Наурызбаева Ш.Қ.
28
3.3. Педагогикалық менеджмент әдістеріндегі басқару
қызметінің деңгейлері
Педагогикалық менеджмент әдістерін басқару қызметінің
деңгейлері бойынша жүйелеу қажет. Мұндай деңгейлердің үш
түрін ажыратуға болады:
1)
тұлғалық – қызметкерлердің нақты жұмыс орнына сай
болуын қарастырады;
2)
топтық – ұжымдағы қызметкерлерді тиісті орындарына
қою сұрақтарын қарастырады;
3)
әлеуметтанымдық – басқарудағы «элиталық топтарды»
(әртүрлі дәрежедегі басшылар) құрудың арнайы механизмдері
қалыптасады.
Тұлғалық деңгей шеңберінде нақты жұмыскерлерді іріктеп
алу, үздіксіз білім беру және оларды ұтымды пайдалану
сұрақтары қарастырылады. Ол үшін жұмыскердің жеке басын
зерттеп,
оның
ерекшеліктерін,
қасиеттерін
(әсіресе
темпераментін),
мінез-құлық
ерекшеліктерін
(іскерлігін,
сезімталдығын және т.б.) айқындау керек.
Топтық деңгейдің негізгі міндеті педагогикалық ұжым
құрылымында жұмыскерлерді дұрыс орналастыру болып
табылады. Жұмыскерлерді біріктіруде басты рөлді олардың
темпераменттері ойнайды. Темпераменттері қарама қарсы
адамдар тез үйлесім табады.
Әлеуметтанымдық деңгейдің міндеті – әртүрлі басқарушы
звеноларды «әл-ауқаттық топтарды» жасақтау болады.
Педагогикалық менеджмент пәні
оқытушының жеке
тұлғасы және оның іс-әрекеті болып табылады. Кәсіптік оқыту
жұмысының тиімділігінің маңызды факторы –
сенім арту
.
Сондықтан кәсіптік мектеп менеджері өзінің жұмысын
мұғалімге сенім артып бастаған жөн, сенім – мұғалімді
рухтандырады, қайраттандырады, өзіне деген сенімділік пайда
болады, жауапкершілігін тудырады. Басшының сенім артуы
шын сезімнен туындауы қажет. Сенім артудың маңызды құралы
делегирование
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: