Ш. И. Джанзакова (қолы) (аты-жөні)


ОҚУ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ТЕЗИСТЕРІ



бет7/32
Дата25.11.2023
өлшемі227,03 Kb.
#126613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
Білім берудегі менеджментҒ.Б.Базарғалиев

4 ОҚУ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ТЕЗИСТЕРІ


Модуль 1. Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері


Дәріс №1-2. Тақырыбы: Менеджмент – басқару туралы ғылым
Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебіне, А.Файолдің әкімшілік басқару мектебіне, Э.Мэйо, А. Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, Ф.Герцбергтің екіфакторлы модель мектебіне қысқаша сипаттама беру. Врумның күту теориясы. Портера-Лоулердің сандық тәсілі. Д.Мак Клелландтің теориясы. Д.Мак-Грегордің адами қарым-қатынас теориясы. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері.
 Дәрістің мақсаты Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда кәсіпорында басқарудың мәнін, пәні мен міндеттерін ашып, олардың алатын орнын анықтау. Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдермен танысу.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Менеджмент туралы түсінік және оның түрлері.
2. Менеджер және оның функциялары.
3. Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы.
4. Америкалық және Жапон менеджменті. 
5. Басқарудың дамуына үлес қосқан әртүрлі негізгі мектептер.
6.Басқаруды процесс ретінде қарастыру. 
7.Басқарудағы жүйелік көзқарас.
8.Басқарудағы жағдайлық көзқарас.

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Менеджмент ғылым ретінде 19-ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856- 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан –жақты дәлелдеді. Ф.Трейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Классик үлгідегі мектептің үлгілері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірбиені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: «басқару кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті. Бихевиористік (мінез- құлық) мектебі XXғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисті – Элтон Мейо (1880- 1949) болды. Осы ілімді Ш.Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың рөлін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады.Ш.Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы –демократтары Ы.Алтынсарин (1841-1889) мен А.Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты. XX ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшелінеді . Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов, С.Меңдешов, Н.Нұрмақов, Т. Рысқұлов, Ғ.Тоқжанов, О. Жандосов, С. Сейфулин, Б. Малин, І. Жансүгіров және т.б. Торғай обылысында - Ә. Бөкехйанов, Жетісуда- М. Тынышпаев, Түркістанда- М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып тағайындалғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады. Басқарудың дамуына үлес қосқан әртүрлі негізгі мектептер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет