Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
45
– мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру,
олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай
бағалау және мадақтау);
– қадағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін
көзделген
жоспарлардың
орындалуы
жөнінде
уақтылы
ақпараттар алып тұру);
– педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын,
білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық
жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер
құрамын жетілдіруге байланысты
зерттеулер және талдаулар,
нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).
Осы аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару
мазмұнын екі жікке келтіруге болады:
1) ұйымдастыру-бақылау
жұмыстары
(басқарымдағы-
лардың іс-әрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар
қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау
және т.б.)
2) басқарушылар
іс-әрекеттері
(мақсаттар
айқындау,
ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу,
іс-әрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға
жету және басқару қызметтерін іске
асыру құралдары ретінде
қарастырылады.
Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
– педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан
қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, категориялары мен
атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақы беру);
– әкімшілік – ұйымдастыру әдістері (орындаушылар
қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар,
бұйрықтар беру және т.б.);
– психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес,
өтініш,
тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру
(психологиялық ахуал қалыптастыру, шығармашылық пен
ынталылық сезімдерін көтеру, білім
мекемесінің әлеуметтік
даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
– қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен
оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
Наурызбаева Ш.Қ.
46
– қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып,
басқалармен
қатынаста
шыдамдылық
сақтау,
мекеме
қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау).
Кәсіптік мектеп директорының басқару мәдениетінің
технологиялық компоненті педагогикалық үрдісті басқару
жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Басқару технологиясы арнайы
педагогикалық міндеттері жүзеге асыруды қарастырады.
Мұндай
міндеттерді
атқару
менеджер-жетекшінің
педагогикалық
талдау
мен
жоспарлау,
ұйымдастыру,
педагогикалық үрдісті бақылау мен реттеу бірліктерін меңгеруге
негізделеді.
Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық
процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып,
оған қатаң
ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе
түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік
процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты
күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару
дегенді – шешім қабылдауға бағытталған,
белгіленген мақсатқа сәйкес
басқару нысанын ұйымдастыру,
қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау
жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп
түсіндіруге болады.
Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет
көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз.
Бұл жерде
білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі,
облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін
атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе
ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті
басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың
жалпы жүйе орта мектепті басқарудың
бөліктері ретінде
қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ
жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға
эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: