Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет27/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   141
 
Өмір с‰ру философиясы 
Экзистенциализм – XX ғасырдың басында Ресейде (И. 
Бердяев, Л. Шестов), кейіннен Францияда (А. Камсо, Ф. Кофка), 
Германияда (М. Хайдиггер, О. Больнов) пайда болған филосо-
фиялық бағыт. Б‰гін экзистенциализм өз назарын тұлғаның да-
ралық сипатына, адамның өмір с‰руінің мазмұнына аударған 
т‰рлі философиялық және психологиялық концепцияларды бі-
ріктіруде. Бұл концепцияның басталу н‰ктесі – болмыстағы 
әрбір адамның, әрбір тұлғаның бірегейлігін, даралығын, 
ерекшелігін тану. 
Адам қандай дәрежеде өз өмірі бойына табиғаттың оған 
берген бірегейлігін сақтап және дамыта алса, ол өзін тұлға ретінде 
сондай дәрежеде іске асыра алады. Есейген сайын басқаларға 
бағыттала отырып, ол өз даралығын жоғалта бастайды. Кейде ол 
біле тұрып өзінің даралығынан бас тартады, нивелирлейді, теңеседі, 


солай өмір с‰ру оңай деп ойлайды. Өзінің толыққанды өмір 
с‰руінен бас тартуы тұлғаның ыдырауына әкеледі. 
Бұл философиялық концепцияның адамгершілік мазмұны 
өмірдің мағынасы мәселесімен байланысты. В. Франкл адам-
ның өмірінің мағынасын ұғуына көмек көрсету мақсатымен 
философиялық-психотерапиялық ғылыми-логотерапия дегенді 
арнайы ашқан. 
Өмір с‰ру философиясы тәрбиелеуде, тұлғаның өзін-өзі да-
мытуы мен өзін-өзі іске асыруда, өзінің өмірлік жолын таңдауда кө-
мекші ретінде, шешімдер қабылдау қажеттігін сезінуде педаго-
гикалық, гуманистикалық көзқарастардың негізі болып табылады. 
 
Космизм философиясы 
Адам өмірінің мағынасы мен оның д‰ниедегі (космостағы) 
орны туралы мәселе ғылыми-философиялық бағытта негізгі 
анықтаушы ретінде жалпылама атпен космизм философиясы 
деп анықталған. Оның тамыры терең ғасырларға созылады. 
Шығыс ғалымдарының көзқарасы бойынша әлемдегі бар-
лық құбылыстардың (адамда соның ішінде) қосарланған табиғ-
аты болады: ішкі және сыртқы, көрінетін және көрінбейтін, 
рухани және материалдық. Солардың арасындағы қарама-қай-
шылықты жеңу эволюцияның қозғаушы к‰ші болып табылады. 
Батыс көбінесе көрінетінді, материалдықтарды сыртқы 
әлемнің қайта өзгеруі мен танымына бағыттайды. Шығыс 
мыңдаған жылдар бойы рухтың қатынасын жинақтаған. 
Космис – философтардың принциптік жаңа д‰ниетанымы, 
оның анықтаушы жағы белсенді эволюция идеясы, жаңаның, 
д‰ниенің саналы даму кезеңінің қажеттілігімен анықталады. 
Адам мұнда өсіп даму процесіндегі толық жетіле қоймаған. 
Сонымен бірге саналы-шығармашылық, тек сыртқы д‰ниені 
өзгертетін ғана емес, өзінің табиғатын да өзгертетін зат. 
Космистер бір ‰лкен тұтасты қорғаумен, яғни Жерді қорғаумен, 
биосфераны, космосты жоғары құндылықты – нақты адамды 
қорғауды біріктіре алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет