Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет15/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141
Педагогикалық бейімділік, әдетте тұлға қабілетінің 
педагогикалық қызметке икемді екенінен пайда болатыны 
қарастырылады. Басқа пікірлер бойынша, мысалы педагогика-
лық бейімділік дәст‰рлі философиялық антропология тұрғы-
сына негізделіп, адам егер таңдаған кәсібінде өзін толық 
көрсете аламын, өзімді бұл кәсіпке өмірімнің барлық мазмұнын 
іске асырамын деген ішкі дауысына құлақ асуы арқылы өзінің 
нағыз лайықтығын сезіну деген анықтама береді. Басқа сөзбен 
айтқанда, т‰рлі образдар ішінде адам өз болмысында басқа 
біреуін табады, ол оның нағыз болмысын анықтайды дейді
Х. Ортего. Сол нағыз болмысқа шақырушы дауысты біз 
«бейімділік» деп атаймыз. Көптеген адамдар өзіндегі ол 
дауысты өшіргісі келеді, сөйтіп өзінің нағыз болмысын жалған 
өмір бағытымен алмастырады. Керісінше, шын мағынасында 
өзін іске асыратын адам ғана, өзінің бейімділік кәсібімен өмір 
с‰ретін адам ғана, өзінің шын мағынадағы нағыз «өзімен» сай 
келетін адам ғана нағыз мағынада өмір с‰реді. 
Сонымен, дарындылық адам оны шешу ‰шін белгілі бір 
қызмет т‰рінде өз өмірін арнайтын мәселе болып табылады. Бұл 
локальды емес, ол әмбебап мәселе, мұны сезіну – адамның өз 
өмірінің негізгі мазмұнды аспектілерін, өмірінің мән-мағыналы 
мәселесінің шешуін тапты деген сөз. 
В.И. Винокурованың пікірі бойынша, адамның дарын-
дылықты меңгеруі келесі екі фактордың ажырамас бірлігінде іс-
ке асады: 1) адамның алғашқы көңіліндегі дарындылық пікірін-
де бекем болуы; 2) оның ‰немі белсенді ізденіс ‰стінде болуы. 
Сонымен бірге адамның өмірінде маңызды мәселені анық-
тағанда, адамда мұндай мәселемен ізденіс жасамай тұрып та 
кездескен сияқтымын, мұнда менің б‰кіл өмірімнің бағдары 
жатқан сияқты деген сезімде келеді. Бейімділік арқасында адам 
өзінің даралығын, бірегейлігін, қайталанбауымен, маңыздылы-
ғын, жеке тұлғалық құндылығын сезініп, сонымен қатар ға-
жайыптығын сезіну арқылы тәжірибе жинақтайды және тұлға-
лық мазмұны да осында. 
Дарындылық адамда тұлғалық еркіндікті теңдік сезімін 
қалыптастырады. «Еркін болу дегеніміз – өз-өзіне сенім- 


30
ді, баянды, өзіңнің бейімділігінен ешқашан айнымау», - дейді
Н. Аббаньяно. 
Педагогтың құндылықтар бағытталуында кәсіби қызметке 
қатынастың негізгі ‰ш типін көруге болады. 
1. Педагогикалық еңбекке қатынасы (бұл қызметтің мақса-
ты мен тұлғалық мазмұнын, оның қоғамдық мәнін, оның нәти-
жесінің ол ‰шін маңызын сезіну, оқытатын пәніне берілгендік). 
2. Оқушы тұлғасына қатынасы (оның тұлғалық дамуына 
бағытталуы және шартсыз қабылдау). 
3. Мұғалім тұлғасына және өзі-өзіне педагог ретінде (өзі 
туралы кәсіби идеалды (кемшіліксіз) және өзі туралы позитивті 
Мен концепциясының болуы). 
Мұғалімнің кәсіби құндылықтар бағытталуының біртұтас 
ж‰йесінде қатынастардың барлық типтері бір-бірімен және өзара 
байланысты, бірақ оқушы тұлғасына қатынасы мазмұн т‰зуші 
болып табылады. Б.И. Додонов былай бе
лгілеген: «Қызметтің 
объективті маңызы және оның тұлғалық мәні бір-бірінен 
ажырамауы тиіс. Егер бұл қызмет белгілі құндылықтар құруға, 
жасауға, орнатуға бағытталған болса, онда дәл сол құндылықтар 
субъекті қызметінің негізгі мотиві болуы қажет». Педагогикалық 
қызметтің негізгі құндылығы – бала, оның дамуы мен қалыптасуы. 
Сонымен, кәсіби құндылықтар бағытталудың бірінші блогында
баланың қызығушылығы мен қажеттілігі, оны сыйлау және шартсыз 
қабылдау, тұлғалық дамуы, балалармен ынтымақта болу. 
Оқытушының құндылықтар бағытталуының екінші блогы оның 
кәсібіне және кәсіби қызметіне қатынасымен анықталады. Ол 
кәсіптің құндылығына, бағытталуына, еңбек қызметінің тұлға ‰шін 
құндылығының маңызына, бұл кәсібіңізде шығармашылыққа 
бағытталуға және өзіңізді көрсете білуіңізге; кәсіби қызметтің 
әлеуметтік мәні және кәсіби ынтымақтастыққа бағытталуын 
қамтиды. ‡шінші блок. Педагогтың кәсіби құндылықтарға 
бағытталуы оның педагог тұлғасына және тұлға ретінде өзіне 
қатынасымен анықталады. Бұл блоктағы қатынастар оқытушыны 
педагог 
ретінде 
танытуға, 
позитивті 
«мен» 
образының 
қалыптасуында, өзіңізді позитивті қабылдау, кәсіби-тұлғалық 
өзіндік жетілдірілу, рухани жетілу мен мәдени құндылықтарға 
қатыстырылуда ‰лкен рөл атқарады. 
Кәсіби құндылықтарға бағытталу когнитивті құрам бөлігі-
нен басқа (өзіңіздің кәсіби қызметіңіздің т‰рлі аспектілеріне 


31
өзіңізге маңызды деп санаған сапалы т‰рде қатынасыңыз) 
эмоционалды педагогикалық еңбекпен әуестену бөлімі бар. Ол 
оқушылармен және әріптестеріңмен қарым-қатынасты, білім 
беруді, тәрбиелеудің шығармашылық процесі мен оқытушы 
беретін сабақ пәнінің негіздері бойынша ғылыммен қарым-
қатынаста болуды қамтиды. 
Өз қызметінің нәтижесіне мұғалімнің эмоциялық қатынас-
тарының (өз пәні бойынша) жетекші әсерін Л.Н. Толстой былай 
жазған: «Егер баланы ғылыммен тәрбиелегің келсе, өз пәніңді 
с‰й және оны біл, сонда оқушылар сені де, ғылымыңды да 
с‰йеді және сен оларды тәрбиелейсің, ал егер оны өзің с‰йме-
сең, онда сен қаншалықты оларды оқуға мәжб‰р етсеңде, ғылым 
тәрбиелеуші әсер етпейді». 
Мұғалімнің бағытталуының ядросын оның мәдениетінің 
кәсіби этикалық деңгейін анықтаушы және қызметіндегі мінез-
құлқымен, оқушылармен және басқа адамдармен қатынасында 
педагог ретінде өзіне және басқаларға қоя алатын талаптарда 
мінез-құлықтарының бағытталуы құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет