Шеберлік негіздері


Оқытушы қызметіндегі жеке



Pdf көрінісі
бет38/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141
Оқытушы қызметіндегі жеке
педагогикалық стиль 
Кәсіпкер-педагогта (профессионал) жарқындық, біртума-
лық, қайталанбаушылық әрқашан оның қызметіндегі стилінде 
аңғарылады. 
Стиль – көркем мәнерлілік, творчестволық әдіспен, идея-
лық-көркемдік мазмұнның біртұтастығымен сипатталатын бей-
нелер ж‰йесінің қауымдастығы [7].
Стильдердің бірнеше т‰рі белгілі, бірақ олардың жіктелуін-
де негізгі төрт келіс әдістеме бөлініп қарастырылады [10]. 
1. Тұлғалық 
2. Тәрбиелік, мінез-құлықтық
3. Құрылымдық-қызметтік
4. Кешендік 
Педагогикалық қызметтің дараланған стилі туралы айтқанда 
оның динамикалық, ашық, өздігінше дамушы ж‰йе екенін, ал ол 
нәтижелерді болжауға, өзгертуге, қызметті педагогикалық 
позицияға қарай корректілеушінің даму принциптерін педагогика-
лық бағытталған ойлау ж‰йесіне сай бөліп қарастыру қажет. 
Педагогикалық қызметтің даралық стилінің төменде келті-
рілген даму принциптері белгілі: 
1. Өзін сақтау және ‰здіксіздік принципі 
2. Кері байланыс принципі 
3. Конструктивизм принципі 
4. Инерция принципі 
5. Иілімділік принципі 
6. Нормативтілік және иілгіштік принципі 
7. Ортаның әлуетін (потенциалын) тиімді пайдалану принципі 
8. Ашықтылық принципі 
9. Этика-мәдени даму принципі 
10. Полисубъектілік принципі 
11. Тәуелділік принципі 
Педагогикалық даралық стильдің қалыптасуының бағалау 
критерийлері [8]: 
1. Кәсіби-педагогикалық қызметтің құндылық бағытталуы 
2. Кәсіби қасиеттегі қабілеттің даму дәрежесі 


74
3. Кәсіби-педагогикалық қызметтегі творчестволық бел-
сенділігі 
4. Кәсіби өзіндік дамуға қабілеттілігі 
Аталған критерийлерді объективті-субъективті, процессуал-
ды-нәтижелік, нормативті, дара-вариативті деп те бөлуге бола-
ды. 
Даралық стилін бағалау критерийлері оның қалыптасуының 
бес деңгейін бөліп айтуға м‰мкіндік береді: 
1. Стихиялық-адаптациялық 
2. Имитациялық-комформистикалық 
3. Модификациялық-мәнжайлық (интуициялық) 
4. Ж‰йелік-моделдеуші 
5. Инновациялық-креативті 
Стильдің тип т‰зуші сипаттамасы: активтілік-пассивтілік; 
шешім қабылдауда бір ғана басшылық-коллективтілік; пози-
тивті-негативті стимуляция; дистанциялы – студенттермен 
контактілік байланыс; қолда бары - коллективпен кері байла-
ныстың болмауы. 
Сонымен, педагогикалық қызмет стилінің мәселесі – ол педагог 
қызметінде ең жоғары көрсеткіш, нәтиже алуға қол жеткізу, оның 
кәсіби 
жетілдіріліп 
қалыптасуы, 
шындықтың 
оптималды 
талаптарына сай даралық (сапалық) қасиеттерінің жетілдірілуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет