Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


 Педагогикалық менеджменттің басқару әдістері



Pdf көрінісі
бет16/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
3.2. Педагогикалық менеджменттің басқару әдістері
Педагогикалық менеджменттің басқару әдістері – бұл 
педагогикалық менеджменттегі белгіленген мақсатқа қол
жеткізу мен оның негізгі функцияларын жүзеге асыруда 
қолданатын тәсілдер. 
Педагогикалық менеджменттің негізгі төрт әдісі бар: 

бірінші 
топ 
– 
экономикалық 
әдістер, 
немесе 
экономикалық ынталандыру әдістері; 

екінші топ – ұйымдастыру-басқарушылық әдістері 
немесе әкімшілік басқару әдістері; 

үшінші топ – психология-педагогикалық әсер ету 
әдістері; 

төртінші топ – қоғамдық пікір арқылы әсер ету әдістері. 
Экономикалық 
әдістер 
немесе 
экономикалық 
ынталандыру
әдістері – өмірдегі маңызды қағидалардың бірі 
«әркімнің қабілетіне, әркімнің еңбегіне қарай» жүзеге асыруға 
бағытталған. Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың 
экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің 
пайдаланылуын көздейді. Басқарудың экономикалық әдістерінің 
негізгі 
мақсаты 
– 
кәсіпорынның 
ұжымды, 
жекелеген 
қызметкерлерді барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай 
экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Бұның негізінде 
материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау 
және жазалау жатыр

Экономикалық ынталандырудың маңызды 
элементіне материалдық ынталандыру жатады. Ол әртүрлі 
формада жүзеге асырылады, оны ең алдымен әрбір жұмыскердің 
еңбекақысы түрінде жүзеге асыруға болады. Бұл бағыттағы 
зерттеулер категория, атақ, дәреже енгізуге мүмкіндік береді.
 
Ұйымдастыру-басқарушылық 
немесе 
әкімшіліктік
әдістері орындаушылардың қызметін белгілеу, нормалау, 
нұсқау беру (бұйрық, жарлық, талап қою, үкім шығару түрінде) 
жолымен жүзеге асырылады. Бұл әдістердің көмегімен 
кадрларды іріктеу, орындарына қою және тәрбиелеу іске асады, 
қызметік нұсқаулар жасалынып, енгізіледі. Әкімшіліктік әдістер 
өте маңызды әрі қажет, бірақ тек бұл әдістердің көмегімен ғана 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
27 
басқару коллектив мүшелерінің шығармашылық қабілетін 
дамытуды шектейді.
Әкімшілік әдістерінің негізі – жекеменшік кәсіпорынның 
мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың ықпалы, әсері. Әрқашанда 
басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл 
өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады
қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы 
керек [6].
Басқару аппаратында: 
1. Алдыңғы саптағы басшыларға:
а) Жалпы басшылық ететін басшылар – директор, ол 
жоғарғы саптағы басшы. 
б) Цех бастығы –орта деңгейдегі басшы. 
в) Шебер, бригадир – төменгі деңгейдегі басшылар
Басқарудың 
демократиялық 
стилі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет