Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет49/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1.
Басқарудың 
ғылыми-теориялық 
негіздері 
және 
басқарудың әдіснамасы.
2.
Сапа менеджменті жүйесі дегеніміз.... 
3. 
СМЖ-ны 
жоспарлауға, 
басқаруға, 
білім 
беру 
нәтижелерінің 
сапасын 
бағалауға 
ендіру 
қажеттілігін
түсіндіріңіз. 
4. Жалпы білім берудің функционалды сапасын анықтаңыз. 
5. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесіне сипттама 
беріңіз. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
79 
10. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ АТТЕСТАЦИЯЛАУ 
10.1.
Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы 
талаптар. Ұстаз еңбегі бағалаудың дараландырылған 
көрсеткіштері 
 
Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, 
экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері – 
білім, ал білім
беру тетігі – мұғалім. 
Педагогикалық шеберлік – 
ұстаздық қабілетпен тығыз байланысты. Ұлт ұстазы атанған 
алаш 
ардақтысы, 
әдіскер-ғалым 
А. 
Байтұрсынұлы: 
«…Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі 
һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген 
білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар 
көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі 
мектепке керегі – білімді, педагогикалық әдістемеден хабардар, 
оқыта білетін мұғалім», – дейді «Мектеп керектері» атты 
мақаласында. Өте орынды пікір. Ол үшін мүмкіндігінше 
тиянақты білімді, мұғалімдік кәсіпке икемі бар талапкерлерді 
іріктеуді жолға қойған жөн. 
«
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз 
сауаттылығы жоғары міндеттер қойды. Шындығында да, біз 
сауатты елге айналуымыз үшін жас ұрпақты оқыту мен 
тәрбиелеуді дұрыс жолға қоюымыз керек. Ұлы Абайдың «Он 
сегізінші қара сөзіндегі»: «…Тегінде, адам баласы адам 
баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. 
Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» 
деген ұлағатты ойын мемлекетке байланысты, жас жеткін-
шектерді оқытып-тәрбиелеуге де байланысты қолдануға болады. 
Міне, сол үшін мұғалімдерге жағдай жасап, олардың біліктілігі 
мен білімділігін арттыруға, ұстаздың қоғамдағы беделін 
көтеруге баса көңіл бөлінгені абзал. Өйткені, XXI ғасырда кез 
келген мемлекеттің дамуында ғылым мен білімнің алатын орны 
ерекше болмақ. Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің 
бастауында мектеп, ал, сол мектепте жас ұрпақ бойына білім 
нәрін беретін ұстаз тұрады. Мұның өзі бүгінгі таңда мұғалім 


Наурызбаева Ш.Қ. 
80 
беделін арттыру, оның мәртебесін көтеру өзекті мәселе екендігі 
дау туғызбаса керек. 
Педагогтың орташа жалақысы экономикадағы орташа 
жалақыға жетеді. 
Педагогтардың 70%-ы кепілдік қаржыландыру принципі 
бойынша біліктілігін арттырудан өтеді. 
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді 
шешу қажет: 
– педагогтарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру 
сапасын қамтамасыз ету педагог кәсібінің беделін арттыру 
кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогқа қойылатын 
талаптарды арттыру. 
Білім 
сапасы 
бірінші 
кезекте 
сапалы 
даярланған 
педагогтармен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі 
әдістер арқылы білім алушыларға береді. 2016 жылдан бастап 
жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін 
қабылданып жатқан педагогтар біліктілігінің деңгейін растау 
рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа 
қабылдау 
ережесі 
әзірленеді, 
ол 
азаматтардың аталған 
санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді. 
Жоғары орта мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде 
білім 
беру 
саласындағы 
магистр 
дәрежесінің 
барлығы 
көтермеленетін болады. 
Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагогтың 
портфолиосында өз көрінісін табады. 
Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және 
ынталандыру үшін барлық өңірлерде тәуелсіз аттестаттау 
агенттіктері құрылады. Педагогтарды аттестаттау мұғалім 
білімін тестілеу рәсімінен, қызметі туралы есептен білім беру 
беру процесі мен қоғамдастық қатысушыларының пікірлерінен 
тұратын кешенді бағалау негізінде өткізілетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет