Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет12/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Педагогикалық талдау
– білім менеджерінің оқу-тәрбие 
процесінің нақты жағдайын зерттеуге, оның нәтижесін 
объективті бағалауға және даму тенденциясын анықтауға 
бағытталған қызметі (функциясы). Талдау негізінде оқу-тәрбие 
жүйесін жоғары сапалы жағдайға жеткізу жөнінде нұсқаулар 
әзірленеді. 
2.4. Педагогикалық менеджменттің принциптері
 
Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – 
білім 
беру менеджерінің қызметіне тән манызды талаптар мен 
ережелердің 
жиынтығы, 
басқарудың 
объективті 
заңдылыктарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындагы 
психологиялық 
қарым-қатынасқа 
негізделген 
біртұтас 
педагогикалық процесс [13].
 
Білім беру менеджері қызметінің принциптері: 
– менеджменттің педагогикалық бағыттау приципі; 
– менеджердің диагностикалық қызметінің нақтылығы мен 
мақсаттылық принципі; 
– қызметтік мақсатқа лайықтылық принципі; 
– басқару процесінің пәрменділік принципі; 
– басқару қызметін өзара бөлісу принципі және т.б. 
Енді осы айтылган принциптерге жеке тоқталып көрелік.


Наурызбаева Ш.Қ. 
22 
1) 
Білім беру менеджментінің педагогикалық бағыттау 
принципі.
Мұнда барлық деңгейдегі басшылық қызмет ету сол оқу 
орнындағы берілетін негізі кәсіп, яғни білім саласы бойынша 
педагогикалық процеске бағыттау. Кез келген білім беру 
мекемесі оқыту мен білім беруден басқа да қосымша қызметтер 
атқарады. Мысалы кәсіптік білім беру оқу орнын айтатын 
болсақ: 
– 
өндірістік қызмет
яғни белгілі бір өнімді шығара 
отырып тұрғындарға ақылы қызмет көрсетуіде мүмкін;
ұйымдық-басқару қызметі,
жастарды оқуға тарта
отырып, оларды өндірістік оқыту үрдісінде жұмыс істеуге 
баулиды; басшы және инженер-педагог мамандарды іріктеумен 
және жұмыс орнына орналастырумен шұғылданады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет