Г)Еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауғаболатын ең төменгі жас
Тапсырма: Берілген жағдаяттарды «SWOT» талдау арқылы шешу.
Айбек көлік жуып жүр Өскеменде үш айлық демалыс кезінде жұмыс істеп, табыс тауып жүрген жасөспірімдер бар. Олардың дені қаладағы сауда орындары мен кафелерде, мейрамханаларда, автокөлік жуу орындарында, құрылыс мекемелерінде еңбек етеді.
Солардың бірі – биыл он бірінші сынып оқитын Айбек. Ол жаз бойы Өскемендегі автокөлік жуу орындарының бірінде жұмыс істеді.
Биыл үшінші жыл қатарынан еңбек еткен жасөспірім күніне алты мың теңгеге дейін табыс тапқан. Айбектің айтуынша, оның жұмыс уақыты таңғы сағат 08.30-дан басталып, кешкі 21.00-де аяқталады.– Ата-анама ауыртпалық түсіргім келмейді. Сол себептен отбасымның келісімін алып, жұмысқа орналастым. Үш жылдан бері мектепке қажетті оқу-құралдарымды өзім сатып аламын. Егер тапқан табысым артылып жатса, бауырымның да керекті затын алып беремін. Шыны керек, бұған дейін даяшы, сатушы болып еңбек еттім. Негізі кафеде таң атқаннан кеш батқанға дейін жүгіргенше, базарда жеміс-жидек сатып тұрғанша, автокөлік жуушы болған әлдеқайда жеңіл екенін түсіндім. Сондықтан осы жұмысқа ауысып кеттім. Мұнда еңбекақы күнделікті істеген жұмыс көлеміне байланысты төленеді, - деді Айбек.