Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет3/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
 
 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 

1. МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҢЫЗЫ, ОНЫҢ БІЛІМ БЕРУ 
ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
1.1. Менеджмент ұғымы, оның қалыптасу және даму 
тарихы 
Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, 
ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін 
адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа 
жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру 
үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен 
нысандарының жиынтығы. «
Менеджмент
» ұғымының мәні мен 
мазмұны 
«басқару» 
түсінігіне 
ұқсас. 
Сонымен 
қатар 
менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, 
ынталандыру 
сияқты 
қызметтерді 
атқарады. 
Ғылыми
менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы 
Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті 
ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады 
[2]. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы 
бақылау, тәжірибе жасау және ой-саналық, топшылау арқылы 
анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын 
қызмет саласы болып саналады. 
К. Маркс 
 
басқару ісіне қатысты былай деп жазған: «... 
Жеке орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі-ақ 
ойнай алады, ал оркестрге дирижер керек». 
Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды 
басқару» деген анықтама берген: 
– тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару 
процестері; 
– қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері. 
«Техникалық жүйелердегі басқару дегеніміз» – адамның 
көрінеу 
қатысуынсыз 
өлі 
табиғатты 
(станоктармен 
механизмдермен) 
басқару. 
Бұл 
жүйелермен 
техникалық 
ғылымдар айналысады.
«Биологиялық жүйелерді басқару» – тірі табиғаттағы, 
биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне 


Наурызбаева Ш.Қ. 

философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы – 
жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып. 
«Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз» – 
шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты 
«өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын 
танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну 
процесінде пайдаланады.
Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің 
авторы Антуан Монкретьеннің ( шамамен 1575-1621) өзі де 
елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі 
деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы әлеуметтік 
ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың 
нысаналылығында, саналы көзқараста болып табылады.
Менеджмент ұғымы туралы классиктердің тұжырымдары 
көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецидің пікірінше, басқару 
процесі – өнер. Оның басты мәні басқару саласындағы ұйымдық 
ілім негізін нақты жағдайда қарап қолдану. Американ экономисі 
В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент – бұл 
өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, 
әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық 
енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару 
принциптерінің, тәсілдерінің, формаларының жиынтығы». 
Батыс елдерінде менеджмент бизнесті, коорпорацияны, 
фирмаларды басқару ғана емес, бір мекемедегі адамдардың 
әртүрлі 
көзқарастарын, 
танымын, 
қызметін, 
біліктілігін
біріктіріп бір мақсатқа жетуге ұйымдастыратын әрекет деп 
түсіндіріледі. Менеджмент – нарықтың экономика жағдайында 
өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен тәжірибесі.
Ертеден-ақ адамдар тобын шоғырландырып, белгілі бір 
бағытта жұмыс орындауға жетекшілік ететін ерекше қабілеті 
бар адамдар қажет болған. Мысалы, египет пирамидаларын 
салу, соншалық көп адамдарды ұйымдастыру, басқару 
шеберлігін талап еткені белгілі [7]. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 

1-сурет. Менеджменттің түрлері 
Менеджменттің теориясы мен практикасының дамуы 
бірнеше кезеңдерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет