Ш. И. Джанзакова (қолы) (аты-жөні)


Дәріс №4. Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары



бет10/32
Дата25.11.2023
өлшемі227,03 Kb.
#126613
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Дәріс №4. Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы. Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, ізгілендіру, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр түрлеріне әзірлігі.
Негізгі түсініктер: заңдылықтар, педагогикалық менеджмент заңдылықтары.
Ұсынылатын әдебиет: 2, 4, 5, 9
Юрий Анатольевич Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын қағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін қызмет етеді. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектептегі түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды.
Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру
Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылауды бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделеді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет