Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру



Pdf көрінісі
бет51/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

10.3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру 
және өздігінен білімін жетілдіру 
 
Жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті 
арттыру 
бағдарламасы 
жаңартылады 
және 
білім 
беру 
ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру 
қамтамасыз етіледі. 
Даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын 
білім 
беруді 
ұйымдастырудың 
қашықтықтан 
оқытуын 
қамтамасыз ету мақсатында интерактивтік жабдықтармен 
жарықталады. 
Біліктілікті арттыру жан басына қаржыландыру және 
біліктілікті 
арттыру 
нысанын, 
мазмұнын, 
мерзімдерін 
педагогтардың таңдау еркіндігін қамтамасыз ететін оқыту 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
83 
процесін ұйымдастырудың модульдік жинақтау принциптеріне 
негізделген кепілділік жүйе бойынша өткізіледі [3]. 
Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру 
және қайта даярлау саласында: 
– 
жетекшi 
университеттер 
базасында 
жоғары 
оқу 
орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін 
арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан 
әрi дамыту; 
– педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары 
мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) 
үлгілерiн жасау; 
– педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың 
бүкiл 
жылдары 
бойы 
үздiксiз 
педагогикалық 
және 
психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу; 
– екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарла-
малары бойынша, оның iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана 
тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн 
қайта даярлау; 
– болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн 
тәуелсiз кәсiби бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға дейінгі 
педагогикалық тағылымдаманы енгізу; 
– 12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, 
жалпы қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс 
iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға 
мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; 
– педагогтарды және басшыларды аттестаттаудың және 
қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн 
сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу; 
– педагогтардың еңбегiн ынталандырудың және оларды 
жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру; 
– бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен 
сабақ 
беру 
әдiстемелерiнiң 
өзгергенiн 
ескере 
отырып, 
мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта 
даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру; 
– білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі 
менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру; 


Наурызбаева Ш.Қ. 
84 
– жоғары 
оқу 
орындары 
арасындағы, 
халықаралық 
шарттар мен бағдарламалардың негiзiнде мемлекеттік жоғары 
оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта 
даярлау көзделедi. 
Бiлiм беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық 
технологияларды, 
iзденушiлiк, 
зерттеушiлiк 
және 
шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық 
және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тiлдi 
мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет