Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Педагогикалық үрдіс динамикалық жүйе ретінде



Pdf көрінісі
бет26/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

4.4. Педагогикалық үрдіс динамикалық жүйе ретінде, 
педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері.
 
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді 
басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет 
етеді.
Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа 
сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару 
объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және 
қорытындылау іс-әрекеті болып табылады. 
Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік 
жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және 
елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында 
қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, 
облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып 
бөлінеді.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелігі – 
білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мынадай 
қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
– білім берудің ізгілік сипатта болуы;
– білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-
дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;
– білім берудің жалпыға бірдейлігі;
– білім берудің зиялылығы;
– білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
– білім берудің демократиялық сипатта болуы;
Білім берудің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен 
анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналар жатады.
Колледж іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – колледж 
кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс 
мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде 
көрсетіледі.
Колледж жоғары жетекші органы – конференция, жылына 
кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда колледж
кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және 
мекеме Жарғысы қабылданады.


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
41 
Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін 
колледж кеңесі атқарады.
Колледж педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар 
жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, 
құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен 
сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен 
нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары – әлеуметтік-
педагогикалық 
және 
уақытша 
байқалатын 
жағдайлармен; 
құрылымдық компоненттер – басқарушы (педагогикалық ұжым) 
және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық 
іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; 
функционалдық компоненттер – педагогикалық талдаумен, мақсат 
қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу 
және түзетумен анықталады.
Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды 
жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді 
дамытуға, оның өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына 
жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың 
біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады. Колледж мақсаты – 
тұлғаның интеллектуалдық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, 
құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениеті 
негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе 
құраушы 
ретіндегі 
нәтижелер 
– 
жекелеген 
оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да 
тәрбиелік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым 
тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет