Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет31/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1. Педагогикалық жүйе сипатындағы мектептің негізгі 
белгілерін атаңыз.
2. Осы заманғы мектепті ғылыми тұрғыдан басқарудың 
мәні неде?
3. Мектептің педагогикалық жүйесін басқарудың негізгі 
әдістеріне сипаттама беріңіз.
4. Басқару қызметтерінің түрлері қандай?
5. Мектеп педагогикалық жүйесін басқару принциптерін 
атаңыз. 
6. Білім беру менеджерінің кәсіби біліктілігі қандай 
болады? 
 


Наурызбаева Ш.Қ. 
50 
6.
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУ
ҚАҒИДАЛАРЫ
 
6.1. Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары 
мен басқару функциялары 
 
Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты 
байқалуы мен бейнелеуі болып табылады. Мектепішілік 
басқару 
мен 
менеджмент 
бойынша 
мамандар 
негізгі 
заңдылықтар ретінде оқу-тәрбие жұмысының басқару жүйесі 
қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері 
арасындағы 
құрылымдылық-функционалдық 
байланыс 
деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны 
мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыру 
мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. 
Ю.А. Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші 
заңдылықтары ретінде мақсаттылықты, ізгілікті, басқару 
демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әртүрлі басқару іс-
әрекетіне 
дайындығын 
атап 
көрсетеді. 
Басқару 
заңдылықтарынан 
шығатын 
қағидалар 
мектеп 
жұмысын 
басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде қызмет етеді [14]. 
Басқарудың мұндай жалпы қағидаларына жататындар: 
педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру мен 
ізгілендіру; 
басқарудағы 
жүйелілік 
пен 
тұтастық; 
орталықтандыру мен таратуды (деуентрализация) ұштастыру; 
бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық 
жүйелерді 
басқарудағы 
ақпараттар 
объективтілігі 
мен 
толықтығы. 
Кәсіптік мектепті басқаруда басты рөлді – колледж 
директоры, ал оқу-тәрбие үрдісін басқаруды директор және 
оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық 
міндеттері 
жалпы 
білім 
беретін 
мекемелердің 
типтік 
қағидаларында көрсетіледі.
Колледждегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша 
жұмыс директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу ісі 
жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі 
директордың орынбасары, өндірістік тәжірибе жөніндегі 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
51 
директордың орынбасары, әкімшілік-шаруашылық жөніндегі 
директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары 
колледждерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың 
орынбасары, ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың 
орынбасары қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.
Тұтас педагогикалық үрдісті басқарудың маңызды бір 
функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару 
және мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі колледж 
жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі 
дәрежесіне байланысты.
Колледж 
директоры 
іс-әрекетінде 
талдау 
дұрыс 
жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық 
орындалмауына алып келуі мүмкін. 
Параметрлік талдау жасауда колледж директоры мен оның 
орынбасарлары сабақтарға және топтан тыс сабақтарға 
қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін 
тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық 
педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
Тақырыптық параметрлік талдаулар білім беру үрдісі 
ақпараттары негізінде байқалатын талдау педагогикалық 
үрдістердің 
өзіндік 
компоненттері 
бойынша 
іс-әрекет 
барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, 
қайталанып 
отыратын 
байланыстарды, 
тенденцияларды 
анықтауға ықпал етеді.
Қорытынды талдау аттестациялау, семестр, оқу жылы 
соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.
Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі – 
сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқа және 
аспектілі талдаулар болып бөлінеді.
Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық 
элементтері мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар 
еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің немесе проблемалы 
мұғалімдердің жұмысын талдауда қолданылады.
Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және 
басқару ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.


Наурызбаева Ш.Қ. 
52 
Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге 
бағытталады. Сонымен бірге колледж директоры тәрбиелік 
шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында 
ерекше орын алады: бiр-бiрiмен байланысқан функциялардан 
тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, 
талдаумен аяқталады. Басқару қызметiнiң жалпы тiзбегiнен 
педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуiне жол 
бередi, өйткенi жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау, реттеу 
функцияларына өз кезегiнде талдау жасалмаса ол логикалық 
қорытындыға жете алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет