Байланысты: Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері Директор және оның орынбасарлары да басшылардың оқу-
тәрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге
негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:
– педагогикалық жүйелер басқарымын демократияландыру
және ізгілендіру.
Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың
ата-аналарының өзіндік іс-әрекеттері мен ынтасының дамуына
жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу және басқару
шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялықты қажет
етеді;
– орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы
үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері әкімшілік және
қоғамдық органдар басшыларының іс-әрекетін мектептің бүкіл
ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару
шешімдерін талқылау және қабылдауды, кәсіби деңгейде іске
асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық
бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып,
әрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік
береді;
– жеке басқару және ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл
принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті
басқару барысында субъективизммен әміршілдікке жол бермеу.
Басқару ақпараттарын әртүрлі белгілеріне қарай жіктеуге
болады:
– уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық,
жылдық;
– басқару қызметі бойынша – талдауға орай, бағалық,
құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты;
– келіп түсу көздері бойынша – мектепішілік, мекемелік,
қарым-қатынастағы мекемелерден;
– мақсаты бойынша – өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру
және т.б.
– өкілеттіктер беру принципі.