Ш. И. Джанзакова (қолы) (аты-жөні)



бет9/32
Дата25.11.2023
өлшемі227,03 Kb.
#126613
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Антропоцентрлік грек сөзі, аудармасы адам деген мағынаны білдіреді. Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне түзетулер ендіруді білдіреді.
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады ( шешімді қабылдау мен орындауда):

    • қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;

    • жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;

    • басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сәйкес бағдарламалар мен жоспарлар дайындау, оның орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін көрсету;

басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және оның кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру, т.б..
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).
3.Педагогикалық менеджмент әдістері. 1.Психо-педагогикалық әсер ету әдісі. 2.Әкімшілік басқару әдісі. 3.Экономикалық әдістер. 4.Қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі.
Психо-педагогикалық әсер ету әдісі. Ол негізінен менеджердің психологиялык және педагогикалық заңдылықтарды игертіп, оны өмірде саналы түрде жүзеге асыру қабілеттілігіне байланысты. Ол кеңес,өтініш, тілек, талап, өкім беру, мадақтау, алғыс білдіру аркылы орындалуы мүмкін. Осы әдістердің түрі аркылы ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға, ішкі психологиялық колайлы ахуал туғызуда, карамагындағылардың творчествалык белсенділігін туғызып, жұмысқа деген кызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасайды. Ұжым мүшелерін моралдык және материалдык көмек көрсету арқылы олардың жеке психологиялық кабілеттерінің ашылуына мүмкіндік жасайды. Басшыға сенімі артады. Бұл әдіс ужымды басқарудың демократиялык стилін қалыптастырады. Әкімшілік басқару әдісі. Менеджердің әкімшілік жұмыс әдісіне негізінен ұйымдастыру іс әрекеттерінің мазмұны жатады. Жоғарғы атқарушы биліктерден келген түрлі нұсқаулар, қаулылар, шешімдер және ұжымның ішіндегі ұйымдастыру және жарлық беру, бұйрық, шешімдер мен өкімдердің орындалу барысы, өндірістік жұмыстар мен түрлі есеп берулер жиынтығы.Экономикалық әдістер. Экономикалық әдіс педагогикалық ұжым мүшелерінің еңбек ақысы педагогикалық стажы мен оқу-тәрбие жұмысына,сіңірген еңбегіне қарай, атағы, санаты мен біліктілігіне қарай төленетіні олардың экономикалық қызығушылығын арттырады. Қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдісі. Оқытушылар мен студенттерді оқу-тәрбие жұмысы мен ұжымды басқаруға кеңінен жұмылдыру болып табылады. Бұл ұжымды басқаруда демократиялық принципке негізделген.Бәсекеге қабілетті жастардың өсіп-жетілуіне жол ашады. Олардың құқықтары мен еркіндігіне кеңінен жол ашылып, бір-біріне деген, басшылыққа деген сенімді көзқарас ұжымда қалыптасады.
Негізгі түсініктер: білім беруді басқару, педагогикалық менеджмент, білім берудің сапасы, жүйе құраушы факторлар, мемлекеттік-қоғамдық басқару.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 7, 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет