Шеберлік негіздері


Педагог – студенттер ‰шін



Pdf көрінісі
бет36/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141
Педагог – студенттер ‰шін қажетті және маңызды ақпа-
рат көзі, позициясы. Оқытушы ақпаратты оның көзінен алуда 
және тасымалдауда белсенді, баяндауда бірізділік, ойға қоным-
ды, қисынды, көрнекілігі ерекше тиянақтылықпен ойластырыл-
ған болуына көңіл бөледі. 
Өзінің студенттері алдында жақсы баяндаушы рөлінде көрі-
неді, бірақ әуестенудің нәтижесінде педагогтың назар, ілтипат 
орталығы студенттер емес оқу материалын ұсыну болып қала-
ды. Оқытушының оқушыларға берілген материалы жеңіл, оңай 
меңгерілетін болып көрінеді, ал студенттер оны керісінше 
қабылдай алмайды. 
1 - позиция "педагог - бақылаушы" 
2 - позиция "педагог - қайырымды, мейірбан оқытушы"


68
3 - позиция "араласпаушылық"
4 - позиция - "педагог дос, жолдас, тәлімгер (ұстаз)"
5 - позиция "дистанциялық". Бұл позиция және бұдан кейін-
гілер оқытушымен студенттің тіке-көлбей қатынасында бір-бірі-
нен қаншалықты қашықтықта екенін көрсетеді. 
6 – деңгейлік позиция 
7 – кинетикалық позиция 
8 – ашық позиция 
9 – жабық позиция 
Педагогтар типологисы. Педагогтардың бірнеше типо-
логиясы белгілі, бұлардың барлығы орта және жоғары оқу 
орнындағы оқытушылардың, ж‰ріс-тұрыстық, мінез-құлықтық 
әрекеттер мен қимылдар жиынтығы болып табылады. 
Позициясына қарай типология да бірнеше т‰рге жіктеледі. 
1. Педагог - бастық 
2. Педагог-компьютер 
3. Педагог-азапкер
4. Педагог-өрен-жаран, дос 
5. Пьедесталсыз педагог 
Педагогикалық ойлау мәдениеті 
 
Педагогтың кәсіби ойлауының к‰рделі құрылымды, өзіндік 
мазмұнды сапалы сипаттамасы болады. 
"Педагогикалық ойлау" термині екі мағынада жиі қолданы-
лады: біріншіден, маманның кәсіби деңгейінің жоғарылығы 
туралы сөз болғанда, әсіресе ойлау қабілетінің ерекшелігі 
жөнінде сапалық жағына көңіл аударғанда, екіншіден, кәсіби 
қызметтің сипатына қарай ойлау қабілеті ерекшелігі, бұл 
жағдайда заттық аспектіге акцент жасалады (Е.М. Рогов). 
Кәсіби ойлауды арнаулы білімдермен қорытылған (обоб-
щенное), ортақтандырылған объектінің, процестің, педагоги-
калық немесе өндірістік жағдайлардың бейнеленуі деп қарас-
тыруға болады [2]. 
Педагогикалық ойлау – бұл педагогтың этикалық нұсқау-
ларын, ғылыми білімін, педагогикалық технологияларды, тұлға-
лық сапаларын білім беру-тәрбиелеу жұмысында тиімді қолда-
налатын ерекше практикалық және ойлау қызметі (А.А. Орлов). 


69
Педагогикалық ойлау ‰ш принципке негізделеді: табиғи-
лық бойынша, мәдениет бойынша және қосымшалық. Практи-
калық жағынан көру – алдын ала көру, қимылдау формуласы 
бойынша іске асырылады. Оқытушының педагогикалық ойлауы 
теориялық және практикалық болады. Теориялық ойлау жұмы-
сы педагогикалық процесті ұйымдастыруда педагогикалық 
принциптерді табу, оның стратегиялық заңдылығын жасап 
шығару. Практикалық ойлау конкретті педагогтық мәселелерді 
шешуге бағытталған. 
Педагогикалық ойлау логикасының өзіндік ерекшеліктері 
бар: ол таным мен қызметті байланыстыруға бағытталады, өйт-
кені педагогикалық жағдай іс ж‰зінде оқытушыдан білім беру 
мен тәрбиелеудің, жалпы мәселелерінің шешімін іздеуге және 
табылған шешімдерді жеке тұлға да қолдануды талап етеді. 
Теориялық және практикалық ойлаудың байланысы оқыту-
шы қызметінің тек логикасында ғана емес, сонымен қатар 
педагогтың байқалатын педагогикалық интуицияда да көрініс 
алады. Ол оқытушының тәжірибесінің, білімінің жинақталуын-
да және оларды жаңа кенеттен пайда болатын мәселелерді ше-
шуде қолдануға дайындық болады. 
Педагогикалық міндет ж‰йе т‰зу арқылы білім беру-тәр-
биелеудің жалпы перспективасын (болашағын) айқындайды, 
оқытушыны шығармашылық (творчестволық) ойлауға, жаңа мә-
селелерді шешудің жолдарын іздестіруге итермелейді. Шешім 
қабылдау процесі педагогикалық шешімдердің ішінде оқытушы 
қызметіндегі орталық шешім болып, көбінесе оның педагогика-
лық ойлау деңгейінің даму дәрежесіне байланысты болып табы-
лады (Ю.Н. Кулюткин). 
Педагогикалық ойлауды ‰ш категориялық деңгейге бөледі: 
- бастаушы немесе жетектеуші идеялар деңгейі; 
- конструкторлық-әдістемелік сызба; 
- сызбаның деректі іске асырылу деңгейі. 
Ойлау педагогикалық қызметтің әрт‰рлі буынына кіргізілген, 
сондықтан оқушының қимылы мен рефлексиясы оның мазмұны 
болып табылады. Педагогикалық ойлаудың әр тектілігі педагогтан 
белгілі мәдениет пен дағдыны талап етеді. Оқытушы өзінің ойлау 
процесінің рефлексиясын, сынау мен жобалауы хатталған ойлауы 
педагогикалық ойлау мәдениетінде көрініс алады. 


70
Педагогикалық қызметтің творчестволыққа белгілі ша- 
мада әсерінің төрт мотивінің пайда болуы көрсетілген
(О.М. Красноярцев). 
1. Егер ақаулықтар, қиындықтар пайда болса, болып жат-
қанның себептерін т‰сіндіру ‰шін және педагогикалық қызмет-
тің өз арнасына қайтарылуы ‰шін ойлау пайда болады. Педагог 
оқу жоспарда көрсетілген бойынша, сабақты жоспар бойынша 
өткізуге ұмтылады. 
2. Педагогикалық монотондықтан шығу педагогтың өз еркі-
мен мотиві болуы м‰мкін. 
3. Оқытушының моральдық және кәсіби құндылықтары твор-
чествалық ойлауының мотиві болуы. Бұл жағдайда бұл құндылық-
тар оқытушының және оқушылардың кәсіби дамуына әсер етеді. 
4. Педагогтың өзімен қойылмаған міндетті орындау ‰шін 
қойылған мәселені шешу мотив т‰рінде болуы. 
Ойлаудың қалыптасқаны туралы айтқанда, ғылыми стиль-
де ойлаудың белгілерін анықтаған жөн, өйткені ол оқытушы-
ның маңызды көрсеткіші болатын мәдениеті мен шеберлігін 
анықтайды. 
1. Ойлаудың ж‰йелілігі; 
2. Ойлаудың детерменизмі; 
3. Ойлаудың ықтималдылығы; 
4. Ойлаудың нақтылығы (конкреттілігі); 
5. Ойлаудың перспективасы; 
6. Ойлаудың ‰немділігі; 
7. Ойлаудың рефлектіктілігі – өз қимылын, қызметін сырт-
тан қараушы көз, мысалы, оқушы көзімен көру; 
8. Ойлаудың эвристикасы – гипотезаларды қоя білу, т‰рлі 
критерийлерді қолдану арқылы альтернативаларды с‰зе білу, ақпа-
ратты к‰шейту, қорытынды жасау білу қабілеттері (Л.Ф. Спирин). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет