Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет44/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141
 
 
2.5. Оқытушы мәдениетінің тұлғалық (өзіндік) және
кәсіби өсуі. Педагогтың білімін және кәсіби
мәдениетін өзін-өзі жетілдіруі 
«Оқытушының тұлғалық өсуі» ұғымы бірнеше категория-
ны қарастырумен байланысты: тұлға, дамуы, өсуі, өзін-өзі рет-
теуі, өзіндік ойлауы, өзін анықтауы. 
Психология тұрғысынан тұлға – қоғамдық дамудың фено-
мені, нақты қасиеті (сапасы) бар тірі адам. 


81
Тұлғаның дамуының барлық сатысынан, яғни адаптациядан 
даралыққа, содан соң интеграцияға өтетін дамушы тұлға, ол – 
педагог. Сондықтан тұлға ретінде педагог ‰немі өзін өзектеуге 
(актуалдауға) және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуда. Бұл педагоги-
калық қызметтің өзінің ерекшелігімен анықталады, яғни ынта-
ықыластылықты (инициативаны) өздігінен ойлай білуге, тап-
қырлыққа, суырыпсалмалыққа (импровизацияға) бейім болады. 
Өзін-өзі өзектеу – ол адамның өзінің тұлғалық м‰мкін-
діктерін дамытуымен әлдеқайда толық анықтау қабілеті [13]. 
Өзін-өзі жетілдіру – өзіндік идеяны тану, онымен салыс-
тырылуы, қанағатсыздық тудыратындықтан өзін өзгертуге 
ұмтылу [13]. 
Тұлғаның өзін-өзі өзектеуі (актуалдауы) және жетілдіруі 
өмір с‰рудің мазмұнын іздеу процесінде және мына сұрақтарға 
жауап іздеу кезінде қалыптасады: адам өзіне тән қажеттіліктер 
мен құндылықтарға сәйкес өмір с‰руде ме? Ол өмірінде істегісі 
келгені, істей алатыны, істеуі қажеттігі, қолында бар сияқты 
ұғымдарды қалай ұштастыруда, біріктіруде ме? Оның өмір 
с‰руінде перспектива бар ма? 
Тұлғаның өсу негізі – «Мен» концепциясы. «Мен» ұғымы адам 
туралы барлық ғылымдарда қолданылады, сонда да ол өте анық 
емес, жылжымалы, көп мағыналы. Философиялық мағынада «Мен» 
тұлғаның рухани орталығы ретінде қарастырылады, психологияда 
«Мен»-ді, бір жағынан, «тұлғаға» жатқызса, екінші жағынан, 
«өзіндік сана» ұғымына жатқызады, бірақ ол олардың ешқайсы-
сымен де аяқталмайды, өйткені «мен» жай тұлға ғана емес, ол – ішкі 
мағынасы қарастырылған тұлға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет