Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі


Шағын жинақты мектептердегі өзіндік жұмыс



бет32/35
Дата14.06.2022
өлшемі92,18 Kb.
#36806
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
58.Шағын жинақты мектептердегі өзіндік жұмыс.

Өзіндік жұмыс дегеніміз - сабақ үстінде алған


білімді мұғалімнің Көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмыс.
Өзіндік жұмыстың тиімділігі:
1,зерттелетін тақырыптың, қарастырылатын мәселенің төңірегінде білімді
тереңдетуге;
2. өз пікірін айтып, оны дәлелдей алуға;ізденушілік қабілеті ұшталады
3.теория мен практиканы ұштастыра қолдануға мүмкіндік жасайды
Өзіндік жұмыс тапсырмалары сан алуан болып келеді. Атап айтқанда:
1.мәтін құрастыру, әңгіме жазу; сурет бойыншамәтін құрастыру; рөлдік және іскерлік ойындар
2.түрлі кестелерді толтыру;сөзжұмбақтар құрастыру
Өзіндік жұмыстар әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы, жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, әксперимент жүргізу. Өзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстар және үйде орындалатын өзіндік жұмыстар деп қарастыруға болады.Сыныпта орындалатын өзіндік жұмыстардың негізгі қызметін бақылау, тексеру болса, үйге берілетін өзіндік жұмыстар қызметі бекіту, жалпылай қорыту, нақтылап дәлелдеу болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар жеке тұлғаның еркін дамуын, ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар танымдық құзіреттіліктерін қалыптастырады, мінез-құлқындағы өзіндік менін қарастырады. Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.
59.Шағын жинақты мектепте жеке тұлғаны дайындаудағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру.


60.Шағын жинақты мектептегі тәрбие үрдісі.
Шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту үшін мұғалімдердің педагогикалық іскерлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау керек. Олармен әдістемелік жұмыстарды әдіскер – мұғалім – әдістемелік бірлестік үш бірлігін сақтай отырып жүргізген тиімді.. Себебі шағын жинақталған мектепке институт қабырғасынан шыққан жас маман екі класты қатар оқыту практикасынан өтпеген, оның әдістемесін толық меңгермеген болып келеді. Сондықтан шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне мектеп жұмысын терең де мазмұнды жоспарлауға нұсқау беріп, білім берудің жаңа технологияларымен жұмыс жасауға бағыттау керек. Әдістемелік көмектер беру үшін сабақтарына тікелей қатысып, әдістемелік талдау жасап, жекеше және топтық, ауызша және жазбаша кеңестер берген дұрыс болады. ШЖМ тұрған орындарына қарай топтастырып, «Әдістемелік күндер» өткізу тиімді. Әдістемелік күнде ашық сабақтармен қатар теориялық баяндамалар да қойылып, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға болады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдаудың тағы бір жолдары – шағын жинақталған мектеп мұғалімдері үшін сайыстар, байқаулар, бір пәндік немесе бір тақырыптық панорамалық сабақтар сайысын, имитациялық ойындар өткізу. Мұндай жұмыстар мұғалімдердің шағын жинақталған мектептерде жұмыс жасаудағы кәсіби шеберліктерін шыңдайды. ШЖМ әдістемелік көмек ұйымдастыру үшін барлық шағын жинақталған мектептерді «ШЖМ – проблемалары және оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің әдістері мен формаларын іздестіру» деп аталатын үлкен бірлестікке біріктіріп, оларды бірнеше шығармашылық микротопқа бөліп, әр топқа айналысатын проблемаларын бекітіп, жүргізілген жұмыстарды қорытып, жинақтап қажетті әдістемелік жинақ дайындауға болады.Ауылдық жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.Бірақ кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, ұқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді. ШЖМ оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:
•сабақтағы тәрбие жұмысы;
•сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;
•елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі
Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 4-5 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім балалармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.Мереке кезінде оның белгісі мен ұранына байқау ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектесіп, шараны балалар ұйымдастырып, өткізеді.Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер. Сонымен, ШЖМ тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін ШЖМ де бірге атқаруда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет