Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет28/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141
 
 


53
Этикалық руханилықтың концепциясы 
 
Адам өзінде рухтардың, жанның және дененің бастамала-ры-
ның қосылуынан біріккен нәрсе. Батыс өркениеті адамда денелік 
бастаманың дамуына бағытталған, ал ол Г. Федотов айтуынша, 
сонымен қатар руханилық еріктің ең аз дамуын көрсетеді. 
Адам өзінің жан руханилығын дамытқанда ғана өзін тұлға 
ретінде іске асыруы м‰мкін: ол қолындағының жағдайын т‰сіну, 
оның қайғысына ортақтаса білу, оған көмекке дайын болу
төңіректе болып жатқандардың барлығына жауапкершілік, ұят-
тылық, қайырымдылық көрсетуде байқалады. 
Білім беру – ең алдымен, адамның жан д‰ниесін өзгертуге, 
оның қажеттіліктерін айқындау, оның ұмтылуын, талпынуын 
жоғарылату, оны әлдеқайда қайырымды және сезгіш жасау. 
Тәрбиелеу, адамның өзіне емес басқаларға тірелген, рухани 
дамуына бағытталуы қажет, ұяты бар адам ашық, сенімді, өзінің 
қызығушылығын басқалардан жоғары ұстамайтын адам болады. 
Сонымен, мектептің әлеуметтік міндеті – ол қалыптасып өзін-
өзі бекіте білетін, саналы т‰рде бірлікке ұмтылған, рухани 
құндылықтарға бағытталған адамдар тобын құру. 
1.15. Тұлғаның ішкі д‰ниесін сезінуі, ұғыну тәсілдері 
 
Философиялық ілімдердің көпшілігі адамға ең лайықты 
жолды, амалдарды, оның өзін тұлға ретінде жетілдіруін саналы 
т‰рде іске асыру тәсілі болып табылады. Тұлғаның өзін-өзі 
жетілдірілуінің іргетасына өзін сезіну жатады. Психологтардың 
пікірінше, тұлға дегеніміз тек оның санасына және өзіндік 
саналығына тірелмейді. Бірақ тұлғаның санасыз және өзіндік 
санасыз да болуы м‰мкін емес. Өзіндік сананы дамыту мәселе-
лерін адам ‰шін маңызды ішкі д‰ниесінің қалыптасуынсыз ше-
шу м‰мкін емес. 
Адам д‰ниеге келгенде оны қоршаған ортаға кіреді әрі 
онымен әсерлеседі. И. Сеченов айтуынша, сана бір мезгілде екі 
формада – заттық сезім және өзіндік санада туады. Заттық сана 
қызметінің нәтижесі – д‰ние туралы білімі, ал өзіндік сана – ол 
адамның өзінің м‰мкіндіктері мен өзі туралы білімі. 


54
Алғашында адамның «мен»-інің қалыптасу процесі санасының 
дамуымен, яғни қоршаған шындықты адамның м‰мкіндіктеріне 
қарай идеалды т‰рде толық бағалай білуі болады. «Өзіндік сана 
сананың соңғы даму өнімі болып табылады, - дейді
С. Рубенштейн. – Бала өзін қоршағандардан бөле бастағанда, өзінің 
өзбетіншелігін сезе бастағанда, өзінің қоршаған адамдардан 
айрықшалығын т‰сіне бастағанда өзіндік сезінуге келеді». Бірақ 
дамыған өзіндік сана қоршаған әлемнен оны бөлмейді, ол керісінше 
сол әлем туралы оның көзқарасын, ой-өрісін байытады. 
Сонымен, адамның ішкі д‰ниесі оның сыртқы д‰ниесі 
сияқты қызмет д‰ниесі болуы керек және бола алады да. Ол 
қызмет неге бағытталуы қажет? Оны іске асырудың қандай 
тәсілдері бар? 
Өзін анықтау және өзін-өзі жетілдіру өзіне бір-біріне байла-
нысты төрт компонентті қамтиды: өзінтану, өзін т‰сіну, өзін 
бақылау және өзін реттеу. Рефлексия бұлардың әрқайсысының 
маңызды құралы болып табылады. 
Біздің қоғамымызда адам санасының бұл қасиетіне негатив-
ті қатынас орнаған. Идеал ретінде әрекет, қызмет адамы алына-
ды да, рефлексияға және өзіндік талдауға бейімділік әлсіздік 
және өзін-өзі шұқуы деп қабылдануда. Бірақ рефлексиясыз не 
өзін-өзі тануы, не адамның өзін-өзі рухани жетілдірілуі ілгері 
жылжуы м‰мкін емес. 
Мына сұраққа жауап беріп көріңіз: қандай жағдайларда 
рефлексия тұлғаның рухани к‰шін дамытуға әсер етеді және оң 
істерге себеп болады, ал қандай жағдайда теріс сипатта болды 
және тұлғаның дамуына кедергі болады? 
Адам рефлексиясына нелер ұшыраған, нелер жатады? Оның 
д‰ниелік сезімдері, қамдануы және сезімдері – оның ойы мен 
істері. Сіздің санаңызда қандай ойлар көбінесе орын алуда, неге 
олар пайда болады, ой қалай дамиды, ол оң ба әледе теріс бағыт 
ала ма дегеңдерді ойланғаныңыз болды ма? Сіз өзіңіздің 
әрекеттеріңіз бен істеріңізді бағалайсыз ба, сізде ‰немі пайда 
болатын сезімдермен қамдануды талдайсыз ба? Егер бұлар 
болса, онда сізде рефлексияға бейімділік дамыған. 
Әрбір адам өзі сезгендерінің барлығын ой елегінен өткізе ме, 
сезіне ме, қамданып, ойлай ма? Әрине, ішкі д‰ниесі интуиивті 
деңгейде дамыған адамдар бар. Олар анда-санда ғана рефлексия-


55
ланады, бірақ жиі оларға не болып жатқанын т‰сіне алмай отырады. 
Адам өзін т‰сінуі ‰шін, өзінің іс-қимылын бақылауы ‰шін, өзінің 
ішкі д‰ниесін дамытуы ‰шін ол өзін бақылауды және өзін талдауды 
қамтитын рефлексияны меңгеруі қажет. 
Сонымен, рефлексия адамға сырттан келмейтін, бірақ тек 
өзі арқылы, өзі туралы әр минут сайын «қазір және осы сәтте 
осы жерде» болып жатқандары сезінуі арқылы ол өзі және 
басқалар туралы жаңа білімдерді алудың негізгі жолы. 
Адам баласы қазір өзін жинақтаудың, топтаудың және өзіне 
әсер етудің көптеген әдіс-тәсілдерін меңгерген. 
Бұл келістер арнайы ғылым саласы психотехниканың 
зерттеулері болып табылады. 
Психотехниканы дәрігерлер мен психологтар сияқты педа-
гогтардың меңгергені жөн, өйткені ол адамның физикалық және 
рухани жетілуін және өзін-өзі жетілдіруімен тікелей байланыс-
ты. Ал барлық белгілі психотехниктердің мазмұны – адамда жо-
ғары психологиялық, рухани және физикалық форманы бағыт-
талған ойлау арқылы зейін т‰юді қамтамасыз ету. Адамның өзін 
дамытуға бағытталған бағдарламалардың көпшілігі өзінтанудың 
және өзін реттеудің төрт принципіне негізделген. 
Бірінші тәсіл: Релаксация – физикалық және психология-
лық босаңсу. 
Екінші тәсіл: Концентрация – өз қызметіндегі белгілі бір 
объектіге санасының зейінденуі. 
‡шінші тәсіл: Визуалдау – адам санасында ішкі образдар-
ды құру, яғни есту, көру, дәм тату, иіс сезу, міндетті сезімдер 
және олардың комбинациясы көмегімен қиялдау. 
Төртінші тәсіл: Өзін-өзі иландыру. Адам психикасы сана-
асты механизміне әсер етуші әмірлер құру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет