Шеберлік негіздері


 Кәсіби-тұлғалық өзін-өзі жетілдірудің



Pdf көрінісі
бет26/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   141
1.14. Кәсіби-тұлғалық өзін-өзі жетілдірудің
философиялық бастамасы 
 
Біз адам өмірінің болмысының және өзіміздің ғұмырымыз-
дың маңызын іздестіруде т‰рлі философиялық концепцияларға 
с‰йенеміз. Олар бізге сыртқы және ішкі әлемге терезе ашып, 
біздің сезімдеріміз бен ойларымызды т‰сіндіруге көмектеседі. 
Біз кез келген теорияны және кез келген ілімді әрт‰рлі т‰-
сіндіруіміз м‰мкін: барлығы адамның интеллектуалды және мо-
ральдық дамуына байланысты. Өмірдің маңызы туралы көпте-
ген философиялық концепциялардың ішінен қазіргі адамның 
санасын әлдеқайда толық анықтаушыларға тоқталып өтейік. 
 
Қызметтестіру философиясы 
Біз соңғы к‰ндерге дейін өмір с‰рген және ойлаған, ал 
кейбіреулер осы к‰ні де жалғастырып отырған философиялық, 
идеологиялық, этикалық концепциялар шеңберінен шықпай осылай 
деп атайық. Марксизм бұл д‰ниетанымның тек бір бұтағы, бірақ дәл 
сонда ол өзін толық қолдауын тапты. 
Тұлға бұл концепцияда қоғамдық қатынастардың біртұтас-
тығы, әлеуметтік әрекеттесудің өнімі деп қарастырылады. Оған 
сәйкес адам өзінің қызығушылығы мен қажеттіліктерінде тіреліп 
қалуға құқықты емес. Адамның әлдеқайда құнды сапалары – ол 
азаматтылығы, борыштылығы, жауапкершілігі, жеке қызығушы-
лығын қоғамдыққа бағындыру қабілеті. Адам өмірінің мазмұны – 
Отанға қызмет ету. Адамның құндылығы өзін қаншалықты 
қоғамдық борышқа бағындыра білгенімен анықталады. Бұл ертеде 
Рим классицизмінің, орыстың мемлекеттігінің беку және қалыптасу 
кезеңі қоғамдарының идеалы осылай болған. Біз бұл идеяны әлеу-
меттік және этикалық құнды деп айта аламыз ба? Иә деуге болатын 
сияқты. Бірақ неліктен оны қолдаушылар мен жақтаушылар т‰рлі 
замандарда бір-біріне қарсы болды? Неліктен бұл идея ‰кіметті 
к‰шті абсолюттендіру кезеңдерінде басым болды және т.б.? Бұл 
сұрақтарға толық және терең жауаптарды орыстың шет елдердегі 
философтары Н. Бердяев, С. Франк, Г. Фетатов және т.б. жауап 
берді. С. Франк – өмірдің әлеуметтендірілуі тек Кеңес ‰кіметінде 
ғана басым болған жоқ, сонымен қатар батыстағы елдерде де ХХ 


51
ғасырдың 30-шы жылдарында орын алды. Бұл тенденция – тұлғаға, 
адамның жеке басына қызығушылықтың азаюы мен қоғамда 
технократиялық ойлаудың артуы, табиғатты және д‰ниені қайта 
өзгертуші бірден-бір к‰штің коллективтік өмір с‰ру формасы 
екеніне сенуі. Ол уақыттағы басым көңіл к‰й: «Сыртқы әлеуметтік 
құрылыстың абсолюттік құндылығына сену» болды. 
Қызметтестіру философиясы «қалыптасу педагогикасы» деп 
аталатын педагогикалық көзқарастар философиясы негізінде жатыр. 
Мемлекет орындаушыға өзінің «заказын» әмір етеді, мұнда 
тұлғаның ішкі қажеттілігі, төлтумалығы есепке алынбай, еленбей 
қалады. Нәтижесінде адам өзін тұлға деп сезінбей, қалдықсыз 
қоғамға қажетті энергияның көзі, ал энергиясының иесі ол емес, ол 
өзіне жатпайды, өмірінің мазмұны мен мақсатын орындау ‰шін 
қажетті өзінің жетістігі де емес, ол социалистік қоғамды құру ‰шін 
қажет болып қалады. С. Франк бұл құбылысты «адамдар рухын 
іштен коллективтендіру» деп атайды. 
Сонымен, қызметтестіру философиясы адамның белсенділі-
гінің қозғаушы к‰ші болып табылатын ішкі рухани к‰шін 
елемей тастау ғана емес, сонымен қатар оның істегендері ‰шін 
жауаптылықты да, өмір образын да алып тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет