Наурызбаева Ш.Қ.
90
коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық
салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім
берудегі
АКТ»
ұғымы
«оқытудың
жаңа
ақпараттық
технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары»,
«компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б. тіркестермен
тығыз байланысты.
Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір
маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны
меңгерту мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік,
рухани т.б. көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі
ұйымдастыруына
көмектеседі.
Мұғалім
алғаш
жаңа
педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден
меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны
дамытып нәтижесін көрсетеді.
«Ақпараттық компьютерлік технологиялар» – бұл термин
бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі
кездеседі. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен
құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны
қолданудың
жеке
тұлғаны
қалыптастырудағы
оның
шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар рөлін
қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Компьютер адам
қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру
құрамына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: