Шеберлік негіздері


 Табиғи шарттар мен қоғам дамуының байланысы



Pdf көрінісі
бет92/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141
4. Табиғи шарттар мен қоғам дамуының байланысы. 
Қоғамдық салада табиғи жағдайлар мен қоғамның арасында 
абсолютті тәуелсіздігі жөнінде пікір басым орын алған. Т‰рлі 
экологиялық факторлардың адам ағзасына әсерін мойындағаны 
мен (экологиялық білім берудің әсерінен) табиғи ортаның қо-
ғамның дамуына әсер етуін абсурд деп қарастырады. Тіпті бұл 
пікірлер ж‰йесі ғалымдар ортасында да кең жайылып, бұл мәсе-
лелер бойынша зерттеушілер – «биологизаторлар» пайда болды. 
Біріншіден, табиғи жағдайлар, шарттар қоғамның тарихи 
даму ерекшеліктерін ‰лкен дәрежеде анықтаушы болған. 
Мысалы, барлық ертедегі адамзат өркениеттері Мысыр, ертедегі 
‡ндістан, Қытай ұзын, ірі өзендер бойында құрылған, өйткені 
ол кезде ауылшаруашылық басқаша м‰мкін емес еді. Басқа 


152
‰лкен қалалар да өзендер мен теніздер бойында орналасқан: 
Рим, Киев, Мәскеу, Париж, Лондон, Каир, Стамбул, Мадрид. 
Табиғи жағдайлар т‰рлі тарихи құбылыстарға да әсер еткені 
белгілі. Американы колонияландыруда инктердің алтын топырақ 
қорлары оларға қасірет әкелді. 1812 жылдың суығы Наполеонның 
Мәскеуді алудан бас тартуының негізгі дәйегі болған. 
Екіншіден, қоғамның экономикалық даму сипатына табиғи 
шарттар тікелей де әсер етеді. Араб әмірліктері ‰лкен мұнай қорына 
ие болуы – әлемдегі ең бай елдер қатарына жатуы, ал Жапонияны 
бай табиғи қорларының болмауы нанотехнологияларды дамытуға 
мәжб‰р етті, сөйтіп ол әлемнің бұл саладағы алдыңғы қатарына 
шықты. 
‡шіншіден, табиғи жағдайлар қоғамның саяси дамуына да әсер 
етеді. Ертегі Грекия ‰лкен тауарлармен бөлінген бірнеше ұсақ, 
(Миккены, Афины, Спарта, т.б.) ерекше мемлекеттік құрылымы бар 
елдерден тұрған. Тайван материктен бұғазбен бөлінуі Қытай елімен 
салыстырғанда ол аралда негізінен басқа бір саяси ж‰йе 
қалыптасуына шарттар жасады. 
Төртіншіден, табиғи жағдайлар қоғамның мәдени дамуы-
ның ерекшелігіне де ықпал етеді. Орта Азияның құрғақ климаты 
онда мәдени дәст‰р ретінде шай салтанатын қалыптастырған. 
Британия консерватизмінің қалыптасуының себебі Англияның 
басқа елдер мәдениетінен бөлек қалуы болды. 
Сонымен, табиғи орта жағдайларының қоғамның дамуы-
мен байланыстылығы тұлғаның адамдар мен табиғаттың бірлігін 
социум деңгейінде т‰сінуіне м‰мкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет