Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет27/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1. «Педагогикалық жүйе» түсінігінің мәнін ашып беріңіз.
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері неде?
3. Педагогикалық жүйелердің сипаттамалары қандай? 
4.
 
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштерінің мәні неде? 
5. Педагогикалық жүйе құрылымын кестеге салып 
толтырыңыз.
 
6. Білім беру жүйелерін басқарудың негізгі принциптерін 
атап беріңіз 


Наурызбаева Ш.Қ. 
42 
5.
ЖҮЙЕ ЖӘНЕ БАСҚАРУ 
 
5.1. Білім беру жүйелерін басқару 
 
Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру 
бағдарламалары мен әртүрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік 
білім 
беру 
стандарттары 
жүйесінің, 
оларды 
әртүрлі 
ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім 
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге 
білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру 
жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi 
рөл атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. 
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, 
интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және 
кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру 
мен оқытудық үздіксіз процесі. 
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта 
болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның 
төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру 
саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. 
Білім беру мазмұны – оқушылардың меңгеруі, олардың 
жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың 
ойлауын, танымдық қызығушылығымен еңбек іс-әрекетіне 
дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, 
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды 
қатынас жүйесі. 
Сонымен, Қазақстан Республикасында білім жүйесі мен 
білім беру мекемелерін басқару құрылымы көп деңгейлі 
иерархиялық принцип негізінде құрылған. Әрбір деңгейдегі 
басқару органына оның атқаратын негізгі функциялары
тұрғысынан сипаттама берейік: 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
43 
2-кесте
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін басқару 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет