Үш тілді білім беру тәжірибесін жақсарту үшін зерттеулер нәтижелерін енгізу мониторингі



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,55 Mb.
#7386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2009-
2011 жылдар 
Ағылшын  тілінде  арнайы  (базалық  және  бейіндік)  пәндер  бойынша  оқу-
әдістемелік кешендер әзірлеу басталды, ҚР БҒМ-нің грифімен алты бағыттағы 
даярлық  бойынша  үштілді  терминологиялық  сөздік  басылып  шықты,  оқу 
құралдары,  практикумдар  жарияланды.  (Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 
мемлекеттік университеті). 
Ағылшын  тілінде  оқу-әдістемелік  материалдар  қалыптастыру  бойынша 
кешенді жұмыс жүргізілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тиімді зерделеу 
үшін  академиялық  база  құрылды,  оқытушыларды  тілдік  даярлау  белсенді 
жүргізілді,  профессор  оқытушылар  құрамының  біліктілігін  арттыру  жүзеге 
асырылды. (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті). 
Ағылшын  тілі  бойынша  бірнеше  оқыту  семинарлары,  республикалық 
олимпиадалар  өткізілді  (Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университеті ҚР БҒМ «Дарын»РҒПО-мен бірге). 
Үш  тілде  оқытатын  арнайы  мектептер  үшін  ағылшын  тілінде  оқу-
әдістемелік кешендер әзірленді. (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университеті). 
Үш  тілде  оқытатын  арнайы  мектептерде  кафедра  филиалдары  ашылды. 
(Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті). 
Қазақстан  Республикасының  33  мектебінде  көптілді  білім  беру  бойынша 
эксперимент басталды.  
2012-
2013 жылдар  
Қазақстанның  ЖОО-да  көптілді  білім  беру  саласында  мониторингтік 
зерттеу жүргізілді. (ҚР БҒМ Болон үрдісі Орталығы). 
Көптілді  білім  беру  мәселесіне  арналған  түрлі  деңгейдегі  форумдар 
өткізілді: 

14 
 

 
ағылшын  тілі  мұғалімдерінің  III  форумы  (  Астана  қаласының  білім 
басқармасы); 

 
оқыту  семинарлары  (АҚШ  Елшілігі  ағылшын  тілінің  аймақтық 
орталығы); 

 
Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20-жылдығына  арналған 
«Мультилингвизм  және  мәдениетаралық  білім  беру:  Қазақстанда  шет  тілін 
оқыту  тәжірибесі»  халықаралық  ғылыми-әдістемелік  семинары  (Л.Н.Гумилев 
атындағы ЕҰУ).  
ҚР  БҒМ-мен  көптілді  білім  беруге  үлкен  көңіл  бөлінген  «Қазақстанда 
филологиялық  білім  беруді  дамытудың  басым  бағыттары»  филологтардың  І-
Съезді ұйымдастырылды.  
Съезд  аясында  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясында 
көптілді  білім  беруге  арналған  «Білім  –  Образование»  журналының  арнайы 
нөмірі жарыққа шықты.  
2014 жыл  
Қазақстанның  пилотты  мектептерінде  көптілді  білім  беру  саласында 
мониторингтік  зерттеу  басталды.  (Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясы). 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында көптілді білім беру 
мәселесіне  арналған  Республикалық  «12  жылдық  білім  беру  –  12-летнее 
образование» (№1, 2014 ж.) журналы дайындалды.  
 
3.1. Қазақстан республикасындағы көп/үштілді білім беру саласындағы 
диссертациялық зерттеулер 
Жоғарыда  айтылғандай,  2008  жылы  жоғары  оқу  жүйесінде  ҚР  БҒМ-нің 
бұйрығымен  көптілді  білім  беруді  жүзеге  асыру  бойынша  базалық  ЖОО-ы 
ретінде  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  мен 
Абылай  хан  атындағы  Қазақ  халықаралық  қатыныстар  мен  әлем  тілдер 
университеттері бекітілді.
5
 
Аталған екі ЖОО-ның базасында осы жылдар бойы 
үштілдік  білім  беру  мәселелеріне  тікелей  қатысты  екі  іргелі  зерттеулер 
орындалған. Олар:  

 
С.С.Құнанбаеваның  2005  ж.  «Қазіргі  шеттілдік  білім  беру:  әдіснамасы 
және теориясы» докторлық диссертациясы; 

 
Б.А.Жетпісбаеваның  «Көптілді  білім  берудің  теориялық-әдіснамалық 
негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясы.  
Орасан  зор  ғалым-лингвист 
С.С.Құнанбаеваның  «Қазіргі  шеттілдік  білім 
беру:  әдіснамасы  және  теориясы»  монографиясында  жаңартылған  когнитивті-
лингвомәденниеттанулық  әдіснама  негізінде  шеттілдік  білім  беруді  жаңғырту 
идеясы  алынған.
 
Сәлима  Сағиқызы  Құнанбаева  басқаратын  әдістемелік 
мектеппен шеттілдік білім берудің жалпыеуропалық және ұлттық моделдер мен 
стандарттарды  үйлестіретін  халықаралық-бейімделген  ұлттық  щеттілдік  білім 
беру жүйесі енгізілген. Білім беру саласындағы Мемлекеттік саясаттың негізгі 
                                                 
5
 
Приказ  МОН  РК  №  441  от  22.07.2008  года  «Об  утверждении  базовых  организаций 
образования по приоритетным направлениям развития высшего и послевузовского образования» 

15 
 
бағытына,  2015  жылға  дейінгі  Білім  беру  жүйесін  дамыту  тұжырымдамасына 
сәйкес, сонымен қатар, әлемдік білім беру жүйесін дамытудың озық үдерістерін 
ескере отырып Сәлима Сағиқызының жетекшілігімен әдіскерлермен білім беру 
жүйесінің  барлық  кезеңдерінде  ШТ  меңгеру  деңгейіндегі  біртұтастық  пен 
сабақтастықты қамтамасыз ететін, мемлекеттік тілдік саясат негізінде шеттілдік 
білім  беруді  кешенді  жаңғыртудың  «ҚР  Шеттілдік  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы» әзірленді.  
Осы  «ҚР  Шеттілдік  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы»  негізінде 
шеттілдік білім беру жүйесінің түрлі деңгейлері мен буындарына арналған шет 
тілдік  оқулықтар  сериясының  негізіне  жататын  шет  тілі  оқулығының  моделі 
құрылды. 
Қазіргі  талаптарға  сәйкес  қазіргі  инновациялық-түрлендірулік  жүйе  мен 
жаңғыртылған жоғары кәсіптік білім беруді талдау және сыни ұғыну негізінде 
С.С.  Құнанбаевамен  салалық  жоғары  білім  беруді  әдіснамалық-негізделген 
жаңғырту платформасын көрсететін кәсіби шеттілдік білім беруді құзыреттілік 
моделдеу  негізі  және  шеттілдік  кәсіптік  жоғары  білім беруді  түрлендіру  үшін 
стратегиялық бағыт жүйесі әзірленді.  
Университет  қазіргі  еңбек  нарығы  сұраныстарына  сәйкес  және  мамандар 
даярлаудың  3  сатылық  халықаралық-стандарттық  талаптарын  ескере  отырып 
шеттілдік  және  халықаралық  бағыттар  бойынша  білім  беру  бағдарламаларын 
бір  мезгілде  бейімдеумен  бакалавриат  және  магистратура  мамандықтары 
наменклатурасын  кеңейтеді.  С.С.Құнанбаева  жетекшілігімен  жүргізілген: 
«Қазақстан  ғаламдық  мәдениетаралық  және  тілдік  қауымдастықта  (қазақ  тілі 
және  әлем  тілдері)»  және  «Әлемдегі  білім  беруді  интернационализациялау 
жағдайында  жоғары  білім  беру  жүйесін  универсализациялау  моделі  және 
механизмі»  жобалары  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  Қазақстан 
Республикасының  инновациялық  дамуы  үшін  ерекше  өзекті  және 
маңыздылықпен сипатталады
6

Дегенмен ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу жоспарында жоғарыда атап 
көрсетілген  Абылай  хан  атындағы  Қазақ  халықаралық  қатынастар  және  әлем 
тілдері  университеті  базасындағы  ОӘБ  Кеңесімен  бекітілген  (  Хаттама  №1 
25.02 2006ж.) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 
келісілген 
«Қазақстан  Республикасында  шеттілдік  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы» ерекше маңызға ие. 
 
Осы  тұжырымдама  бағдарламалық  құжат  ретінде  халықаралық-
стандарттық  талаптарға  сәйкес  шеттілдік  білім  беруді  кешенді  және  терең 
жаңғыртуды  қамтамасыз  етеді.  Осы  жаңғыртудың  идеясы  деңгейлік  модел 
формасында.  Осы  модел  авторларының  пайымдауы  бойынша  деңгейлердің 
нақты санын анықтау және олардың әр типтегі оқу орындары үшін мазмұндық 
аспектісі есебінен сабақтастық, үздіксіздік принциптерін және шеттілдік білім 
берудің сапасын ілгерілемелі даму сапасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 
Осы құжат әр деңгей үшін шеттілдік оқығандықты бақылаудың халықаралық-
                                                 
6
 www.ablaikhan.kz/ru/study-process/study-process/our.../2-uncategorised.htm 
 

16 
 
стандарттық  механизмін  және  отандық  шет  тіліне  оқыту  жүйесінің  пәндік 
мазмұнын үйлесімді біріктіреді.  
Тұжырымдама  мақсаты  Қазақстанның  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуін 
қамтамасыз  ететін  шеттілдік  білім  беруді  дамытудың  негізгі  бағыттарын 
анықтау, шеттілдік білім берудің үздіксіз және сабақтастық, ұлттық деңгейлік 
моделін құрудан көрінеді.  
Тұжырымдама міндеттері : 
1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі шеттілдік білім берудің 
шынайы жағдайын айқындау. 
2.  ҚР  үздіксіз  шеттілдік  білім  беру  жүйесінің  теориялық-әдіснамалық 
негізін белгілеу. 
3.  Білім  беру  құрылымының  барлық  сатысын  қамтитын  үздіксіз-  бірізді 
шеттілдік білім беру жүйесін анықтау. 
4. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдерін анықтау. 
5. Күтілетін нәтижені болжамдау.  
Осы  Тұжырымдама  мақсат  ретінде  мазмұны  тек  прагматикалық  білім, 
білік, дағды ғана емес тіл мен мәдениетті қатар өзара байланыста оқытуда шет 
тілі  құралымен  тұлғаны  дамыту  болып  табылатын  «шет  тіліне  оқыту»  емес, 
«шеттілдік  білім  беру»  ретінде  көрінетін  шет  тілін  оқытуда  мақсатты 
міндеттілікті
 
қайта бағдарлауға бағытталғанын ерекше атап көрсетуге болады.  
Шеттілдік  білім  берудің  көрсетілген  мақсатындағы  сәйкес  жетістіктер 
үшін құжат авторлары идеяны жүзеге асырудың келесі принциптерін анықтады: 

 
үздіксіз және бірізді шеттілдік білім беру; 

 
коммуникативтік-мәдениетаралық өзара байланыс; 

 
оқу процесін ұйымдастырудың проблемалығы мен интерактивтілігі; 

 
оқыту процесінің тұлғалық және жеке бағыттылығы; 

 
шеттілдік білім берудің іргелілігі; 

 
халықаралық-стандарттық оқығандық деңгейін қамтамасыз ету; 

 
шет тілін шығармашылық, когнитивті-қызметтік қолдану; 

 
рефлексивті өзін-өзі реттеу; 

 
әлеуметтік-экономикалық  өмір  өзгерістеріне  икемділігі  және 
беймделгіштігі; 

 
кәсіпқойлығы. 
Авторлардың пайымдауы бойынша шеттілдік қосалқы жүйенің тұтастығы 
біртұтас  әдіснамалық  платформамен,  біртұтас  нормативтік-басқарулық  және 
мазмұндық  базамен,  сонымен  қатар  шеттілдік  құзыреттің  біртұтас  бақылау-
бағалау  механизмін  енгізумен  қамтамасыз  етіледі.  Сонымен  шеттілдік  білім 
берудің  негізгі  мақсаты  –  бұл  шеттілдік  құзыреттің  барлық  кешенін 
қалыптастыруда  бірізділік  пен  үздіксіздікті  қамтамасыз  ететін  жеке 
деңгейлердің  мақсаты  мен  міндеттерінің  иерархиялық  жүйесін  жүзеге  асыру 
арқылы  мәдениетаралық,  шеттілдік  қатынасқа  дайын  және  қабілетті  саты 
бойынша  қол  жеткізетін  екінші  тілдік  тұлға  қалыптастыру,  сонымен  қатар 
халықаралық  стандарт  талаптарына  сәкес  оқығандық  сапасының  нақты 
көрсеткіштеріне  жету.  Осы  талаптар  негізіне  Еуропаның  барлық  елдері  үшін 

17 
 
тілді оқығандық деңгейіне қойылатын талаптарды сәйкестендіруші «Шет тілін 
меңгеру  деңгейінің  жалпыеуропалық  құзыреті»  бағдарламалар  және 
стандарттары қойылды. Осы моделде білім беру бағдарламаларын қабылдаумен 
және  әр  деңгей  сертификаттарына  сәйкес  6  оқығандық  деңгей  ерекшеленеді. 
Бұл  деңгейлер  мазмұны  Тұжырымдаманың  3.2.1, 3.2.2, 3.2.3  пункттерінде 
ашылатын А1, А2, В1, В2, С1, С2 литерімен белгіленеді. Көрсетілген деңгейлер 
ұлттық  білім  беру  жүйесі  ерекшеліктерімен  үйлеседі  және  Тұжырымдамада 
қабылданған білім беру құрылымына сәйкес келесідей түрде жүзеге асады:  
Орта  мектептің  бастауыш  сыныптары  үшін  бастапқы  оқу  бағдарламасы 
ұсынылады;  

 
негізгі саты үшін (5-10 сыныптар) –А1, А2деңгейлері; 

 
12 жылдық бейіндік сыныптар үшін (11-12 сыныптар.) – В1деңгейі және 
бейіндік-бағытталған оқыту бағдарламасы;  

 
арнайы  мектептер  үшін  –  В2  4-деңгей  бағдарламалары  мен 
стандарттары;  

 
техникалық-кәсіптік  білім  беру  мекемелері  үшін  –В1  деңгейі  және 
LSP
негіздері; 

 
ортадан кейінгі кәсіптік білім беру үшін –В2 деңгейі және LSP; 

 
тілдік  емес  жоо  үшін  –В2  деңгейі  және  LSP  толық  курсы  (кәсіби 
бағдарлама);  

 
тілдік жоо үшін –В2, С1, С2 деңгейлерін меңгеру, LAP бағдарламалары 
(тіл академиялық мақсаттар үшін) және LSP арнайы-кәсіптік бағдарламасы; 

 
магистратура  үшін  –С1  деңгейі,  тілдік  жоо  үшін  С2  екінші  ШТ; 
С1деңгейі,  тілдік  емес  жоо  үшін  бірінші  ШТ;  LSP  –  бейіндік  магистратура 
үшін; LАP, LSP – ғылыми зерттеу үшін. 
Шеттілдік білім берудің жаңа жүйесінің маңызды ерекшелігінің бірі оның 
бағыттылығында  оқытудың  соңғы  нәтижесі,  яғни  белгілі  мақсатты  міндеттік 
оқығандық деңгейі тұратын концептуалдық негізделген деңгейлік тәсіл.  
Бұл  жүйе  халықаралық  сапа  бағасының  отандық  пәндік  мазмұнмен 
сәйкестігін көрсетеді, барлық типтегі білім беру мекемелері үшін әр деңгейде 
вариативті мазмұндық білім беру бағдарламалар бөлігімен біліктілікті-сапалық 
талаптарды  шет  тілін  оқығандық  деңгей  бойынша  соңғы  нәтижеге 
сәйкестендіреді. Шеттілдік білім беруді дамытудың негізгі бағыттары үздіксіз 
шеттілдік білім беру жүйесін басқару, сонымен қатар, (ШТ) шет тілі бойынша 
педагог  кадрларды  даярлауды  жетілдірудің  негізгі  бағыттары  Қазақстандағы 
шеттілдік  білім  берудің  жете  шынайы  жағдайы  негізінде  Тұжырымдамада 
анықталған.  Осы  негізде  шеттілдік  орта  білім  беру  деңгейлері  және  мазмұны 
белгіленді: 
а) бастауыш шеттілдік білім беру (2-4 сыныптар.); 
б) негізгі шеттілдік білім беру (5-10 сыныптар.); 
в) орта шеттілдік білім беру;  
г) ортадан кейінгі шеттілдік білім беру;  
жоғары шеттілдік білім беру; 
жоғары оқу орнынан кейінгі шеттілдік білім беру.  

18 
 
Сонымен  Тұжырымдама  авторлары  күтілетін  нәтиже  ретінде  төмендегіні 
болжамдады:  

 
ҚР үздіксіз-бірізді шеттілдік білім беру жүйесін қамтамасыз ету

 
халықаралық-стандарттық  талаптарға  сәйкес  шеттілдік  оқығандық 
деңгейге жету; 

 
шет тілін меңгеру саласында дипломдардың ауыстырымдылығы; 

 
шет тілі бойынша халықаралық сертификаттар алу мүмкіндігі; 

 
нормативтік-басқарулық  және  оқу-әдістемелік  құжаттарды  түбегейлі 
қайта жасау; 

 
жаңа  әлеуметтік  тапсырыс  талаптарына  жауап  беретін  оқулықтар  мен 
оқу әдістемелік кешендер жасау; 

 
шеттілдік  білім  беруді  дамытудың  ұлттық  Тұжырымдамасын 
шығармашылық  жүзеге  асыруға  қабілетті  құзыретті,  жоғарыбілімді,  бәсекеге 
қабілетті жаңа буын шет тілі оқытушыларын дайындау; 

 
Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру.
7
 
Б.А.Жетпісбаеваның  «Көптілді  білім  берудің  теориялық-әдіснамалық 
негізі»  тақырыбындағы  докторлық  диссертациясы.  Осы  тақырыптағы  Б.А. 
Жетписбаеваның  диссертациялық  зерттеудің  негізгі  нәтижелері  диссертант 
басып  шығарған  монографиялар,  оқу  құралдар,  электрондық  оқулықтар, 
автоматтандырылған  оқыту  бағдарламалар,  әдістемелік  ұсынымдардың 
мазмұнында,  көптілді білім беру  мәселелері бойынша  өткізілген халықаралық 
және  республикалық  ғылыми-практикалық  конференциялар  мен  ғылыми-
әдістемелік  семинарлардың  материалдарында,  сонымен  қатар,  Қазақстан 
Республикасында  көптілді  білім  беруді  дамытудың  Тұжырымдамасы,  2008  -
2012  жж  арналған  Е.А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  Мемлекеттік 
Университетінде  көптілді  білім  беруді  енгізу  бағдарламасы,  Е.А.  Бөкетов 
атындағы  Қарағанды  Мемлекеттік  Университетінде  көптілді  білім  беруді 
ұйымдастыру туралы ережелер, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік 
Университетіндегі көптілді білім беру орталығының қызметі туралы ережелер, 
сапасының  бірыңғай  бақылау-бағалау  механизмін  біріктіретін  көптілді  білім 
берудің педагогикалық мониторингінің бағдарламасы деген ресми құжаттардың 
қатарында жарияланған.  
Көптілді 
білім 
берудің 
оқу-ұйымдастырушы 
пішімі 
ретінде 
мультимедиялық  тілдік  орталықтар  ұйымдастырудың  қағидалары  арқылы 
құрылған,  бірақ  білім  беру  мен  қатар  басқару  қызметін  атқаратын  «Көптілді 
білім беруді дамытудың орталығын» айтуға болады.  
Барлық  үлгідегі  білім  беру  ұйымдарындағы,  жоғары  мектептегі, 
жоғары оқу  орнынан кейінгі  білім беру  жүйесінде,  педагог  кадрлардың 
біктілігін арттыру курстарындағы педагогикалық процесте қолданбалы ғылыми 
зерттеу нәтижелері қолданылуы мүмкін. 
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мынада жатыр
                                                 
7
 
http://www.bestreferat.ru/referat-411105.html
 

19 
 

 
көптілді білім берудің факторы мен негізгі өзектілігі ретінде заманауи 
тілдің  жағдайына  педагогикалық  талдау  жасау  барысында  оның  тарихи-
педагогикалық,  әлеуметтік-педагогикалық  және  теориялық  алғышарттарын 
ғылыми тұрғыдағы мәнін анықтауға мүмкіндік берді; 

 
педагогикалық  кезең  логикасы  мен  педагогикалық  жүйенің 
құрылымына  сәйкес  олардың  дедуктивтік  орналасуына  және  қажетті 
категориялар мен түсініктердің ғылыми байланысын іріктеу негізінде көптілді 
білім  берудің  педагогикалық  тезаурусы  әзірленді,  бұл  негізгі  «көптілді  білім 
беру» және «көптілді тұлға» зерттеу ұғымына түсінік береді;  

 
көптілді  білім  берудің  теориялық  негізі  пән  мен  объектіні  анықтау 
арқылы жасалады, сондай-ақ, лингводидактика мен этнодидактиканың түйіскен 
жерінде 
пайда 
болған 
ғылыми 
білім 
саласындағы 
пәнаралық 
этнолингводидактика ұғымы жүйесін құру; 

 
көптілді  білім  беру  практикасын  ұйымдастыру  үшін  ғылыми 
негізделген  ұйғарымын  әзірлеуге  мүмкіндік  беретін  әдіснама-технологиялық 
құралдар,  арнайы  әдістер  мен  ерекше  құралдар  көптілді  білім  берудің 
әдіснамалық  қамтамасыз  ету  бойынша  негізін  қалайтын  жиынтық  ретінде 
этнолингводидактикалық тәсілі ұсынылды; 

 
көптілді білім беруді ғылыми-әдістемелік қолдау оның инновациялық-
педагогикалық ерекшелігіне негізделіп жобаланған; 

 
 
оқыту  мен  білім  беру  іс-әрекетінің  нәтижесін  саралау  жүйесі  ретінде 
көптілді білім берудің педагогикалық мониторингі әзірленген; 

 
аталған  процестегі  субъектінің  іс-әрекетін  реттейтін  және  көптілді 
білім  берудің  нормативті-құқықтық  базасын  құжаттар  жиынтығын  әзірлеу 
негізінде жетілдірілген.
8
 
Аталған  зерттеудің  негізгі  нәтижесі  ретінде  Е.А.  Бөкетов  атындағы 
Қарағанды Мемлекеттік университетінің бір топ ғалымдарының бастамасымен 
әзірленген  Қазақстан  республикасындағы  көп  тілді  білім  беруді  дамыту 
Тұжырымдамасын атауға болады. 
Тұжырымдаманың  эпиграфы  ретінде  көптілді  білім  берудің  негізгі 
идеясын білдіретін «Адам неше рет тіл білсе, сонша рет адам» деген нақыл сөз 
алынды. 
Аталған  Тұжырымдаманы  әзірлеу  ұстанымы  ретінде  екі  жағдай 
анықталды: 

 
біріншіден,  Тұжырымдаманы  нормативті-құқықтық,  теориялық-
әдіснамалық,  ғылыми-әдістемелік  жағын  қамтамасыз  етуді  анықтайтын 
көзқарастар  жүйесі  ретінде  түсіну  және  оның  негізгі  даму  кезеңдерін,  түрлі 
үлгідегі  оқу  мекемелерінде  көптілді  білім  беру  идеясының  оқу-
ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 

 
екіншіден,  көптілді  білім  беруді  нысаналы  ұйымдасқан  бірыңғай 
процесс негізінде үш және одан да көп тіл білетін көп тілді тұлға қалыптастыру 
деп түсіну . 
                                                 
8
 
http://scipeople.ru/publication/87017/
 

20 
 
Тұжырымдама мазмұнының негізгі ұғымын түсінуде екі ұштылық болмас 
үшін көптілді білім берудің педагогикалық тезаурусы негізінде берілген.  
Аталған  тезаурус  мақсатына  сәйкес  реттелген  педагогикалық  жүйелердің 
бір-бірімен тығыз байланысты құрамдас түсіндірмесіне негізделген. Білім беру 
мазмұны,  құралдар,  білім  беру  субъектінің  іс-әрекетінің  формасы  мен  әдісі 
құрамдас  бөліктердің  арасында  ең  маңыздысы  болып  табылады.  (педагогтер 
мен білім алушылар). Әңгіме қалыптасқан көп тілді тұлға - күтілетін нәтижесі 
мен мақсатына сәйкес  мазмұны іріктелетін  көптілді білім  беру  жүйесі  туралы 
болмақ.  Бұл  ұғымның  экспликациясында  авторлар  заманауи  ғылымда 
осылайша терминделген санаттағы тілдік жеке тұлға, екінші тілдік жеке тұлға, 
көпмәдениетті жеке тұлға, этномәдениетті жеке тұлға, этномәдениетті субъект, 
этноссубъектісі теориясына сүйенді.  
Бұл  категориялардың  эволюциясы  теориялық  талдама  нәтижесіне  сүйене 
отырып,  авторлар  көптілді  жеке  тұлғаға  бірнеше  тілде  белсенді  сөйлеуші 
ретінде ана тілінде; қауымда өмір сүруде қолданатын ; бір немесе бірнеше шет 
тілін  біледі  деген  анықтама  береді.Әлеуметтік  қарым-қатынасты  дамытатын 
мәдениетаралық 
парадигмалар 
анықтамасы 
былай 
толықтырылды: 
көпэтникалық білім беру ортасы жағдайында қалыптасқан көптілді жеке тұлға 
сұқбат мәдениетінің субъектісі. 
Осылайша,  жоғарыда  берілген  санаттар  баяндалған  тезаурустің  бірінші 
бөлігін  құрайды.  Логикалық  ретпен  басқа  екі  бөлік  құрылады  :  оның 
ұсынылымы және көп тілді білім беру мазмұнын іріктеу.  
Аталған тезаурус «қолданыстағы» түсінікті анықтаудан басталады: 

 
тұжырымдама  (лат.сonception  –  түсінік,  қабылдау,  жүйе)  –  1)  бір 
нәрсеге  көзқарастар  жүйесі;  2)  зерттеудің  мақсаты  мен  міндеті  анықталған 
кезде,  негізгі  ой;  3)  шығатын  теориялық  ережелер  жүйесі,  зерттеу  ізденісінің 
базасы болып табылады 4) бір құбылысты қарау тәсілдері, бір нәрсені түсіну
9


 
білім  беру  тұжырымдамасы  –  білім  мазмұнына  көзқарастар  жүйесі 
және  әртүрлі  үлгідегі  білім  беру  мекемелерінде  базалық  оқу  пәндерін  оқыту 
ұзақтығы,  мақсатты,  міндетті  түсінуді  анықтау  жолдары  және  білім  беру 
бағдарламаларын ұйымдастыру
10


 
өзге  тілде  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы–  мақсат,  міндеттер, 
деңгейлер,  мазмұн  және  өзге  тілде  білім  беруді  дамытуға  арналған  негізгі 
бағыттар,  жалпы  стратегияны  анықтайтын  ғылыми-практикалық,  әдіснамалық 
құжат. 

 
көп  тілді  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы–  теориялық  шығатын 
ережелердің жүйесі, мақсат, міндеттер, құрылымын анықтайды және көп тілді 
білім беру мазмұны; 

 
көп  тілді  білім  беру  тұжырымдамасын  дамыту  –  көзқарастар  жүйесі, 
нормативті-құқықтық, теориялық-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және түрлі 
үлгідегі  оқу  мекемелерінде  көптілді  білім  беру  идеясының  оқу-
                                                 
9
 
Педагогический энциклопедический словарь. В 2-х т. – М., 1993.
 
10
 
Педагогический энциклопедический словарь. В 2-х т. – М., 1993.
 

21 
 
ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру және оның негізгі кезеңдері 
мен оны дамыту бағыттары; (Б.А.Жетпісбаева); 

 
көптілді білім беру индикаторлары – көрсеткіш, критерилер жүйелері, 
көп тілді жеке тұлғаның қалыптасқан өлшемдері (Б.А.Жетпісбаева).  

 
көптілді  білім  беру  мониторингі  –  білім  алушылардың  іс-әрекетін 
психологтік-педагогикалық қадағалау нәтижелерінің жүйесі және педагогтердің 
іс-әрекетінде бірнеше тіл білуін ғылыми-әдіснамалық қолдау: ана тілі; қауымда 
өмір  сүруде  қолданатын  тілдер;  бір  және  /немесе  бірнеше  шет  тілдері 
(Б.А.Жетпісбаева).  
Осы терминологиялық аппаратқа сүйене отырып Тұжырымдаманы әзірлеу 
басталған  еді.  Білім  беру  мекемелерінде  шынайы  педагогикалық  процеске 
енгізудің практикалық жоспарында көптілді білім беру мәселесі авторлар ойы 
бойынша  олардың  көзқарастарның  жүйесі  көрініп  жатуы  керек.  Әсіресе, 
практикаға  бағытталғандығы  оның  құжат  ретіндегі  сипатын  анықтайды  және 
«көптілді  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы»  мен  «көптілді  білім  беру 
тұжырымдамасы»  арасындағы  түсінікті  ажыратады.  Соңғысы  ресми  құжат 
болып  табылмайды  және  көптілді  білім  берумен  байланысты  теориялық-
әдіснамалық ережелер жүйесін ұсынады.  
Келесі  Тұжырымдаманың  (тезаурустан  кейін)  бір  құрылымы  оның 
кіріспесі  болып  табылады,  аталған  Тұжырымдаманы  әзірлеуде  өзектілігін 
негіздедік,  көптілді  білім  беруді  дамытуда  негізгі  басымдықтарын  белгіледік, 
атап  айтқанда:  нормативті-құқықтық,  теориялық-әдіснамалық,  ғылыми-
әдістемелік  және  оқу-ұйымдастырылуын  қамтамасыз  ету.  Мұндай 
басымдықтар көптеген мәселелер айналымын ғана қамтып қоймайды, көптілді 
білім беру идеясын табысты іске асыруға түзілім мүмкіндік береді, бірізді және 
қадамдық  іс-әрекеттің  жүйелілігін  қойылған  мақсатқа  сәйкес  іске  асыруға 
алгоритмді  модельдеу  себепші  болады.,  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде 
конституциялық мәртебесін нақты қамтамасыз етуге бағытталған, орыс тілінің 
әлеуметтіклингвистикалық  белсенділігін  сақтау  және  әлемдік  кеңістікте 
интеграциялау  құралы  ретінде  шет  тілін  дамыту,көптілді  білім  беруді  дамыту 
үшін нормативті-құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі. 
Дамыту  жоспары  бойынша  көптілді  білім  беруді  теориялық-әдіснамалық 
қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында тілдік жағдайға ғылыми талдау 
жасау, педагогикалық, әлеуметтіклингвистикалық, лингводидактикалық зерттеу 
жүргізу қажет, көптілді білім берудің концептуальды негізін әзірлеу, шетелдік 
және  отандық  оң  тәжірибені  зерделеу  және  тарату,  сонымен  қатар,  көп  тілді 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру  бойынша  ғылыми  әзірлемелер  дайындау  қажет. 
Көптілді  білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  дамыту  аясында  көптілді  білім 
беруді және қолданыстағы ОӘК-оқу – әдістемелік кешенді, әдістемелік кешенді 
(бағдарламалар,  оқулықтар,  көптілді  сөздіктер,  мультимедиялық  және 
электронды  құралдар  т.б.)  жетілдіру  үшін  педагог  кадрларды  дайындау  және 
қайта  даярлау  жүйесін  жетілдіру  қажет;  қазақ  тілі  бойынша  көп  тілді  білім 
берудегі  оқу  пәні  ретінде  ОӘК-ні  әзірлеу;  жеке  оқу  пәндері  бойынша 
жаратылыстану бағытында шет тілінде ОӘК дайындау; Қазақстан жағдайында 

22 
 
шетелдік  ОӘК-ні  бейімдеу.  Көптілді  білім  берудің  оқу-ұйымдастырылуын 
қамтамасыз  ету  үшін  көптілді  білім  беру  мәселелерін  практикалық  іске 
асыруды  ғылыми  қолдау  мақсатында  ғылыми-зерттеу  Орталығын  құру, 
экспериментальды  тәртіпте  түрлі  үлгідегі  мектептерде  үш  тілде  білім  беруді 
енгізу,  сондай-ақ,  көптілді  білім  беру  ортасын  құру  мақсатында  оларды 
материалды-техникалық  жабдықтау,  эксперимент  нәтижесін  тарату  және 
көптілді білім беруді ауқымды енгізу бойынша ұсынымдамалар шығару. 
Қазақстан  Республикасының  білім  берудің  жаңа  парадигмалары  аясында 
көптілді білім беру идеясын іске асыру тактикасы мен стратегияларын әзірлеу 
Тұжырымдама  мақсаты  болып  табылады.  Көптілді  білім  беру  Тұжырымдама 
міндеттері:  

 
тілдердің  үш  тұғырлылығы  идеясын  іске  асыру  үшін  білім  беру 
жүйесінің заманауи мүмкіндігі жағдайына талдау; 

 
көптілді білім беруді дамытудың басым бағыттарын анықтау. 
Тұжырымдаманың  жоғарыда  берілеген  мақсаты  мен  міндеттері  талдап 
тексеріледі және контексте төрт бағыт бойынша нақтыланады. 
Олардың  біріншісінің  мақсаты–  көптілді  білім  беруді  нормативтік-
құқықтық  қамтамасыз  ету  –  көптілді  білім  беру  саласында  білім  беру 
мекемелері  іс-әрекетін  регламенттеу  және  реттеу  үшін  құжаттар  топтамасын 
әзірлеу болып табылады.  
Аталған мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу ұсынылады: 

 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесіндегі  және  тілдерді 
дамыту саласында қолданыстағы мемлекеттік құжаттарға талдау жасау; 

 
тілдік  білім  беруді  нормативтік-құқықтық  қамтамасыз  етудің 
жағдайына диагностика жасау; 

 
тілдік  білім  беруді  нормативтік-құқықтық  қамтамасыз  етудің  даму 
жағдайына болжам жасау. 
«Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын ескере отырып , Қазақстан 
республикасының  білім  беру  жүйесінде  тілдерді  меңгертуді  реттейтін,  білім 
беру мазмұнын қайта қарау үшін құжаттар топтамасын әзірлеу қажет, көптілді 
білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жорамалдайды, онда болу 
қажет: 

 
Қазақстан  Республикасының  көптілді  білім  беру  Тұжырымдамасы, 
оның теориялық-әдіснамалық негізін анықтайды; 

 
Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасы оны іске асыру кезеңдерін 
көрсетеді; 

 
Типтік  регламент  мемлекеттік  тілде,  орыс  тілінде,  оқыту  тіліне 
қарамастан  шет  тілдерінде  оқытылатын  пәндер  тізімін  анықтайды,  сонымен 
қатар,  этникалық  топтарды  ана  тілінде  оқытуы  сыртқы  институционалдық 
артықшылықты бекітеді; 

 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  орта  білім  беру  стандарты  тілдік 
пәндерді оқытуға оқу уақытының көлемін ұлғайтуды қарастырады ; 

23 
 

 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  кәсіби  білім  беру  стандарты 
көптілділік  жағдайында  кәсіби-бағдарлы  қарым-қатынасқа  дайындау 
мақсатында тілді оқытудың уақыт шегін ұтымды анықтауды қарастырады;  

 
Педагогикалық  мамандықтардың  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру  стандарты,  мұғалімдерді  мамандыққа  дайындау  бойынша  міндетті 
мемлекеттік  тілде,  орыс  тілінде,  шет  тілдерінде  оқытуды  қарастырастырады 
(МЖМС  осындай  нұсқа  жобалайды  типтік  оқу  пән  жоспарлары  тізіміне  шет 
тілін оқытумен бірге жалпы міндетті пәндерді қосу «Арнайы мақсатқа арналған 
шет тілі», «Шет тіліндегі пәнді оқыту әдістемесі»). 
Қажетсіз  фрагменттікті  болдырмау  үшін  және  аяқтап  бітіру  жүйесіздігін 
жібермеу үшін тез арада белгілеу, нормативті бекіту, құжатқа сай безендіру көп 
тілді білім беруді дамытудың басымдық берілетін бағыттарын дамыту қажеттігі 
туды.  Одан  кейін  заманауи  педагогикалық  менеджменттің  ережесіне  сәйкес 
талданған Тұжырымдаманы құрастыру ойға келді. 
Екінші  бағыттың  мақсаты  теориялық-әдіснамалық  көптілді  білім  берудің 
негізін әзірлеуді анықтау. Осыған байланысты келесі міндеттер қойылған :  

 
көптілді білім берумен байланысты ғылыми жағдайын анықтау; 

 
көптілді  білім  берудің  дамуы  мен  қалыптасуының  теориялық 
алғышарттарын шығару. 
Мақсатты  бұлай  қою,  ең  алдымен,  көптілді  білім  берудің  мәнін  ашумен 
байланысты 
және 
оның 
теориялық-әдіснамалық 
тұжырымдамасы, 
педагогикалық  идеясы  оның  әрі  қарай  дамуына  жеткіліксіз.  Аталған 
педагогикалық  құбылыстың  күрделілігін,  оның  динамикалық  және  теңсіздігін 
түсінген  соң,  педагогикалық  ғылымның  инновациялық  жетістігін  ескере 
отырып,  теориялық  базасын  жаңарту  мен  өсіру  арқылы  әдіснамалық 
мониторингті үздіксіз жүзеге асырудың қажеттігін түсіндік.  
Көптілді  білім  беру  мәселесі  көпаспектілі  және  көпқырлы  болғандықтан, 
түрлі  ғылыми  мектептегі  ғалымдардың  назарын  бір  нүктеге  тоғыстыру  керек 
болды. 
Этнолингвистика  саласындағы  зерттеу  көптілді  білім  беруді  дамытудың 
негізгі факторларының бірі болып табылады. Тілді дамыту мен қолдану , білім 
беру  практикасындағы  тиімді  әсерін  жазу,  теориялық-әдіснамалық  ережелер 
этноәлеуметтік, 
этнопсихологиялық, 
этнопедагогика, 
этномәдениет, 
этнополитологияға  сәйкес  пәндік  ғылыми  негізделген  ұсынымдамалар  әзірлеу 
керек . 
Этнолингводидактика  саласындағы  зерттеулер  мақсатты  түрде  көптілді 
білім  беруді  қамтамасыз  етудегі  теориялық-әдіснамалық  әзірлемелер 
бағытындағы негізгі бағыттарының бірі. Тілге қатысты түйіндескен мәселелерді 
ғылыми  болжам  және  теориялық  есептеуді,  эксперименттік  тексеруді  тыс 
қалдырмай  толық  ғылыми-  зерттеуі  жеткілікті  жиынтық  қорымен  зерделеу 
қажет .  
Көптілді  білім  беру  теориясы  және  әдістемесі  ғылыми-педагогикалық 
логикалық циклды  ескере  әзірлену  қажет:  жалпы  педагогикалық  заңдылықтар 
мен  заңдарды  шығару  ,  теориялық  тәсілдер  мен  қағидаттар,  шартталған 

24 
 
көптілді  білім  берудің  педагогикалық  жағдайларын  ұйымдастыру.  Бұл  мақсат 
пен міндетті құрастыруға, мазмұнын іріктеуді негіздеуге сонымен қатар, әдісті, 
форманы, көптілді білім беру құралдарын анықтауға мүмкіндік береді.  
Бірінші  сұрақтан-ақ  қалыптасудың  теориялық  алғышартын  және  көптілді 
білім  беруді  дамытуды  ойлау  керек,  сондай  жағдайда  тілдік  білім  берудің 
практикасы  мен  теориясы  тілдік жеке  тұлға  тұжырымы негізделеді,  өзге  тілді 
білім берудің теориясы мен практикасы – екінші тілдік жеке тұлға тұжырымын 
негіздейді,  этномәдени  білім  беру  -  көпмәдениетті  жеке  тұлғамен  арақатынас 
ортатады.  Осы  логикаға  орай  көп  тілді  білім  беру  теориясы  мен  әдіснамасы 
әзірленуін  жобалайды,  біздің  зерттеуіміздің  барысында  дәлелденгендей  , 
көптілді  жеке  тұлға  санатын  зерделеуде  ,  Қазақстан  республикасында  тілдік 
білім  беру  орыс  және  шет  тілдері,  мемлекеттік  (қазақ  тілі)  және  шет  тілдері, 
мемлекеттік  (қазақ  тілі)  және  орыс  тілдері,  ана  тілі  және  мемлекеттік  (қазақ 
тілі) баланысы бағытында болу қажет. 
Практикалық  іске  асырудың  негізгі  механизмі  «қосарлы  білім  алу» 
қағидатына  негізделген:  тілдік  пәндерді  өзі  меңгеру  арқылы  тілдік  білім  беру 
және  жекелеген,  математикалық  және  жаратылыстану  пәндерін  ағылшын 
тілінде оқыту, әлеуметтік гуманитарлық пәндерді – түпнұсқа тілде оқыту . 
Аталған  негіздеме  ешқашан  дәлелденбеген  қағида  болып  қалмайды, 
көптілді  білім  берудің  педагогикалық  тезаурусы  болып  қалады  деп  авторлар 
болжайды, басқа ғылыми салалардағы теориялық әзірлемелер дамуымен сәйкес 
жетілдірілуі тиіс және толықтырылады. Сондықтан даму бағыты көптілді білім 
беруді  теориялық-әдіснамалық  қамтамасыз  ету  педагогикалық  тезаурусының 
әзірлемесіболып  табылады  ,  терминологиялық еркіндікке  жол  бермейтін және 
негізгі түсініктері мен оның категорияларына екі ұшты түсінік беру мүмкіндігін 
жоятын,  сонымен  қатар,  көптілді  білім  берудің  педагогикалық  мониторингін, 
оның сапасын бірыңғай бақылау-бағалау механизмі көрсетеді. 
Көптілді  білім  берудің  теориялық-әдіснамалық  тұжырымдамасының  бұл 
бөлігі біздің дессертациямыздың екінші тарауы мазмұнымен сәйкес келеді. 
Үшінші  бөліктің  мақсаты  көптілді  білім  берудідамыту  жүйсін  ғылыми-
әдістемелік  жағынан  қолдайды  және  негізгі  қалыптастыру  бағыттарын 
анықтайды , міндеттер болжанады: 

 
көптілді  білім  беру  жүйесі  үшін  педагог  кадрларды  дайындау 
жолдарын қарастыру; 

 
көптілді  білім  берудіңоқу-әдістемелік  кешендері  типтерін  анықтау 
(ОӘК). 
көптілді  білім  беру  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  етумен  байланысты, 
ең  бірінші  оқыту  іс-әрекетімен,  сондықтан  оның  негізгі  бағыттарын  дамыту 
болып табылады: 

 
көптілді  білім  беруді  іске  асыру  үшін  педагог  кадрларды  дайындау 
және қайта даярлау жүйесін жетілдіру; 

 
оқу-әдістемелік  құралдарды,  оқу  бағдарламаларды  әзірлеу  және 
жетілдіру,  тілдерді  оқытудың  кешенді  сұрақтарын  қамтитын  (мемлекеттік, 

25 
 
орыс,  шетжәне  ана  тілін),  сонымен  қатар  кейбір  пәндерді  ағылшын  тілінде 
оқыту. 
Көптілді  білім  берудің  құрылымдық  бірлігі  ретіндегі  ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз  ету  болып  табылатын  оқу-әдістемелік  кешені  (ОӘК):  оқу 
бағдарламалары,  оқулықтар,  оқу  құралдары,  хрестоматиялар,  көптілді 
терминологиялық  сөздіктер,  басқа  сөздіктер,  тілдік  пәндер  бойынша  жұмыс 
дәптерлері,сонымен  қатар,  мультимедиялық  ресурстардан  тұрады  (тілдік 
орталықтар, Интернет желісі, спутниктік телевидение, электронды кітапханалар 
және т.б.). 
Аталған  дидактикалық  материалдарға  талдау  жасау  үш  еуропалық  тілдер 
бойынша  мол  материалдардың  бар  екенін  белгілейді  (ағылшын,  неміс, 
француз), орыс тілі бойынша ана тіліндей және ана тіліндей емес, қазақ тілі ана 
тіліндей  ,  қазақ  тілі  бойынша  және  мемлекеттік  тіл  ретінде  ОӘК  аз  берілген. 
Тілдік  емес  пәндер  және  шет  тілінде  оқытылатын  пәндер  бойынша  оқу-
әдістемелік құралдар мүлдем жоққа тән.  
Сондықтан  көптілді  білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету 
болжайды: 

 
пәндік  ОӘК-ні  оқыту  тілінде  жетілдіру  (мектептің  бастауыш  білім 
сатысы); 

 
қазақ  тілі  бойынша  кезеңдік  ОӘК  кезеңмен  пайдалану  және  әзірлеу, 
қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы – мемлекеттік тілде; 
орыс  тілі  мен  орыс  әдебиеті-  орыс  тілінде;  Дүниежүзі  тарихы  бойынша, 
математикалық  және  жаратылыстану  бағытындағы  пәндер  бойынша  –  шет 
тілінде,  артықшылық  ағылшын  тіліне  және  т.б.  беріледі.  (мектептің  орта, 
жоғары сатысы); 

 
Қазақстан  жағдайында  шетелдік  ОӘК-ні  ағылшын  тілінде  бейімдеу 
(
барлық білім беру деңгейінде және барлық типті білім беру ұйымдары үшін); 

 
 «
Арнайы  мақсатқа  арналған  қазақ  тілі», «Арнайы  мақсатқа  арналған 
орыс  тілі» «Арнайы  мақсатқа  арналған  шет  тілі»  пәндері  бойынша  ОӘК 
қолдану және әзірлеу (орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беру); 

 
«
Шет тілінде оқыту әдістемесі /пән/» пәні педагогикалық мамандықтар 
бойынша  ОӘК  қолдану  және  әзірлеу  (орта  кәсіби  және  жоғары  кәсіби  білім 
беру); 

 
көптілді  білім  беру  педагогикалық  мониторингін  әзірлеу,  бірыңғай 
бақылау-бағалау механизмі арқылы сапасын көрсету; 

 
орыс тілін деңгейлік оқыту моделін әзірлеу; 

 
ағылшын  тілін  тереңдетіп  оқытуға  арналған  біліктілікті  арттыру 
курстарын ұйымдастыру; 

 
мұғалімдер/оқытушыларды  қысқартылған  білім  беру  бағдарламасы 
бойынша екінші мамандыққа қайта даярлау; 

 
көптілді білім беру жүйесіне арналған педагог кадрларды дайындау. 
Көптілді  білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету  мақсаты  мен 
міндетін  негіздеп  қоюмен  анықталады,  субъектілердің  іс-әрекетін  аталған 
процестің  авторлары  инновациялық-дидактика  ретінде  қарастырады. 

26 
 
Зерделенген  Тұжырымдама  мәні  көптілді  білім  беру  аспектісі  бойынша 
болашағы бар даму бағыты болжанады және ұсынылған шешімге сәйкес келеді. 
Көптілді  білім  беру  идеясын  іске  асыруды  ұйымдастырудың  формалары  мен 
оқу  базаларын  анықтау  бағытындағы  мақсаты  болып  табылады.  Оның 
міндеттері:  

 
Заманауи  білім  беру  жүйесінде  көптілді  білім  беруді  іске  асырудың 
мүмкіндік әлеуетін бағалау ;  
Көптілді білім беруді қйымдастыру формаларын дамытуды жобалау.  
Тұжырымдаманың  мақсатқоюшылық  аспектісінен  басқа  оны  іске 
асырудың  негізгі  кезеңдері  анықталды:  дайындық  кезеңі  (2008-2012  жж.), 
негізгі кезең (2012 жылдан бастап). 
Жалпы  бұл  Тұжырымдама  Қазақстан  республикасы  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаев ұсынған «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын іс жүзіне асыруға негіз 
болады. Тұжырымдама көпшілік талқылауының барлық кезеңдері мен алқалық 
келісімінен өткенін оның дәлелдігі мен анықтығымен дәлелденеді: Е.А. Бөкетов 
атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  ғылыми  кеңесі  13.03.08ж 
хаттама  №17  қосымша  Білім  және  ғылым  министрлігі  мен  Е.А.  Бөкетов 
атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  өткізген  "Жоғары  мектеп 
жүйесіндегі  көптілді  білім  беру":  мәселелері  мен  перспективалары  атты 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция
11

2014  жылы  көптілді  білім  беруді  дамыту  Тұжырымдамасы  негізінде  екі 
құжат дайындалды. Олар мемлекетте көптілді білім беруді дамыту үшін үлкен 
практикалық маңызы зор, дәл осылай:  

 
мектептерде көптілді білім беруді ұйымдастыру Ережесі (қосымша А); 

 
жоғары оқу орындарында көптілді білім беруді ұйымдастыру Ережесі 
(Қосымша Б).  
Сонымен  қатар,  Е.А.  Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университетінде  2008-2012, 2012-2016  жылдар  аралығында  көптілді  білім 
беруді енгізу бағдарламасы әзірленді (Қосымша В). 
Сонымен,  заманауи  педагогикалық  менеджменттің  негізгі  заңдылығына 
ілесе  отырып  және  педагогикалық  қызметтен  көптілді  білім  беруді  іріктеу 
арқылы  көптілді  білім  беруді  іс  жүзіне  асыруға  нормативті-құқықтық  база 
құрылды,  оның  ұйымдастыруы  мен  енгізуін  реттейтін  құжаттар  жиынтығы 
әзірленді.
 
 
3.2 2009-
2015  жылдар  аралығындағы  үштілді  білім  беру  саласындағы 
ғылыми-зерттеу жобалары  
 
2009-
2015  жылдар  аралығында  үштілді  білім  беру  саласындағы  ғылыми-
зерттеу жобалары 9 жоғары оқу орнында және 3 ғылыми-зерттеу институтында 
орындалды (3.1-кесте).  
 
                                                 
11
 
Концепция развития полиязычного образования / Кубеев Е.К., Шкутина Л.А., Жетписбаева 
Б.А., Сырымбетова Л.С., Жанкина Б.Ж. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2008.
 

27 
 
3.1-
кесте  –  үштілді  білім  беру  саласында  ҒЗЖ  орындаған  ЖОО  және  ҒЗИ 
туралы мәліметтер 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет