Сонымен

25


қатар   Сыртқы   Істер   Министрінің   бірінші   орынбасары   қызметін   КСРО-ның   Қытайдағы   елшілігінде

қызмет атқарған Қасымжомарт Тоқаевқа тапсырылды. Құрылған жаңа мемлекеттік өкілетті мекеменің

алдында тұрған міндеттердің бірі «технологиялық» мәселелер – алғашқы материалдық   базаны құру,

министрліктің  құрылымы және  кадрлық мәселелерді жабдықтау еді  1 . Әрине алғашында  бұл салада

 

маманданған іскер қызметкерлер  жоқтың қасы еді. Дипломатия, әрине, маңызды сала. Бізде дипломатия



саласының мамандары елімізде  тәуелсіздік алған алғашқы жылдары  жоқтың қасы еді. Кеңес одағының

кезінде   Қазақстанда   дипломаттар   даярланбайтын.   Бірен-сараны   Мәскеудегі,   Петербордағы   оқу

орындарында,   айталық,   Мәскеудің   халықаралық   қатынастар   институтында,   Мәскеу   мемлекеттік

университеті жанындағы оқытылды. Немесе Сыртқы істер министрлігі жанындағы жоғарғы дипломатия

академиясында тәлім алды. Онда ұлттық кадр есебінде Қазақстанның да өкілдері оқыды. Бертін келе

олар Сыртқы істер министрлігінде, шетелдердегі елшіліктерде қызмет істеді. Бірталайы кейін қайтты,

енді біразы тәуелсіз Қазақстанның саясатына бейімделіп жұмыс істей бастады. Ең алдымен Болатхан

Тайжан оралады. Егемендік алғанға дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін басқарған Михаил

Исиналиев, Бағдат Әміреев, Сәлім Құрманғожиндар еді. Қазақ КСР-ы кезінде де елімізде Сыртқы Істер

Министрлігі болды  

2. Ол жерде жиырма шақты ғана адам жұмыс істеді. Олардың жұмысы ара-тұра

келетін   мәдени   делегацияларды   қабылдап   алып,   шығарып   салумен   ғана   шектелді.   Яғни   еліміз

тәуелсіздік     алғанға   дейінгі     кезеңде   Сыртқы   Істер   Министрлігі   Кеңес   Одағының   Сыртқы   Істер

Министрлігі   Орталық   басқармасы   тарапынан   жүйелі   құрамдас   бөлік   ретінде     қызмет   атқарған.

Жоғарыда   аталған   мамандармен   қатар   12   жоғары   сапалы   Кеңес   Одағының   Сыртқы   Істер

Министрлігінде   ұзақ   жылдар   жұмыс   атқарған   қазақстандық   дипломаттар   елге   келді.   Осы   келген

мамандар   Қазақ   КСР-нің   Сыртқы   Істер   Министрлігінің   негізгі   құрамында   қызмет   атқарған.   Сол

кезеңдегі   сырқы  саяси  ведомстволық   мәселелерінің  ұйымдастырылуы   мен  шешілуін  сонымен  қатар

еліміздің   дипломатиялық   қарым-қатынасының   халықаралық   аренаға   шығуын   қамтамасыз   етуде   мол

қызмет атқарды. Осы мамандардың келуімен тәуелсіз елдің басты атрибудтарының бірі – сыртқы саяси

жүйе және өзіндік жеке елге тән дипломатиялық қызмет қалыптасты. Өте қысқа мерзімде Қазақстан

дипломаттары   шетелдерден   және   орталық   аппаратта   қызмет   атқарған   ел   азаматтары   қатарынан

шақырыла   бастады.   Олар  Қазақстан   Республикасының   Сыртқы   Істер  Минстрлігінің   бөлімшелерінің

басшылары қызметін атқарды. Ел тәуелсіздігін алған алғашқы кезеңде үздіксіз шетел делегацияларымен

кездесулер   өткізілді.   Сыртқы   Істер   Минстрлігі   ҚР   президентінің   әкімшілігі   мен   тығыз   байланыста

жұмыс істеді. Сыртқы Істер Минстрлігінің қызметкерлері шұғыл жағдайда Қазақстанмен оның саяси-

экономикалық   жағдайы,   елді   басқару   жөнінде   ақпараттар   дайындады.   Қазақ   ССР-ның     негізіндегі

отандық  кадрлық құрам жаңа мақсатты тәуелсіз мемлекеттің талаптарына жауап бере алмайтындығы

айқын   еді.   Сыртқы   Істер   Министрлігінің   ішкі   саласындағы   бөлімдерін     Ресейде   Сыртқы   Істер

Министрлігінде   қызмет   атқарған     қазақстандықтар     Вячеслав   Гизаттов,   Болат   Нургалиев,   Нұрлан

Даненов және Ибрагим  Амангалиевтар басқарды.  Құқықтық келісім бөлімін КСРО-ның  Сыртқы Істер

Академиясынан келген  Асқар Шакиров, ал  дипломатиялық  өкілеттілік  жұмыстар жөніндегі  бөлімді

Уәлихан  Конурбаев басқарды 

3 . 


 Сыртқы Істер Минстрлігі құрылғаннан кейін жеке тәуелсіз елге тән дипломатиялық академия құру

туралы   мәселе   қозғалды.   Содан   кейінгі   жылдары   елімізде   Сыртқы   істер   Министрлігін     жасақтау

барысындағы негізгі саланы меңгерген мамандардың көпшілігі МГУ-де, МГИМО-да білім алғандықтан

тәуелсіз   Қазақстанға   тән   дипломатиялық   қарым-қатынас   орнатуда   өзіндік   ерекшеліктерін   меңгеру

қажеттілігінен және бір бағыттық мақсатта арнайы қазақ еліне тән халықаралық қатынастарды реттеу

дайындығы жылдар бойы қалыптаспағандықтан арнайы мамандар дайындау барысында дипломатиялық

академия ашылды. Қазіргі кезеңдегі мемлекетіміздің белді   үкімет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев,

Қанат   Саудабаев,   Төлеутай   Сүлейменов,   Ерлан   Ыдырысов   Сыртқы   Істер   Министрлігінің   Тәуелсіз

Қазақстан деңгейінде  қалыптасып, дамуында үлкен үлес қосты. 

1992 жылдың аяқ кезеңінде тәуелсіз елімізді әлемнің жүзден аса елдері мойындады. Тәуелсіздік

алған алғашқы жылдардан бастап «Дипломатиялық қызмет жөніндегі» заң жобасы бойынша жұмыс

жасалды.   Осы 1992 жылы   Қазақстанның алғашқы   елшілері тағайындалды. Осындай ұйымдастыру

жұмыстарынан кейін   Қазақстанның   Сыртқы Істер Министрлігінің қызметі жасақталып,   мемлекет

үшін   маңызды елдермен халықаралық деңгейдегі дербес қарым – қатынасқа қол жеткізілді. Кадрлық

жасақталу   мәселесі   де   алға   қойыла   бастады.   1993   жылы   яғни   алғашқы   кезеңде   19   қазақстандық

елшінің  төртеуі арнайы маманданған дипломат еді. Олар: С. Батыршаұлы, Б. Тайжан, С. Құрманғожин,

И.   Амангалиев.     Алғашқы   тәуелсіз   Қазақстан   елшілеріне   шет  елдерде   Қазақстан   дипломатиясының

құрылымын жасақтау мақсаты тұрды. 1994 жылы сәуірде Тулеутай Сүлейменов Қазақстан Сыртқы 

26


Істер   министрі   қызметінен   ауысып,   АҚШ   –   қа   елші   қызметіне   тағайындалды.   Алғашқы   Тәуелсіз

Қазақстанда жасақталған сыртқы саяси ведомства басшылығының ауысқан кезеңінен бастап Қазақстан

Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің ұйымдастырылуы мен   қалыптасу   кезеңі аяқталып,

толық құрылымды құзыретті  мемлекеттік мекеме ртенде қалптасқан кезең  деп  түйн жасай аламыз. 

Тулеутай Сулейменовтен кейін Қазақстан Республикасының   Сыртқы Істер Министрі қызметіне

1994 жылы Қанат Саудабаев тағайындалады. 

Қанат Саудабаев Қазақстан тарихында елші қызметін атқарып, Министр ретінде тағайындалған

алғашқы тұлға. Ол аз уақыт осы ведомстваны басқарса да   сыртқы қарым-қатынастардың   дамуына

үлкен үлес қосты. 

1994 жылдың   қазан айынан бастап Сыртқы Істер Министрі қызметіне Қ.Тоқаев тағайындалды.

Қ.Тоқаев басқарған кезеңде сыртқы саяси ведомоствоның кәсіби деңгейге  көтерілген кезеңі деп бағалай

аламыз. Қ.Тоқаев   Сыртқы Істер қызметін атқарып тұрған кезеңде жаңа кезең мен тәуелсіз елге тән

дипломаттар дайындау мен тәрбилеуде қомақты кадрлық саясат жүргізді. Оның кезеңінде Н. Даненов

Сыртқы   Істер   Министрі     қызметін   атқарды.   Вице-министрлер   қызметін   Болат   Нұрғалиев   және

Владимир   Алесин   атқарды   (олар   Президент   аппараты   және   Орталық   комитет     қызметкерлері

лауазымында   болған).   1995   жылы     Министр   орынбасары   болып   Асқар   Шакиров   және   Икрам

Адырбеков   тағайындалды.   Осы кезеңде   И.  Адырбеков  Қазақстан Республикасының    Сыртқы  Істер

Министрлігінің  әкімшілік-шаруашылық  басқармасын да қоса  басқарды. Президенттің  сыртқы саясат

мәселелері бойынша  көмекшісі ретінде  Константин Жигалов орнына  Ерлан Идирисов  тағайындалды.

1996 жылдың аяғы мен 1997 жылдың бас кезінде Сыртқы Істер Министрлігінің қызметін жасақтауда

үлкен өзгерістер орын алды.

«СІМ   қызметкерлерінің   иығына   Қазақстан   Республикасының   беделін   нығайтуды,   халықаралық

проблемаларды шешуге белсене атсалысуды, әлемдік экономикалық жүйеге тең құқылы ықпалдастықты

мақсат еткен, еліміздің  сыртқы  саяси бағдарын дәл, әрі тиімді жүзеге асырудың зор жауапкершілігі

жүктелген»  4 ,-деп   Қазақстан   Республикасының     Сыртқы   Істер   Министрі   М.Тажин   осы   қызметтің

 


мемлекет   үшін   маңызын   сипаттағандай,   еліміздің   Сыртқы   Істер   Министрлігі   жасақталғаннан   кейін

оның алдында зор міндеттер тұрды. 

ҚР   СІМ-нің   ұйымдастырлуы   барысындағы   үрдіс   негізінде   ТМД     құрамындағы   және

мемлекеттермен     әріптестік   мемлкеттік   комитеті   құрылды   (Госкомитет   по   сотрудничеству   с

государствами – участниками СНГ). Оның төрағасы болып Қалық Абдуллаев тағайындалды. Қазақстан

Республикасы-ның   Сыртқы Істер Министрлігінің бірқатар   функциялары   осы мекемеге берілген еді.

Осы  1996  жылдың  аяғы  мен  1997  жылдың  бас   кезінде     ТМД    құрамындағы  және   мемлекеттермен

әріптестік   мемлекеттік комитеті өз өкілеттілігін Сыртқы Істер Министрлігі қарамағына қайта берді.

1997 жылы Қ. Тоқаев осындай жолдармен  ҚР СІМ-дегі  қызметі арқылы  Қазақстан Республикасының

сыртқы саясаттағы  негізгі және көшбасшылық қызметін сара жолға салды.  Одан кейінгі жылдары Е.

Идирисов   Қазақстан   Республикасының   Сыртқы   Істер   министрлігін   басқарды.   Вице-министр   болып

оның кезеңінде Әділ Ахметов тағайындалған еді.  

Сыртқы Істер Министрлігінде қызмет атқарып жатқан жас кадрлар   мамандардан тәжірибе алып,

қалыптаса бастады. Мамандар тапшылығының алдын алу үшін мемлекеттік комиссия құрылып, айына

екі рет мәжіліс өткізді. Оның төрағасы болып Сыртқы Істер Министрінің бірінші орынбасары Сәлім

Құрманғожин  тағайындалды.   Бұл  комиссия   құрамына   Қасым-Жомарт  Тоқаев,   Хайыр  Омаров,   Болат

Нұрғалиев және т.б. тәжірибелі дипломаттар болды. Комиссияның іріктеуі барысында 187 қызметкер

жұмысқа қабылданды. Осы қатары толыққанды қызметкерлер негізінде қазақ елінің жаңа Сыртқы Істер

Министрлігінің негізгі түп-нұсқасы қаланды. 

Сыртқы істер министрлігі аз уақыттың ішінде айтулы жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің сыртқы

саясат   стратегиясын   жүзеге   асырушы   бірден-бір   кәсіби   саяси   ведомство.     Ел   іргесінің   бүтіндігін  

сақтауға,   әлемнің   дамыған   мемлекеттерімен   жан-жақты   ынтымақтастық   орнатып,   әлемдік   саясат

сахнасында   лайықты   орнын   алуға   отандық   дипломаттардың   қосқан   үлесі   өте   зор.   Сыртқы   істер

министрлігі тәуелсіздік дәуіріне бар-жоғы он шақты ғана қызметкермен аяқ басқан болатын. Содан

беріде министрлік кәсіби қалыптасудың мамандар жетіспеушілігі секілді бастапқы проблемаларынан

алыс-жақын мемлекеттермен байланыс орнату, шетелдерде өкілдіктерімізді ашу, елімізді халықаралық

қоғамдастық  алдында  лайықты  қырынан  танытуға   дейінгі  қиын  да   күрделі   кезеңдерді  еңсере  білді.

Белсенді дипломатиялық қызметтің нәтижесінде халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан өзіне

лайықты орнын тауып, үлкен беделге ие болды. Бүгінгі Қазақ елін әлем негізді және ашық сыртқы 

27


саясаты бар мемлекет ретінде таниды. Әлемдік қоғамдастықтағы серіктестермен тең құқылы және өзара

тиімді   қатынастар   дамытуға   мүдделілік,   жаһандық   және   өңірлік   саясаттағы   сындарлы   да   табанды

ұстанымдар халықаралық аренада Қазақстан Республикасы туралы оң көзқарастар қалыптастырды.

Қазақстанның   Сыртқы   Істер   Министрлігі   жасақталып,   іске   кіріскеннен   кейін   шығыстағы   алып

көрші Қытайдың ірі қалаларында елшіліктер ашыла бастады. 1992 жылғы 3 қаңтарда  екі ел арасындағы

дипломатиялық  қатынастарды орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылғаннан бастап, ең биік

және   жоғары   дәрежедегі   өзара   сапарлар   басталды.   Елшілер   деңгейінде     дипломатиялық   қарым   –

қатынастарды орнату негізге алынды [5]. Осы негізде тәуелсіз Қазақстанның елшілігі ҚХР-да ашылды.

Қытай   еліндегі   еліміздің   алғашқы   елшісі   М.Әуезов   болып,   тағайындалып,   екі   жақты     қарым-

қатынастардың   дамуына   өте   үлкен   еңбек   сіңірді   [6].   Қ.Тоқаев   Сыртқы   Істер   Министрі   қызметін

атқарған кезеңінде Пекиндегі  Қазақстан елшісі  Мұрат Әуезов орнына  Қ.Сұлтанов  тағайындалған.  

1992 жылғы Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет жөніндегі»   заң жобасы 1997

жылы еліміздің парламенті тарапынан бекітіліп, осы жылдың қараша айының 12-ші жұлдызында ел

президенті   тарапынан     қол   қойылды.   Бұл   заң   жобасы   Қазақстанның   дипломатиялық   қызметі

тарихындағы алғашқы заңдарының бірі. Осы арқылы еліміздің дипломатиялық дамуы жаңа кезеңге өте

отырып, сыртқы саяси ведомстваның құқықтық негізі мен жұмыс ережелерін айқындады.

Елімізде   Сыртқы   Істер   Министрлігі   қалыптасқаннан   кейінгі   жылдары   оның   құзырындағы

елшіліктер   өз   жұмысын   жасақтау   барысында   шет   елдерде   консулдықтар   ашу   мәселесі   тұрды.

Консулдық   қызмет   тарихын   бастамас   бұрын   жалпы   консулдық   және   консул   этнониміне   ғылыми

тұжырымдарға тоқталу мәселенің зерттелу барысының теориялық негізіне өзек болары сөзсіз. Консул

басқа   мемлекетте   белгілі   бір   міндеттерді   (өз   мемлекеті   мен   оның   азаматтарының   зандық   және

экономикалық мүдделерін қорғау істерін) орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тағайындалған лауазымды

адам. Консулды тағайындаған мемлекет оған жеке  басын куәландыратын патент береді және ол өзі

қызметке   келген   мемлекеттің   рұқсатынан   (экзекватура)   кейін   ғана   міндетіне   кіріседі.   Консул

тағайындалған елінде өз мемлекетінің занды тұлғалары мен жекелеген азаматтарының экономикалық

және   құқықтық   мүдделерін   қорғайды,   төлқұжаттар   мен   кіру-шығу   рұқсатнамаларын   береді,

нотариалдық   қызметтер   және     т.б.   атқарады.   Консулдық     мекеме   басшылары   өздері   басқаратын

консулдықтың класына қарай   Бас Консул, Консул, вице-консул, консулдық агент болып 4-ке бөлінеді.

Қазақстан консулдық қызметкері өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан

Республикасы заңдарын, Үкімет қаулыларын, халықаралық конвенциялар мен келісімдерді, сондай-ақ

халықаралық   рәсімдерді   басшылыққа   алады.   Шет   ел   консулдарының   еліміздегі   қызметіне   кірісуіне

рұқсат   беру   тәртібі   және   олардың   құқықтары,   пайдаланатын   жеңілдіктері   мен   иммунитеттері

«Қазақстанда   аккредитацияланған   басқа   мемлекеттердің   дипломатиялық   және   консулдык   өкілдері

туралы ереже» бойынша жүзеге асырылады. Консул лауазымын негізінен Ежелгі Римде болған жоғарғы

мемлекеттік   лауазымдардың   бірі.   Консул   1   жылға,   алғашында   тек   аксүйектерден   ғана   (патриций)

сайланған.   Кейін   ақсүйектер   мен   кедейлердің   күресі   нәтижесінде   плебейлер   де   Консулға   сайлана

алатын   болған.   Консулдар   жоғарғы   азаматтық   және   әскери   үкіметті   өз   қолдарында   ұстады.   Орта

ғасырларда (ХІ ғ.) Батыс Еуропада консулдар институты қайта пайда болып, ХІХ ғасырда бірте-бірте

жойылып кетті. Онда Консулдар, негізінен, ақсүйектер мен бай көпестер арасынан сайланып, өкімет,

қаржы, сот, ішінара заң шығару билігін өз қолдарында ұстады. Қазіргі заманда 1963 жылы 24 сәуірде

Вена  (Австрия)  қаласында  қабылданған «Консулдық  қызмет туралы» Вена   конвенциясына» сүйеніп

жүзеге асып келеді. Онда «Халықаралық көпжақты консулдық құқық жөнінде ереже (кодекс)» бекітілді

7 . 

 


Консулдық   қызмет   туралы   Вена   конвенциясында     штаттағы   консулдардың   негізгі   қызметі   мен

штаттағы   емес   консулдардың   халықаралық   құқықтық   мәртебелері   бекітілді.   Консулдық   құқық   –

консулдық   мекемелердің   және   олардың   қызметкерлерінің   қызметін   реттейтін,   олардың   мәртебесін,

атқарымдарын,   құқықтары   мен   міндеттерін   айқындайтын   ұлттық   және   халықаралық   құқықтық

нормалардың жиынтығы. Ол консулдардың құқықтық жағдайын, олардың құрылу рәсімі мен кызмет ету

тәртібін ретке келтіреді, консулдар мен басқа да лауазымды қызметкерлерді тағайындау ретін реттейді,

олардың   міндеттерінің   тізбесін,   берілетін   артықшылықтардың,   жеңілдіктер   мен   иммунитеттердің

ауқымын   айқындайды.   Консулдық     құқық   сонымен   қатар   консулдық   мекемелерін   өкіл   еткен

мемлекеттердің   оларды   басқару   жөніндегі   құқықтары   мен   міндеттерін,   тиісті   мемлекеттердің

азаматтығы бар заңды және жеке тұлғаларының осындай мемлекеттермен өзара қарым-қатынасындағы

құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының консулдық қызметін ретке 

28


келтіруші негізгі құжаттар қатарына: Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жөніндегі

заңы, Қазақстан Республикасының консулдық жарғысы, Қазақстан Республикасының СІМ консулдық

басшылық ережелері, Штаттан тыс Қазақстан Республикасының құрметті консулдар   ережелері,   әр

түрлі инструкциялық-нормативті құжаттар. Қазақстан Республикасы 1963 жылы  консулдық қатынастар

жөніндегі Вена келісіміне сүйене отырып,  екі жақты және көп жақты әртүрлі  консулдық конвенциялар

мен келісімдер жасады. Көптеген құжаттар алғашында негізі КСРО кезеңіндегі  қол қойылған құжаттар

негізінде қолданыста болып, қазіргі қоғам талабына сай өзгерістерді қажет етті [8].   Осы көп жақты

және екі жақты келісімдер мәселесінде консулдықтар алдында  қайта жаңа тәуелсіз қоғам талабына сай

өзгерістер енгізу мәселесі қойылған. Осы құжаттарға ұлттық мүддеге сай қайта өзгерістер енгізу ісі де

қолға   алынып,   жүзеге   асты.     Елбасы   Н.Ә.   Назарбаевтың     тікелей   бастамасы   бойынша   консулдық

мекемелерге     экономикалық   қажеттіліктер   тарапынан     жүзеге   асатын   сыртқы   саяси     құрылымдық

қызметтерді жүзеге асыру мәселесін негізге алу   алға қойылды. Консулдық қызмет тарапынан тіпті

елдегі   бизнес   саласы   қызметкерлеріне   жағдай   жасау   мәселесі   және   консулдық   орналасқан

мемлекеттердегі   бизнесті   дамыту   мүмкіндігін   жүзеге   асыру   мәселесі   де   алға   қойылған.   СІМ-нің

Консулдық   департаментіне   басқа   ел   азаматтарына   Қазақстанда   немесе   басқа   елдегі   Қазақстан

азаматтарына   құқықтық   қызмет   көрсету   мәселесі   жүктелген.     Құқықтық   мәселелермен   айналасуда

алғашқы   кезеңде   біріншіден   консулдық     департамент   құжаттарды   легализациялау,   нотариалдық

қызметтер үшін, азаматтардың тіркеу актілерін жүргізу ісі үшін мамандар қажеттілігі туындады. Елдегі

қалыптаса   бастаған   консулдық   қызметтер   барысындағы   негізгі   бағыттардың   бірі   консулдық

келісімшарттардың     өз   деңгейінде   орындалуы.   Консулдық   мекемелердің     басты   қызметі   негізінен

ақпарттық-сараптау жұмыстарынан тұрады.   Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары мемлекетіміздің

алдында елдегі консулдықтармен қатар шет мемлекеттерде консулдық мекемелерін ашу  міндеті тұрған

еді. 

1. Ашимбаев Д. Казахстанская дипломатия: кадры кто есть кто в Казахстане "КонтиненТ", 18

февраля 2004.- 1-3 с.

2. Шағалақов А. Сыртқы саясат – тәуелсіздіктің бір тұғыры. /Егемен Қазақстан №85-87 (25933)

06 наурыз сенбі, 2010. – 1-3 бб.

3.  Батыршаұлы С.  // Егемен Қазақстан №88-89 (25935) 10 наурыз сәрсенбі, 2010 жыл

4.   Елімізді,  елдігімізді   әлемге   танытатын   қызмет  Тәуелсіз   Қазақстанның   дипломатиялық

қызметіне  – 15 жыл. // Егемен Қазақстан. 2006. 11 желтоқсан № 71 – 2 б.

5.  Консульское право и консульская служба. – Алматы: Данекер, 2000.- 54с

6. Тату көршілік. – «Синьхуа», 2001. – 344 б. (62 б.) 6, 26б.

7. Назарбаев Н.Ә.   Сындарлы он жыл. – Алматы, 2003.- б.186, 234

8.  Из выступления заместителя министра иностранных дел РК  В.Алесина 26 марта 1996г. На

совещании по вопросам консульской деятельности  Республики Казахстан // Дипломатический курьер

МИД РК. №3. 1996. – 57 с.

Резюме


В данной статье автор рассматривает вопросы из истории создания МИД РК и консульской службы

и дает анализ этому процессу 

Summary

In this article the author examines the history of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of 



Kazakhstan and the consular service and provides an analysis of this process

29


ӘОЖ 323.1:21/29 (574)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет