Шағын және орта кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата19.01.2017
өлшемі3,61 Mb.
#2197
1   2   3   4   5   6

«СЫНБАЙТЫН ЫДЫС» ТУРАЛЫ 

МИФТІҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР?

«Суға салсаң – батпайды, отқа салсаң 

– жанбайды» деген әсірелеуші теңеудің 

ертегі не жырда кездесетінін ескерсек, 

қазіргі пиар заманы осындай аңыздың өзін 

ақиқат секілді сендіруге тырысып жатыр. 

Мысалы, жерге түсірсең де, лақтырсаң да 

сынбайды деген жарнамамен қазір шыны 

ыдыстар сатылып жатыр. Ақиқатында 

солай ма? Бұған күмән туғызған мынадай 

жайттар болыпты. Таңертеңгілік ас ішіп 

отырған отбасы дастарқанының кенет 

берекесі ұшады, қаннен қаперсіз, ешбір ас 

салынбай асүй сөрелерінде тұрған шыны 

тәрелке шарт етіп сынады да, күл-паршасы 

шығады. Оған ешкім ас салған жоқ, бос 

тұр, олай болса неден сынды? Жұмбақ. Ал 

сынған ыдыс әлгіндей «лақтырсаң да 

сынбайды» деген пиармен жер-көкті жау-

лап алған ыдыстардың қатарынан еді. 

Осы дан кейін ынталы топ тәжірибе жаса-

ған, сонда әлгіндей ыдысты әртүрлі биіктік-

тен жерге тастап көрген, яғни 40-50 см 

биік тік тен тастағанда сынбаған, алайда 

120 см-де сынбақ түгіл, түгі қалмаған. 

ТҮБІ КҮЙМЕЙТІН ТАБА АСТЫ 

КҮЙДІРМЕЙДІ, ЕСЕСІНЕ...

Бұл өз алдына, сіз «түбі күймейді» 

деген табалардың қызығын тыңдаңыз. 

Асүйінде тұрған тотықұсы аяқастынан өліп 

қалғанда оны асырап алған иесі – қыз 

бала мәнісін түк түсінбей қалған. Кейін 

байыптап қараса, бар кілтипан тотықұстың 

асүйде орналасқанында екенін ұғынған. 

Соның ішінде таяуда ғана сатып алған 

табақшасы. Лаборатория мамандары осы 

табаларды зерттей келе, оның құрамында 

ағзаға қауіп туғызатын перфтороктанды 

қышқыл екенін анықтаған. Таба астың 

түбін күйдірмеуі үшін қолданылатын осы 

бір зат ыдысқа пайда болғанымен, ағзаға 

ажал болып төнуі, атап айтқанда, қатерлі 

ісікке шалдықтыруы мүмкін екен. Қатерлі 

ісікке апармаған күнде де жоқ дегенде 

ағзада ақуызды көбейтіп жіберетінге ұқ-

сай ды. Ал мұны АҚШ-та әлдеқашан зерт-

теп, анықтап, әлгіндей табаларды сатуға 

ты йым салған. Еуропа да солай. Ал «ажал-

ды» табалар Ресей мен Орта Азияда емін-

еркін сайрандап, тіпті сән тағын иемденіп 

отыр. 

Ал пластик ыдыстардың қайдан шығып, 



қандай материалдан жасалуы мүмкін 

екендігін білсеңіз, тіпті шошынасыз. Мәсе-

лен, Ресей журналистері «пластик ыдыстар 

ВИЧ инфекциясы бар шприцтерден жаса-

ла ды екен» деген мәлімет естіп, соның 

түбі не түскен. Том қаласындағы зауытына 

арнайы барып, ыдыстың жасалу процесін 

түгел көзбен көрген. Әлгі сыбыс түбегейлі 

негізсіз болмаса да, ВИЧ инфекциялы 

шпри ц  терден 

ыдыс 

жасалмайтыны, 



олардың осы зауытта балқытылып, одан 

көше сыпыратын пластик сыпырғыларға 

жұмсалатынын анықтаған. Дегенмен ол да 

қауіпті ғой. 



ТҮЙІН  

Пластик, шыны ыдыстар, 

күймейтін таба бізде бар ма? Бар. 

Оны зерттеп, қадағалап жатқан 

адам бар ма? Саудада жүрген 

ыдыстардың төркіні Қытай екенін 

білеміз. Сол Қытай оны қалай жасап 

жатқанын кім білсін? Демек, бізге 

осы жағын қадағалайтын кез жетті. 

Кім білсін, кейінгі кездері көбейіп 

кеткен ауру – жұмбақ аурулардың 

түбі осында жатқан шығар?! 

Басы 1-бетте

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№138 (590) 9.08.2011 жыл, сейсенбі            



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қайықпен серуендеу үшін нені білу керек?



Суға шомылуға жиі барып жүрміз. Достарым үнемі қайықпен 

серуендеу керектігін айтады. Бірақ мен қайыққа отырудан қорқамын. 

Қайыққа мінгенде қандай сақтық шарасын есте ұстаған жөн?

 

 Гүлсезім АЛАШБАЕВА, Ақтөбе облысы

Ескекті су көлігіне отырарда 

мынадай тыйымдарды есте ұстау 

керек:


иесі жоқ немесе ақауы бар қайық-

тар ды пайдаланбау керек, су көлікте-

рінің техникалық жағынан міні жоқ-

ты ғына  көз  жеткізіңіз;

құтқару құрал-жабдықтарынсыз 

қа йық қа  отырмаңыз;

су көлігінің жүгі шамадан тыс 

ауырлап кетпеуі тиіс;

спиртті ішімдік ішкен болсаңыз, 

қа йық пен серуендеуден бас тарты-

ңыз;

су көлігінің тұмсығына отыр-



маңыз;

жүзіп келе жатқанда бір орыннан 

екінші орынға ауыса бермеңіз;

қайықтан суға секіруге болмай-

ды!

– Асылжан Сарыбайұлы,  

Премьер-министр таяуда ғана өткен 

Үкімет отырысында ауыл шаруашы-

лы ғын қолдаудың әзірге ілкімді 

жолы субсидиялау екенін алға 

тартып, осы бағыттағы жұмыстарды 

пысықтауды тапсырған еді. Нақты 

бір ұсыныстар бар ма?

– Министрлікте субсидиялау саласында 

жаңа саясат орын алуда. Қарқынды мемле-

кеттік көмек соңғы жылдары аграрлық 

саланы жақсартып, даму үрдісін көрсете 

алмады. Мемлекеттік көмек көрсетіліп жат-

қанымен, ақша бытырап, күтілетін нәтиже-

лер ді бермей жатыр. Бүгінде экономикалық 

тиімділік және бөлінген қаражатты қадаға-

лау ашық сұрақ болып қалуда.

Сондықтан біз ауылшаруашылық сала-

сын дағы мемлекеттік көмекті өзгертіп және  

субсидиялау идеологиясын өзгерту қажет-

тілігіне келдік. 

Субсидияларды бөлу әдісінің негізін 

агроөнеркәсіптік кешеннің даму мақсатына 

жету үшін субсидия жүйесіне қайта бағыт тау 

қажеттілігі туындап отыр.  

ҚР 2010-2014 жылдардағы агроөнеркә-

сіп 


тік кешеннің даму бағдарламасында 

Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің 

даму бағытын анықтайтын негізгі мемле кет-

тік құжатта ауыл шаруашылығының дамуы-

ның негізгі мақсатттары белгіленген – «…өнім 

экспортын ұлғайтатын және азық-түлік 

қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздің 

АӨК-нің бәсекеге қабілеттілігінің дамуы».

Осыған сәйкес, АӨК-ті субсидиялаудың 

негізгі мақсаты азық-түлік қауіпсіздігінің 

белгілеріне жетіп, ауылшаруашылық өнімін 

арттыру арқылы экспортты дамыту болып 

табылады. 

Әзірге субсидиялар ауылшаруашылық 

кәсіпорындарына жұмыс нәтижелері 

 

қарастырылмай беріліп жатыр. 



Сонымен, еліміздің АӨК дамуының 

стратегиялық мақсаттары бағытталып, біз 

дүниежүзілік қалыптасқан мамандан ды-

рылған өндірісті ескере отырып, экономи-

калық және стратегиялық мақсаттарға 

лайықты ауылшаруашылық өнімін өндіру 

бағытын анықтап,  қолдаудамыз.  

Қазақстан халықаралық аграрлық 

нарықтың мүшесі ретінде  біздің бәсекедегі 

артықшылығымызды анықтап,  ауылшаруа-

шылық өнімін өндіруі тиіс. Біз мемлекеттік 

ресурстың шоғырланатын және оның да-

муы мен қолдануына бағытталған  азық-

түлік және ауылшаруашылық өнімін өндіру-

дегі нақты тізімін қалыптастыру үстіндеміз.   

Бүгінде бөлініп отырған субсидиялар 

көлемі мен мөлшері ауылшаруашылық өнім 

өндірушілерді қанағаттандырмайтындығы 

жайлы айтып өткеніміз жөн. 

Осы тұрғыда біз мемлекеттік көмек 

көлемін агроөнеркәсіптік кешеніне жаңа 

технологияларды енгізген, сыртқы және ішкі 

нарыққа азық-түлік және ауылшаруашылық 

өнімін өндіруде жоғарғы көрсеткіштерге ие 

болған және тұрақты дамуға бағытталған 

субъектілер арасында арттырамыз, соларға 

бөлеміз.  Соған қоса, субсидияның қалып-

тас тыру ережелері мен принциптері қайта 

қарастырылады. 

Қазіргі таңда субсидияны ұсынудағы жыл 

сайынғы өзгерістер аграрлықтарды қанағат-

тандырмауда. Тұрақты өзгерістер шаруалар-

ға өз әрекеттерін жоспарлаған кезде субси-

дияны қарастыруға мүмкіндік бермейді. 

Олар алдын ала қанша өнімді қайда өткізу 

және бұған қандай субсидия бөлінетіні 

жөнінен хабардар болғылары келеді. 

Осыған сәйкес, біз қаражат желтоқсан 

айын да бекітілгеннен кейін күзде сәйкесін-

ше заңдарды дайындап, жариялаймыз.  Бұл 

ауылшаруашылық өнім өндірушілерге суб-

си дияның қандай көлемде болатындығы 

жөнінде ақпарат болады. Субсидия меха-

низм дері мен ережелері, соған қоса көлемі 

жыл сайын өзгермеуі тиіс екенін айтып өткен 

жөн. Алдымен субсидияны ортамерзімді 

деп жоспарлаймыз, яғни ауылшаруашылық 

өнім өндіруші өзінің экономикасын жоспар-

лаған кезде мемлекетттік көмек көлемін ес-

ке ретін тұрақты субсидия жоспары болу 

ке  рек.

Субсидияны ұсынуда механизм мобиль-

ді лігі ауқымды болсын деп, біз келесі жылғы 

бюджетте субсидиялау бағдарламасын 

ұлғай туға  тырысамыз.

– Астананың одан әрі дамуына 

байланысты өткен жиында Елбасы 

елді азық-түлік қауіпсіздігімен қам-

та масыз ету мәселесіне баса назар 

аудартқан еді. Осыған қатысты 

министр лік қандай шаралар атқа-

рып жатыр?

– Елбасының қатысуымен 2011 жылы 

17 сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген оты-

рысында облыс орталықтарын азық-түлік 

тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі 

берілген тапсырмасын орындау үшін 

министр лік мерзімі мен орындалу индика-

торларын көрсете отырып, облыстарымыз-

дың негізгі атқарылатын жұмыстар жоспа-

рын әзірледі. 

Бұған қоса, Елбасы 2011 жылғы 12 ма-

мыр 


дағы Алматы қаласында «Алматы 

қаласын орнықты дамыту жөніндегі бірінші 

кезектегі шаралар туралы» және аталған 

жылдың 3 маусымында өткен «Елорданы 

одан әрі дамытудың басым мәселелері 

туралы» кеңестерде Астана мен Алматы қа-

ла лары маңындағы азық-түлік белдеулерін 

дамыту жөніндегі шаралар кешендерін 

әзірлеуді тапсырды.

Астана, Алматы қалаларының маңында-

ғы азық-түлік белдеулерін дамыту бірқатар 

ведомстволардың келісіп жұмыс істеуін 

талап ететіндіктен, министрлік ағымдағы 

жылдың Талдықорған және Астана қалала-

рын да тиісті әкімдіктер, ұйымдар мен әлеу-

меттік-кәсіпкерлік корпорациялар, сондай-

ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының, 

қайта өңдеу кәсіпорындарының және ірі 

сауда желілері басшыларының қатысуымен 

жиналыс өткізді.

Жиналыстарда елорда және Алматы 

қаласы маңындағы азық-түлік белдеуін 

дамыту жөніндегі бірінші кезекті міндеттер 

талқыланды. Онда 2010-2014 жылдарға 

арналған Үдемелі индустриялық-иннова-

ция лық дамыту мемлекеттік бағдарламасын 

жүзеге асыру тәжірибесіне негізделген 

нәтижелі әдістеме ұсынылды.

Аталған әдістемені жүзеге асыру үшін 

әкімдіктерге азық-түлік белдеуін құруға 

қатысатын барлық кәсіпорындардың тізімін 

анықтау және олардың әрқайсысының нә-

ти желі дамуына кедергі болатын факторлар-

ды анықтау, сондай-ақ жауапты орындаушы-

ларды, орындау мерзімін және қажетті қар-

жыландыру сомасын бекіте отырып, нақты 

іс-әрекет жоспарын анықтау тапсырмасы 

берілді.


Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

мақсатында агроөнеркәсіп кешені кәсіпо-

рын дарына мемлекеттік қолдау шаралары 

көрсетілуде. Атап айтқанда, мал және егін 

шаруашылықтары, сондай-ақ қайта өңдеу 

кәсіпорындарына субсидиялар беру, 

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы жеңілдетілген 

несиелер мен жабдықтар, техникаларды 

лизингіге беру жалғасуда.

– Сол кеңесте қаланың айнала-

сын да ауыл тұрғындарына арналған 

базар қажет екені айтылған бола тын. 

Жалпы, бұл мәселені Президенттің 

айтып жүргеніне біраз уақыт болды. 

Бұл, біріншіден, ауыл 

тұрғындарының әлеуметтік жағда-

йын жақсартса, екіншіден, қала 

халқы арзан азық-түлікпен қамта-

ма сыз етіледі. Алайда бұл шаруаның 

жүзеге асып жатқанын көрмейміз. 

Ауыл халқы үшін демалыс күндері 

жәрмеңке ұйымдастырудан әрі аса 

алмай отырмыз. Осыған қатысты сіз 

не айтасыз? Министрлік осыған  

дейін қандай шаралар атқарды? 

Ауыл тұрғындарына арналған 

базарды қашан көреміз?

– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа-

шылығы министрлігі қойылып отырған 

сұрақты қарастыру және шешу жергілікті 

атқа рушы органдарға тиесілі екенін мәлім-

дейді. Берілген сұрақтың шешімі министр-

ліктің функционалды міндетіне жатпайды.

– Азық-түлік қауіпсіздігін қамта-

масыз ету жолының бірі  – халал 

өнім дерінің  үлесін арттыру. Оны 

Елбасы да өз сөзінде айтып өткен 

болатын. Осыған байланысты ма-

лай зиялықтардың  инвестиция лауы-

мен Жамбыл облысында халал ет 

өнімдерін шығаратын мал-өнді ріс тік 

кешені салынайын деп жатыр. Осы 

секілді халал индустриясын дамыту-

дың кешенді жоспарлары бар ма?

– Бүгінгі таңда «халал» деген сөз «эколо-

гиялық таза» және «сапалы» деген сөздерге 

теңестіріледі. «Халал» халықаралық стан-

дарттары Қазақстанда 2000-жылдардың 

басынан енгізіле бастады. Қазіргі кезде 

біздің елімізде 26 ұлттың өкілі болып табы-

латын 10 миллионнан астам мұсылман 

тұрады. Осынша мұсылман халал өнімдері 

нарығының өсуіне ықпал ететіні сөзсіз. Бұл 

бағытта тамақ өнеркәсібі белсенді дамып 

келеді. Республика бойынша 500-ден астам 

кәсіпорын халал өнім шығаруға сертификат-

тар алған және «халал» стандарт тарына 

сәйкес қызмет көрсетуде. 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 

Индустрия және жаңа технологиялар 

минис тр лігінің Техникалық реттеу және ме-

тро логия комитетінің жанында №57 «Ха-

лал» техникалық комитеті құрылған. Оның 

құзыретіне халал индустриясын нығайту 

және дамыту кіреді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы №1052 

қаулысымен бекітілген Қазақстан Республи-

ка сының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту 

жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған 

бағдарламада «халал» стандартына сәй кес 

ет өнімдерін өндіру Таяу Шығыс және араб 

елдерінің нарықтарына шығуға мүм кін дік 

беретін басым бағыттардың бірі ретін де 

белгіленген.



–  Өзіңіз білесіз, бізде малдың  

80-85%-ы жеке шаруашылық тар-

дың үлесінде. Яғни малдың сапасын 

жақсарту жұмысына да қатысы бар. 

Ал мемлекет тарапынан берілетін 

көмек пен субсидияның қызығын 

көбіне ірі шаруашылықтар көріп 

жатады да, жеке шаруашылықтар 

көлеңкеде қалып қояды. Егер жеке 

шаруашылықтардағы малды асыл-

дандырып, ауылдардың маңындағы 

жайылымдарды қалпына келтіріп, 

өрісін кеңейтсек, мал 

шаруашылығының дамуына орасан 

зор үлес тимек емес пе?  Бұл мәселе 

министрлікте қарастырылып жатыр 

ма?

– Бүгінгі таңда министрлік тарапынан 

ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтарға 

үлкен көңіл бөлініп отыр. 

«ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» 

АҚ-ның еншілес компаниялары «Аграрлық 

несиелік корпорациясы» АҚ және «Ауыл 

шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 

АҚ арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъекті-

лерін, ауыл тұрғындарын шағын несиелен-

діру мақсатында бірнеше кредит түрлері 

жүзеге асырылады, атап айтқанда, «Ауыл 

тұрғындарын шағын несиелендіру», «МКО», 

«Сыбаға», «Егінжай», «Табиғи орта».

Бұл ретте, несиелендірудің басты мақса-

ты мал шаруашылықтарымен айналысатын 

ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтарды 

қаржылай қолдау болып табылады. Қазіргі 

кезде министрлік ұсақ және жеке қосалқы 

шаруашылықтарға қаржылай қолдау көрсе-

тіп отыр. Бұл қолдау олардың фермерлік 

ша руашылықтарға бірігуіне септігін тигізе-

ді.

Фермерлік шаруашылықтарға біріккен 



ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтар 

Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған көпте-

ген қолдауды пайдалана алады. Атап айт-

қан да, асылтұқымды мал шаруашылығын 

қолдау және мал шаруашылығы өнімдерінің 

өнімділігін, сапасын жоғарлатуды субсидия-

лау бағдарламаларына қатысып, қолдарын-

дағы тексіз, өнімді аз беретін малдың орны-

на асылтұқымды мал алуына және ет, сүт, 

басқа да ауылшаруашылық өнімдеріне 

субсидия алуына  мүмкіндік туғызады. 

Тауар лы асылтұқымды мал басын көбейткен 

фермерлік шаруашылықтарға жеңілдетілген 

несие беру қарастырылған.

Болашақта мал шаруашылығымен айна-

лысатын фермерлік (шаруашылық) қожа-

лық тары астық өндірісі сияқты ірі сала-

ға айналуы қажет. Мал шаруа шы лы ғы Қа-

зақс тан да  ежел гі  дәс түрлі  сала  болып  табы-

латындықтан, ауылдағы әлеуметтік мә се-

лелердің шешіміне оң ық палын тигізеді.

Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған 

қолдау, дайындалып жатқан жобалар жал-

пы халық санының ар туын және көрші ел-

дер дегі етті тұтынудың тұрақты өсуін есепке 

ала отырып, Қазақстан мал шаруашылы-

ғын дағы қол да бар мүмкіндіктің дамуына 

және сиыр етінің сыртқы нарыққа шығуына 

үлкен септігін тигізеді.

– Бүгінде еліміздің біршама 

ғалымдары «малды асылданды-

рудың тиімді жолы – эмбрион көші-

ру әдісі» депті. Бұл тәсіл мемлекет 

тарапынан қолдау тауып жатыр ма?

– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа-

шылығы министрлігі 2012 – 2014 жылдар 

аралығында эмбрионды көшіру бойынша 

шығындарды субсидиялауға Қазақстан Рес-

публикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік 

өтінім жолдады. Егер Қаржы министрлігі 

тарапынан қолдау тапқан жағдайда, 2012 

жылдан бастап «Облыстық бюджеттерге, 

Астана және Алматы қалаларының бюджет-

терiне асылтұқымды мал шаруашылығын 

қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы 

трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы 

шеңберінде көзделген қаражат есебiнен 

эмбрионды көшіру бойынша шығындар 

субсидияланатын болады.



– Еліміздің фермерлері мемлекет 

тарапынан бөлінетін субсидияның 

көлемін халықаралық деңгейге 

көтеру қажет деп есептейді. Оның 

деңгейі ауыл шаруашылығының 

жалпы ішкі жиынтық өнімінің 20-40 

пайызына парапар болуы тиіс дейді. 

Мәселен, 2010 жылы еліміздің 

фермерлері 1 гектар егістік алқап 

үшін 350 теңге немесе 2,4 АҚШ 

доллары көлемінде субсидия алған. 

Ал еуропалық елдер дәл осындай 

егістік алқапқа 360 евродан немесе 

490 доллардан субсидия алған. 

Бұған сіз не дер едіңіз?

– Субсидия нормасының төлемі осы 

мақ сатқа республикалық бюджеттен  бөлін-

ген қаражат көлеміне байланысты болады. 

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы  тауарын 

өндірушілерге (АШТӨ)  субсидия төлеудің 

тиімділігін көтеру мақсатында  министрлікпен  

субсидия механизмін өзгерту мәселелері 

пысықталуда. Ол ауыл шаруашылығы тауа-

рын өндірушілердің негізгі қорларын сатып 

алуды арзандатуды, ауыл шаруашылығы 

техникасы мен жабдықтарды сатып алу, 

там шылатып суғару жүйесін, өндірістік жы-

лыжайлар құрылысын жүргізу және ұстау 

шығындарының  бөлігін субсидиялауды, 

ауыл шаруашылығы техникасы мен жаб-

дықтарды сатып алуға қаржы институттары 

мен екінші деңгейдегі банктердің берген 

несиелері бойынша (қызығу) сыйақы мөл-

шер лемелерін қайтаруды, сондай-ақ «нақ-

ты егіншілік» жүйесін енгізуді субсидиялауды, 

инновациялық жобаларды субсидиялауды, 

адам капиталын (білім тарату жүйесін) суб-

сидиялауды бюджеттік қаржыларды қайта 

бағыттау жолымен іске асыру ұсынылады.   

– Біреулер шаруа қожалықтарын 

кооперация негізінде шоғырлан ды-

ру қажет дейді. Бұл ауыл шаруашы-

лығы саласы үшін қаншалықты 

тиім ді? Қазіргі заманда шаруа қожа-

лықтарын кооперация принципіне 

шоғырландыру мүмкін бе?

– Қазіргі кезде Қазақстан Кедендік одақ-

тың мүшесі және ДСҰ-ға кіру үстінде, өз 

кезегінде мұндай бірыңғай экономикалық 

кеңістіктер елімізден өте тез арада ірі 

тауарлы өндіріске өтуді, алдыңғы қатарлы 

технологияларды жүйелі түрде енгізуді, 

сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің са-

па сын арттыруды қамтамасыз ету мәселе-

леріне күш-жігерді барынша шоғырлан-

дыруды талап етеді.

Осыған байланысты АӨК-тің барлық 

салаларында іс жүзінде ауыл шаруашылығы 

тауар өндірушілерінің ұсақталғандығы және 

ұсақ тауарлы өндірісі жағдайларында ірі 

жүйе құрайтын ауыл шаруашылығы кәсіпо-

рындарын құрумен қатар, шешімнің ең оң-

тайлы нұсқасы біріктіру болып табылады. 

Мұнда бірігудің мәні өзінің мүшелеріне 

делдалсыз және өзіндік құны бойынша 

қызмет көрсететін коммерциялық емес 

құрылым құру жолымен жалпы мәселелерді 

бірігіп шешу үшін ұсақ өндірушілердің күш-

жігерін біріктіру болып табылады. Бұл үшін 

осы сала қызметінде қатынастарды реттейтін 

қажетті заңнамалық база құрылды.

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы 

минис тр лігі 2006 жылдан бастап ауылдық 

кооперацияны ынталандыру жөнінде ар-

найы бюджеттік бағдарламаны іске асыруда, 

оның шеңберінде жеті жыл мерзімге жыл-

дық 5% жеңілдетілген несие ресурстары 

берілуде. 

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар 

өн дірушілерін өтеусіз негізде ауыл шаруа-

шы лығы  кооперациясының  тұжырымдама-

лық негіздеріне оқыту мақсатында семинар-

лар өткізілуде.

Сонымен қатар 2009 жылдан бастап 

Қазақстан Республикасы Үкіметімен аталған 

мәселелерді шешу үшін ауыл шаруашылығы 

кооперациясының негізінде сервистік да-

йын дау орталықтары құрылып жатыр, олар 

өз кезегінде ауыл шаруашылығы шикіза-

тының, өнімдерінің өндірістік, дайындау, 

сақтау, өткізу сияқты процестерін өз мойны-

на алып, ауыл шаруа шылығы кооперативте-

рінің айналасындағы инфрақұрылымды 

құруға арналған. 

Кооператив қызметін құру және ұйым-

дастыру жөнінде барлық қажетті әдістемелік 

ұсыныс пен материал министрліктің сайтын-

да орналастырылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет