Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет17/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Педагогикалық шеберліктің құраушылары. 
2. Мұғалімнің кешенді қасиеттерінің қайсысы кəсіби қызметке 
дайындығын анықтайды? 
3. Кəсіби педагогикалық дарындылықтың мазмұны мен мəнін ашып 
беріңіз. 
4. Педагогтың құнды этикалық сапаларын көрсетіңіз. Олар бір-бірімен 
қалай байланысты? 


35
1.10. Жалпы жəне педагогикалық қабілеттілік 
Оқытушының педагогикалық шеберлігінің жəне кəсібилігі-
нің қалыптасуына даралық-психологиялық шарттардың тұлға-
лық қасиеттеріне жалпы жəне педагогикалық қабілеттері жата-
ды. Олар педагогикалық қызметтің келістерін игерудің жылдам-
дығында, тереңдігінде жəне беріктігінде байқалады. Педагогтың 
басқа қызметтердегі сияқты қызметін атқаруы үшін жалпы жəне 
арнайы тек педагогикалық қызметті атқару үшін педагогқа да 
қажетті қабілеттер кешені қажет. 
Тұлғаның жалпы қабілеттері: темпераменті, мінезі, ин-
теллекті оның психофизиологиялық дамуымен байланысты.
В. Якуниннің ойынша, интеллект педагогикалық қызметтің 
табысты болуында анықтаушы фактор болып саналады. Педа-
гогтың интеллектуалды даму қабілеті оның гностикалық 
қабілеті (танымдық), яғни ақпаратты қабылдау, өңдеу мен оны 
қолдана білуіне байланысты. Бұл сапа интеллектуалды қызмет-
пен айналысушының барлығына қажет. 
Педагог интеллектісінің жоғары кəсібилік деңгейі тек оның 
интеллектісінің біртұтас дамуымен болуы мүмкін. Психологтар 
интеллекті жалпы кез келген қызметтің табыстылығын қамтамасыз 
ететін: кəсібилік – арнайы мəселелерді шешуге бағытталған жəне 
əлеуметтік – тұлғааралық қарым-қатынаста байқалатын деп 
жіктейді. 
Бұл тек қоршаған дүниені тану ғана емес, сонымен қатар өз 
мінезіңізді басқару жəне түрлі жағдайларда шешім қабылдауды 
қамтамасыз ететін күрделі, көпдеңгейлі, білім беру процесінің 
психологиялық жүйесі. 
Сонымен, ойлау қабілетінің болуы өздігінен педагогикалық 
шеберліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Теоретика-
лық ойлау қабілеті жоғары педагогтар көпшілік жағдайда практика-
лық педагогикалық мəселелерді шешуде қиналады. Шебер оқытушы 
түрлі педагогикалық мəселелерді шешу тек қарапайым логикалық 
ойлау акті ғана емес, сонымен қатар шығармашылық процесс, 
педагогикалық өнер актісі. Педагогтың педагогикалық ойлауында 
интеллектуалдық, эмоционалдық жəне қайраттылық, еріктік сапа-
лардағы ішкі біртұтастығы байқалады. Мысалы, оқытушы оқушы-
мен бір қиын əрекеттесу жағдайында дереу шешім қабылдауы қажет 


36
делік. Ол өзі тек логикасы бойынша шешім дайындай ала ма? 
Əрине, жоқ. Өйткені ол алдымен оқушының ересектердікінен 
өзгеше болатын ойлау логикасы мен мінезін түсінуі қажет. Ал мұны 
қиялдау, аңғарымпаздық, сезгіштік қабілеттерін дамытпай істеу өте 
қиын. Педагогтың бір бағыттылығы мен шектен тыс логикалық ой-
лауы оның шығармашылық жұмыс істеуіне, күрделі педагогикалық 
мəселелерді шешуде, стандартты, стереотипті емес, адамгершілік 
шешімдер қабылдауға кедергі болады.
Креативтілік – тұлғаның шығармашылыққа жалпы қабі-
леті. Ол тұлғаның қайсыбір жаңалықтар жарата алушылығы, 
біртумалық шығармашылық ойлауының даму деңгейінен емес
сонымен қатар, ең алдымен педагогтың ішкі мазмұны мен 
бірегейлігі болып табылатын өзін жетілдіру, өзектеу 
қабілетімен анықталады дейді К. Роджерс.
Педагогтың жалпы қабілеттері оның бірнеше топқа бірікті-
рілген педагогикалық қабілеттерінде бейнеленеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет