Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
35
4.2. Жүйелердің табиғаты және маңызы, олардың
түрлері және даму заңдылықтары
Педагогикалық
жүйенің
әлеуметтік
–педагогикалық
жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге
болады. Жалпы жағдайларға әлеуметтік, экономикалық, мәдени,
ұлттық, географиялық жағдайлар, ал арнайы жағдайларға
оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің
тұрған жері, материальдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған
жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады.
Педагогикалық
үрдістің
тиімділігін
көрсететін
маңызды
көрсеткіштер – педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы
моральдық-психологиялық ахуал, ата-аналар
мен оқушылардың
педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық
жүйенің
құрылымдық
элементтері
педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе
басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы кәсіптік мектептерде төрт
деңгейге бөлінеді:
Бірінші деңгей
колледж директоры, колледж кеңесі,
оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады.
Бұл деңгей кәсіптік мектепті дамытудың стратегиялық бағытын
анықтайды.
Екінші деңгей
–колледж директорының орынбасары,
колледж
психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы
еңбекті ұйымдастырушы, колледж директорының шаруашылық
жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен
бірлестіктер.
Үшінші деңгей
– оқытушылар, шеберлер, топ жетекшілері.
Төртінші деңгей
– оқушылар, топ және жалпы кәсіптік
мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің
бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың
арасындағы қатынастың
субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара әсерлесу
объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара
алады.
Педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері
жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді.
Наурызбаева Ш.Қ.
36
Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау,
мақсат
қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету
–
бұлар
педагогикалық
үдерісті
қозғалыста,
өзгерісте
сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру логикасын анықтайды.
3-сурет. Кәсіптік мектептердегі басқарушы жүйе құрылымы
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған
басқа да оқу-тәрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін
әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып
есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі
ретінде қарастыру қабылданған:
– дидактикалық – бұл жүйеше өз ішіне сабақ және сабақтан
тыс оқу-тәрбие жұмыстарын; міндетті және факультативтік
дәрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы –
сабақты (сабақтағы оқушы және мұғалімдердің жұмыс орындау
әдістемелерін) әрбірін өз алдына жүйе
бірліктері ретінде
қамтиды;
– тәрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан
тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары, отбасы тәрбиесі,
қоғамдық
мекемелердегі
тәрбие
және
өзіндік
тәрбие
жүйешелерінен құралады;
–
оқушылардың
қарым-қатынастары
және
олардың
мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына
енетіндер:
сыныптағы өзіндік басқарым, әрқилы іс-әрекет
бағыттары бойынша кіші жүйешелер);
– мектептің әкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тәрбие
жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару
жүйешелерінен құралады.
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
37
Әкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тәрбиелік,
материалды-техникалық жүйешелер
мен оқушылардың өзіндік
басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке
келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тәрбиесі мен
дамуына қатысты міндеттердің шешілуі, яғни жүйенің тиімді
жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-әрекеттері бір
бағытта орындалу шартына байланысты.
Тұлға бөлшектеніп
қалыптаспайды. Бұл кешенді де әрі педагогикалық жүйелерді
басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.
Басқаруға жүйе теориясын қолдану ішкі дүниемен үздіксіз
байланыста
болатын
бөлшектерден
тұратын
ұйымды
басшыларға көруге мүмкіндік береді. Бұл теория сонымен қатар
басқарудың теориясы мен жаттығусында әртүрлі уақытта басым
болған барлық мектептердің интеграциясын қалыптастырады.
Жүйе теориясы алғашқы рет нақты ғылымдарда және техникада,
ал 50-жылдардың соңында басқаруда қолданылды. Ол басқару
ғылымына
маңызды
үлес
болды.
Жүйелік
ыңғай
–
басқарушыларға қандай да бір жетекшілікті немесе принципті
жинақтау емес, ұйым мен басқаруға қолданылатын ойлау әдісі.
Жүйе – бұл бір қатар тұтастылықты құрудың өзара тәуелді
бөлігі және мақсат міндеттер арқылы өзінің салымдарын
көрсететінін
көрсетіп
отырады.
Жүйеге
мысал
ретінде
машиналар, компьютерлер, теледидарлар мен өзара тәуелділігін
көптеп құру, әрбір жұмысшы өзара іс әрекетін басқалар мен
мақсатын құрудың,
өзінің тиесілі, нақтылы жақындылығы деп
есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: