Ш. И. Джанзакова (қолы) (аты-жөні)


Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы



бет11/32
Дата25.11.2023
өлшемі227,03 Kb.
#126613
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы
Мектептегі басқарудың бірінші белгісі — мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі — оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығы. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі форма да көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызметтерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарастырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметінің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.
Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі
Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетекшілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылдаған шешімдерді жай ғана орындаушыларға айналдырады. Біржақты орталықтандыру жағдайында басқару қызметінің қосарлануы, уақыт шығыны басшы мен орындаушылардың жұмыс бастылығы сөзсіз орындаушылардың жұмыс бастылығы орын алады.Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді. Орталықтандыруды орталықсыздандыруға пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен әкімшіліктің рөлін төмендетіп, басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметін жояды. Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай демократиялық ойындар және орталықсыздандыруға әуестенушілік ұжымының қызметі мен өміріне елеулі нұқсан келтіріп, педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пен жанжалға негіз болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару орындарының бір-біріне қарсы тұруына жол берді.Сондықтан да мектепшілік басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру әкімшілік және қоғамдық органдар басшыларына бүкіл мектеп ұйымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, педагогика-лық жүйенің барлық құрылымдық бөлімдердің қызметін жоғары деңгейге көтеруге жағдай туғызады.Бұл қағиданы іске асыру педагогикалық жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдамалар жасау мен шешім қабылдауға қатыстыру, әр түрлі көзқарас-тарды салыстыра отырып оңтайлы шешім қабылдаудың маңызы зор. Оның үстіне алқалық шешім ұжымның әрбір мүшесінің тапсырылған міндетке жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды.
Басқарудағы жеке билік тәртіпті қамтамасыз етіп, педагогикалық процеске қатысушылардың өкілеттілігін айыптауды және оны қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Егер алқалы билік қабылданған шешімді іске асыру кезеңінде белгілі бір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды.
Педагогикалық жүйе басшысының жеке билігін билеп төстеуді, беделді алға салу емес, ол терең педагогика-лық бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру, оқушы, мұғалім, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшеліктерін жіті есепке алуға негіз-деледі. Басқарудағы жеке мен алқалы билік біртұтастығы-ның көрінісі. Жеке билік шешімді орындауда жеделдігімен ерекшеленсе, алқалы билік біршама »бәсеңдігімен» ерекшеленеді. Сондықтан да тактикалық әрекеттерді айқындағанда жеке билікке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билікке арқа сүйенген дұрыс болмақ.
Бұл принцип оқу-тәрбие процесін басқаруда қоғам-дық негізде жұмыс істейтін түрлі комиссиялар мен кеңестердің қызметінен көрініс табады. Әсіресе ұжымдық ізденіс пен қабылданған шешімге жеке жауапкершілік қажет болатын съезд, слет, конференциялардың жұмысы осы қағиданы қатаң басшылыққа алады. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты орталықта және жергілікті жерлерде бұл қағиданың күнделікті практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет