Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Ғылым, 1990.
II. ӨНЕ
II. ӨНЕРПАЗ ЖОЛЫ
РПАЗ ЖОЛЫ

34
35
II. Өнерпаз жолы
Сұлтан ҚОЖЫҚОВ, 
Сұлтан ҚОЖЫҚОВ, 
Қазақстан  халық әртісі,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
 
 Òîïæàð¾àí
Ê
СРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік 
сыйлықтарының лауреты, тамаша актер, талантты режиссер 
Шәкен Айманов өз халқымен өз Отанының өнер жолындағы Алатаудай 
ақиық мұрагері ретінде кеңінен мәшһүр. Халықтың асыл қазынасы мен 
сол халықтың ортасынан шыққан өнер саңлақтары Шәкен талантының 
бастауы іспетті. Біз Сарыарқаны ежелден-ақ халық өнерінің академиясы 
санасақ, Шәкен туып-өскен Баянауыл соның бір пұшпағы. 1928 жылы-
ақ Семей қаласындағы мектеп-коммунаның кейіннен педагогикалық 
институттың қабырғасында көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істей ба-
стады. Мұның өзі тап күресінің жанданып, шық бермес Шығайбайларды 
кәмпескеулеу мен колхоздастыру, халық ағарту және алғашқы бес-
жылдықтың перзенті — атақты Түрксіб құрылысының қызу жүріп жатқан 
тұсы еді. Міне, педагогикалық институттың студенті Шәкен Айманов 
дәл осы кезде «Еңлік—Кебек» пьесасында ойнады. Өзінің тума талан-
тымен көзге түскен ол республика астанасы — Алматыдағы қазақ дра-
ма театрына шақырылды. Бұл кез Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Май-
лин, Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов, Елубай Өмірзақов пен Серке 
Қожамқұлов сияқты әдебиет пен өнер саңлақтарының жастық жігері 
жалын атып, ұлттық мәдениетіміздің гүл жара бастаған кезі еді. Осы та-
ланттар тобына келіп қосылған уыздай жас жігіт өзінің болашақ тамаша 
актер боларлық қабілетімен қоса, ізденгіштік, еңбеккорлық қабілетімен 
де жұртшылық ілтипатына бөленді.
Отызыншы жылдарда халқымыздың мәдени өмірінде қазақ әдебиеті 
мен өнерінің Москвадағы онкүндігі, ұлттық опера театрын құру сияқты 
елеулі оқиғалар болды. Сол кезде мектеп қабырғасында жүрген бүлдіршін 
біздер тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген «Амангелді», «Райхан» 
сияқты көркемфильмдерді тамашалап үлгерген едік. Елубай Өмірзақовтың 
Аманкелдісі мен жас әртіс Хадиша Бөкееваның Райханына сүйсіне қол соқтық. 
«Райхан» фильмінде сол кезде бізге бейтаныс жігіт Шәкен де ойнаған екен. Әлі 
бүлдіршін біздер сол бір жас жігіттің кейінде сахна саңлағы атанып дүйім елді 
асқан талантымен тәнті етерін қайдан білейік.
Кенеттен Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Ер басына күн туып, етігімен 
су кешкен шақта буынымыз бекіп, бұғанамыз енді-енді қата бастаған біздер 
әкелер мен ағаларға ілесіп майдан шебіне шеру тараттық. Алматыға эва-
куациямен Москва, Ленинградтың көптеген өнер ордалары мен майтал-
ман шеберлері қоныс аударды. Ол еліміздің мәдени орталығына айналды. 
Міне, осы қиын-қыстау кезде де көршілес орыс халқының туысқандық көмегі 
арқасында солардың талантты өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істеудің бары-
сында ұлттық өнеріміз біршама ілгері жылжып, қанатын қатайта түсті.
Мұз төсеніп, қар жамылып майданда жүрген біздер үшін елден, туған-туыс 
жолдас-жорадан келген бір жапырақ сәлем хаттың өзі үлкен қуаныш еді. Ел 
амандығын естіп, бойымызға күш-қуат жиналып, жігерімізге жігер қосылғандай 
болатын еді. Міне, сондай бір күндерде, 1942 жылдың жазында Холм қаласының 
түбінде майдандас досым Рашит Ахметов екеуіміз бірге оқыған кластас қыздар-
дан хат алып мәре-сәре болып қалдық. Москвадан Алматыға эвакуациямен кел-
ген олар бүкіл қалада еркек атаулының (шал-шақпыттан басқа) қалмағандығын 
аса бір мұңды сезіммен жазған екен. Өздерінің майданда жүрген әке-ағаларын, 
дос-жораларын сағынып жүргендерін, солай болса да фашизмнің күлі көкке 
ұшар күнді асыға сеніммен күтетіндіктерін білдіре келе: «Алайда біз нағыз 
жігітті театрдан көріп жүрміз» деп қуана жазған жолдары күні бүгінгі дейін көз 
алдымда. Олар театрда ойнайтын бір қазақ актерінің түр-түсін, жүріс-тұрысын, 
мінез-құлқын, тіпті сахнада қалай ойнайтынына шейін баяндай келе аты-жөнін 
де ұмыт қалдырмаған еді. Ол қазақ мемлекеттік драма театрының әртісі Шәкен 
Кенжетайұлы Айманов екен. Бұл онымен тағы бір сырттай таныстығым еді. 
Суреткер үшін, актер үшін өз халқының аяулы да адал перзенті бола білуден 
артық бақыт жоқ. Бұл кезде сен өзіңнің қара басың үшін емес, халқың үшін, 
өзіңнің ғана емес, күллі халқыңның даңқын көтеруге бар талант-жігеріңді қа-
жыр-қайратыңды жұмсайсың. Біздің Шәкең ғұмырын осы жолға бағыштаған, 
өнер жүгін талмай арқалаған ер еді. Сол жүкті ол бүгін де бір сәт арқасынан 
тастаған емес. Оның саңқылдаған әсем үні Алтайдың мұзарт шыңдарында 
қалқып, Сарыарқаның ұланғайыр төсінде қанатын жая, Ертістің ақ жал айды-

36
Òîïæàðªàí
37
II. Өнерпаз жолы
ны үстінде шағаладай шарықтайды. Оның өнер жолындағы бастауы — Семей 
қаласын қақ жарып өтетін қарт Ертісте «Шәкен Айманов» атты пароход жүзгелі 
де біраз жыл болып қалды. Иә, ол әлі де сан жылдар өз сапарын жалғастыра 
бермек. Өйткені «Ердің аты өлмейді», — дейді ғой халқымыз. Әйтсе де, сол бір 
аяулы азамат, тамаша актер, талантты режиссер Шәкен Аймановтың арамыздан 
ерте кетуі қабырғамызды қайыстырады. Амал не, тағдырдың жазуы солай.
Сонау 1942 жыл окопта жатып, кластас қыздар жазған хат арқылы Шәкенмен 
сырттай таныс боп, онымен аман-сау қауышуды, оның өнерін сүйсіне тамаша-
лайтын бейбіт күнді армандаған менің жауынгер досым Рашит Ахметов те май-
дан даласынан оралмады. Бұл да тағдырдың жазуы. Егер солай болған күнде ол 
өзінің жалынды жырларын жауға қарсы семсердей сілтеген ұлы Жамбыл образын 
Шәкен орындауында тамашалап, «Асауға тұсаудағы» Петруччиомен қазақ сах-
насында табысар еді. Рашит бұл күнге жете алмады. Өйткені ол, да өз ғұмырын 
халқы үшін, Отаны үшін құрбан еткен, сол жолда қыршын кеткен жігіт еді.
Өзінің қырық жылдан астам өмірін халық керегіне жаратып, қазақ өнерінің 
қара шаңырағын көтеріскен, талай-талай күрделі образдарды сомдап, ондаған 
киноларда ойнаған СССР халық әртісі, СССР және республика Мемлекеттік 
сыйлықтарының лауреаты, топжарған талант Шәкен Кенжетайұлы Айманов 
бүгінде алшаң басып арамызда жүрер еді. Алайда ол тындырған ұланғайыр 
іс, тұсауын кескен талантты ізбасарлары өнер сапында аяқтарын нық басып 
бізбен бірге келеді.
«Қазақ әдебиеті» газеті, № 50; 13.12.1974
* * *
 Ðåæèññåð áà«ûòû
Ð
ежиссер бақыты бар дегенге кәсіби өмір ағысы көзімді әбден жеткізді. 
Бұл өзі, ғажап актер тұлғалармен шаттықты кездесулерге жолың болу-
дың, сәті түсудің ерекше бір түрі. Тағдырдың маған жасаған жомарт сыйы Шәкен 
Кенжетайұлы Аймановпен шығармашылық қарым-қатынаста болуым еді.
ВГИК-тің студенті болған кезінде жерлесім, ол кезде жас режиссер Мәжит Бе-
галин мені белгілі актер, Жамбылдың рөлін орындаған Шәкен Кенжетайұлымен 
таныстырды. Қарсы алдымда сондай жылы жүзді, көзі ойнақшып тұратын ұзын 
бойлы кісі күлімдей қарайды. Шәкенмен осы кездесуді әрқашан да әлдебір 
толқынысты сезіммен еске аламын. Өзіммен тікелей танысқанда, әзілге оңтайлы, 
байқағыш, ақылман адамды көрдім. Ол төлтумалық пен үйлесімділікпен тұратын 
өзінің табиғи болмысымен таңқалдырды. Тура, кірпік қақпай қарап, маған да 
«сен» деп сөйледі. Біреумен танысқан кезде ол барлық шарттылықты белден 
басып өтіп, жақындасуға ұмтылатын. Ашықтығымен, өткірлігімен баурап ала-
тын. Негізінде ол адамдармен тез тіл табысу қасиетіне ие кісі еді.
Кейін Шәкең кино режиссурасымен айналысқан кезде, студияда жылдар 
бойы бірге жұмыс жасадық. Кинематографияға келгенде, ол театрдағыдай 
ешкім, ешқашан тағынан түсірмес ағалық, ақсақалдық мәртебені иеленді. 
Шәкеңде қызғаншақтық атымен жоқ еді. Мен мұны анық білемін. Сонымен 
бірге жалған бәлсінуден ада, өз бағасын жақсы білетін адам еді. Ол жетекші ак-
терлер мен заманға сай режисерлерге сүйсіне қарайтын. Әріптестерінің табы-
сына шын жүрекпен, алақайлап балаша қуанатын. Біз жиі-жиі қызу пікір талас-
тырып өз жұмыстарамыздағы кемшіліктерді қатқыл сынға алатынбыз. Мұның 
бәрі әрқайсымыздың суреткер ретінде өсуімізге, фильмдеріміздің жақсы бола 
түсуіне керек екенін түсінетінбіз. Әрбіріміздің де табыстарымыз бен олқы 
тұстарымыз болды, әрине. Ісің ылғи да сәтті бола бере ме? Ондай кездерде 
Шәкен қатты қапаланатын-ды. Арнайы «киношылық» білімсіз-ақ, кинематогра-
фия әлеміне енген оның осы өнерді ұңғыл-шұңғылына дейін қапысыз білуі таң 
қалдыратын. Кинода режиссер болып танылған ол өз мүмкіндігінен де асып 
түскендей еді. Бұл сөзімізге дәлел — оның соңғы «Атаманның ақыры» фильмі. 
Оның бақилық болуы қазақ киносына орны толмас қайғы әкелді. Біз мұны тірі 
Шәкеннен неғұрлым алыстаған сайын соғұрлым терең түйсіне түсеміз.
Шәкен Айманов. Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004 
Ілияс ОМАРОВ, 
Ілияс ОМАРОВ, 
мемлекет және қоғам қайраткері, 
әдебиет сыншысы, жазушы, публицист
ˆíåðïàç æîëû
(КСРО Халық әртісі Шәкен Айманов — 50 жаста)
(КСРО Халық әртісі Шәкен Айманов — 50 жаста)

лі есімде, 1949 жылы Шәкен Айманов қасына режиссер А. Штейн жолдас-
ты ертіп Қазақстан КП Орталық Комитетіне келді. Ол аса бір маңызды 
нәрсе болмаса, біздің мазамызды ала бермейтін адам еді. Сол себепті бұл 
жолығудың мәнісін өзімше арзанға жорымай, жөн сұрастық.
Сөзді Шәкен бастады.
— Мұхтардың екі кітабы бірдей бітті. Әлем жұртшылығына тарады, енді сол 
еңбектің тағы бір өмір жолы көрініп тұр. Жалпы, «Абай» секілді эпопеялар орыс 

38
Òîïæàðªàí
39
II. Өнерпаз жолы
сахнасынан да көрініп жатыр ғой. Біз А. Штейн екеуіміз осы кітапқа инсценировка 
жасағалы жүр едік, оған сіздердің тарапыңыздан нендей көмек болады? — деді. 
Біз бұл пікірді қолдадық. Бірақ эпопея авторы Мұхтар Әуезовтың келісімін алып, 
іске жанама болса да бас-көз болуын өтіндік.
Көп ұзамай Шәкен инсценировканы оқыды. Әр қилы пікір айтылды. Түзеу-
лер енгізілді. Театр қабылдап, оны сахнаға шығарды.
Кезінде «Абай» романы бойынша жасалған инсценировкаға жұртшылығы-
мыз аса жоғары баға берді. Романның екі кітабы үшін автор Мемлекеттік бірінші 
дәрежелі сыйлық алса, сол дәрежеде спектакльге ие болып, театрдың шабан-
доз әртістері шетінен лауреат болды. Солардың ішінде Шәкеннің өзімен бірге 
Қалыбек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, 
Хадиша Бөкеева, марқұм Рахия Қойшыбаева бар.
Бұл оқиға: іргетасы Ұлы Октябрь револююциясынан кейін қалыптасқан көркем 
өнеріміздің, оның ішінде академиялық драма театрының шыққан биігі, Одақ 
көлеміне танылуы, салтанаты болатын. Міне, сол зор істің басында бүгін жасы елу-
ге толып отырған Шәкен Айманов секілді қадірлі де, құрметті әртісіміз жүрді.
Шәкеннің өсу жолы, өнерінің қанаттануы М. Әуезов атындағы драма теа-
трының тарихымен тығыз байланысты. Ал, бұл өнер ордасы болса, осы күнгі 
шыққан биігіне дейін басты үш түрлі творчестволық жеңісті басынан кешіргенін 
көреміз.
Негізгі сүйегі — өнерпаздар тобы халықтың қайнаған ортасынан суғарылып 
шығарылған самородок өнер иелерінен құрылды да, олар шу дегенде өз ре-
пертуарын халықтың өзі жасаған шығармаларды игеруден бастады. Театр 
қабырғасы қаланбай тұрып Бейімбет Майлин жазған скетч, әзіл-сықақ 
көріністерінің ел арасында, отбасында, киіз үй төрінде қойылып келгенін біз 
жақсы білеміз. Кейін театр құрылысымен олардың алысқа шауып барлықпай 
өз топырағында туған драмалық туындыларды игеруден бастауы, оның өсуінің, 
ер жетуінің бірден-бір кепілі болды. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейім-
бет Майлин, Ғабит Мүсіреповтың драмалық шығармалары театр коллективінің 
өсуіне зор қолғабыс жасады десек, әділін айтқан болып шығамыз.
Өзінің идеялық көркемдік дәрежесі жөнінен одақтық, қала берді, әлемдік 
әдеби үлгілерден бірде-бір кем соқпайтын «Абай» трагедиясы, «Қозы 
Көрпеш — Баян Сұлу» мен «Ақан Сері — Ақтоқты» трагедиялары біздің өнерпаз 
қарттарымыз оқыған мектеп болды және оны бүгінгі жас буын әртістеріміз де 
өтуде. Шәкен болса басынан осыны кешірді, бұл шығармалардың табысты бо-
луына барын аяған жоқ.
Шәкен қатысқан театр коллективі және бір жеңіп алған екінші белес театр 
сахнасына орыстың реалистік классикалық драмасының және орыс совет 
драмасының озық туындыларының қойылуы болды. Олар: Гогольдің «Реви-
зор», «Үйлену» пьесалары, Н. Островский, М. Горький шығармаларымен қоса 
Н. Погодиннің, А. Корнейчуктың және басқаларының туындылары. 
Ал үшінші бел — әр елдің өскен мәдениетінің өзіне сынмен талғай 
қарайтын әлемдік әдебиеттің үлгілері. Оған Шекспир, Мольер, Лопе де Вега 
шығармалары жатады.
Шәкенің өнері осылардың бәрінде де сайма-сай болып шықты дей аламыз. Өз 
театрымен бірге өскен актер осылайша, бір биіктен соң бір биікті алып отырды. 
Ал, кинодағы ойыны өз алдына бөлек дүние, әрі жеке-дара сөз етуді талап етеді.
Бұдан кейінгі Шәкен басынан көрінетін тағы бір ерекшелік, ол саморо-
док дәрежесінде қалып кетпей, оқу, іздену, үзбей өсуі арқасында бүгінгі 
мәдениетіміздің иелер биік талабына жауап берумен келеді. Әсіресе, 
режиссерлік жұмысымен қоса, актерлік ойындары көрерменнің талғамы мен 
талабынан шығып отыруы оның зор іздену үстінде, өрлеу жолында жүрген су-
реткер екенін танытады. 
Шәкен табиғатында сері, әнші, аққөңіл азамат. Сол себепті өзінің натура-
сына, актерлік бағдарына, қарпуына (амплуасына) сайма-сай кейіпкерлерді 
іздейді. Бір-екі мысал келтірейік. 
Ғ. Мүсірепов «Ақан Сері» драмасында бас кейіпкер Ақанды — сері ғана 
емес, өзінің өмірден туған философиясы бар, ақылына парасаты сай, көзі ашық 
адам ретінде суреттеп, оның дін зұлымдылығына, ескінің етек бастығына қарсы 
күресін жай кеуде соғыстыру емес, дүниетану күресіне, философия жарыстыруға, 
ғылым мен надандықтың арпалысуына саяды. Бұл жай Ақан өміріне мазмұн 
береді. Оның қоғамдағы орнын айқындап, халықтың мұңын жырлайтын, жоғын 
даулайтын күрескер дәрежесіне көтерді. Міне, сол Ақанды Шәкен Айманов өз 
дәрежесінде ойнады, серінің ішкі дүниесін аша түседі, жанына үңіледі; сахна-
дан түспей келе жатқан бұл пьесаның көрермен қауымға «күнде жаңа бір сыр 
айтуының» өзі Шәкеннің образға терең бойлауына байланысты.
Шәкен ойнаған кейіпкерлердің және бір тамашасы бар. Ол — Петруччио. 
Шекспирдің «Асауға тұсау» пьесасындағы басты тұлға. Жалпы, бұл шығарманың 
біздің халқымыздың тұрмысына мазмұны жағынан туыстығы жоқ емес, Мұхтар 
Әуезовпен бір әңгімелескенімде ол мұндағы ситуация біздің қазақ өмірінде де 
қат-қабат қатарласа береді деген еді.
Петруччио — Шәкеннің натурасына саймай-сай болып шықты. Бұл Ақан 
секілді күрескер емес, бұл кәдімгі отты юмордың адамы, өзіне тән серілігі, 
ерлігі, ұстамдылығы, өмірге көзқарасы бар. Пьесада Петруччио атқарған жұмыс 
Катарина секілді асау қызға тұсау салуда ғана емес, өмірдің жарқын жағы мен 
қөлеңкесін ажырату, тұрмыс сәні сән-салтанатта емес, шын сүйіскендердің 
көңілінде делінген ой. Бірақ ол арманы өзімізге түсінікті болғанымен, Петруч-
чио қазақ топырағының адамы емес қой. Егер әдеби сын стилімен айтсақ, ол 
әлемдік әдебиеттін алтын қорына қосылған шығарманың геройы. Әлемдік 

40
Òîïæàðªàí
41
II. Өнерпаз жолы
әдебиеттің алтын қорынан болғандықтан да ол қазақ әртісіне сайма-сай келді, 
ол «кісі таңдаған» жоқ, адамзаттың ортақ мұрасы екенін көрсетті. Шәкен — 
Петруччио басындағы «бәрімізге де тән» мінез-құлықты ашуға аттанғанда, 
міне, Шекспир творчествосына тән осы қасиетті әбден түсінді, сол себепті 
атқарған рөлін тамаша ойнады. Расына келсек, Шәкен мен Хадиша Бөкеева 
орындауындағы Петруччио мен Катаринаны әлемдік драматургия сахнасының 
қайсысынан болсын ұялмай көрсетуге болар еді.
Әрине, Шәкеннің сахнада жасаған рөлдері өте көп. Бірақ мына бір 
кейіпкерге тоқталмасақ, біз оның торқалы тойы күнгі пікірімізді аз деп білер 
едік. Ол — Н. Погодиннің «Мылтықты адам» пьесасындағы Шадрин.
Театрымыздың тарихында бұл пьесаны қою үлкен мереке болды. Себебі, 
қазақ сахнасына тұңғыш рет В.И. Ленин шықты. Ұлы көсемнің мәңгі өшпес 
бейнесін жасаған халық әртісі Елубай Өмірзақов еді.
Шадрин — шаруа өкілі еді. Оның мінез-құлқы, В.И. Ленинге деген сүйіспеншілі-
гі, шаруа адамына тән аққөңілділігі, кейде кей пікірді келте пішіп айтатыны сол 
бір шақтағы шаруалардың ортақ типтік қасиеті болатын. Шәкенге бұл образдың 
түсінікті әрі жақын болып шығуы да осыдан. Бұған қоса Шәкеннің өзі де қазақ 
шаруаларының өкілі ғой. Ендеше, олардың ұлы көсеміміз В.И. Ленинге деген 
шексіз махаббаты Шәкен жүрегінде де жалындап тұратын. Николай Погодин 
Шәкеннің достарының бірі болды. Сол кісінің Шәкен ойнаған Шадрин бейнесі 
жайлы риза болғанын біз Мұқаң екеуіміз талай естідік те. Н. Погодин Әуезов секіл-
ді аудармашым болғанына мақтанамын дейтін. Айманов, Өмірзақов секілді орын-
даушылары болғанына да дән риза болатын. Әсіресе, «Жамбыл» фильміндегі 
Жамбыл образының сәтті шығуы да Шәкеннің осы тамаша адамдармен достығы-
на байланысты болды, содан нәр алып жатты десек, артық сөз айтушы болмаспыз.
Шәкенің өскен мектебінің бірі, әрі ең бастысы — орыстың реалистік 
драмасының дәстүрі дейміз. Ол орыс театрының тамаша реалистік қасиетін 
сақтаумен бірге, оның өршіл романтизмін де терең сезінеді. А. Островскийдің 
«Таланттар мен табынушылар», «Найзағай» пьесаларындағы Тихон мен Вели-
катов, Горькийдің «Шыңырауда» драмасындағы Сатин бұл айтқандарымызға 
толық дәлел бола алады. Шәкен осы аталған рөлдерді шебер ойнап қана 
қойған жоқ, осы спектакльдердің режиссері де.
Соңғы берер пікір — Шәкеннің өзінің елуге келген мүшелі тойында сүйікті 
көрермендеріне берген есебі жайында. Ол тағы да Шекспир есімімен байланысты.
Шәкен жуықта ғана Отелло рөлінде ойнады. «Отелло» трагедиясының 
қойылуы мәдени өміріміздегі үлкен құбылыс екенін айту керек. Бұл спектакль 
жөнінде терең талдаулар жасайтын ойлы сындар бола жатар. Ал, өз басым 
Отелло Шәкеннің соңғы жылдардағы творчестволық ізденулерінің ірі табы-
сы деп қараймын. Әрине, бұл рөл жөнінде бір рет тамашалап пікір айту қиын. 
Бір спектакльде актер Отелло рөлін меңгеріп те әкете алмас, бұл зерделеуді 
тілейтін образ.
Ш. Айманов қазақ сахнасының аса көрнекті шеберлерінің бірі болуымен 
қатар, ол мәдениетіміздің барлық саласының өсуіне белсене араласып жүрген 
қоғам қайраткері де. Партиямыз бен үкіметіміз оның бұл қызметін жоғары 
бағалады. Оған СССР халық әртісі деген зор атақ берілді. Бірнеше рет орден-
дермен наградталды, Қазақ ССР-інің Жоғарғы Советінің депутаттығына сай-
ланды. Ол Қазақстан кинематографистер одағының басқармасының бірінші 
секретары, кинорежиссер.
Шәкен Айманов қазір елу жаста, бұл оның нағыз творчестволық бабына кел-
ген қызу шағы десек, көркемөнеріміздің дамуына, гүлденуіне бұл күнге дейінгі 
үлесінен де артық, өзіне тән жомарттықпен сұп-сұлу өнер қосады деп сенеміз. 
«Қазақ әдебиеті» газеті, ақпан, 1964
 
Кәукен КЕНЖЕТАЕВ,
Кәукен КЕНЖЕТАЕВ,
Қазақстан  халық әртісі
Äàðºàí äàðûí
Á
аянға алғаш келіп көрген адам: «Апыр-ай, мына жерде туып-өскен 
адамдар қалайша ақын, әнші болмасын!» — деп қайран қалатын. Ол 
рас еді. Тіпті әрбір тастың атының өзі жыр жолдарындай жүрекке жылы тиеді. 
Мысалы: «Ақбеттау», «Үш шошақ», «Көгілдір тау», «Зеңгіртас», «Күретас», 
«Қойтас», «Серектас», «Көктас», «Аралтас», «Найзатас», «Ертас» болып кете 
барады. 
Сол Баянның «Ақбеттауының» бауырында, сары жазықтың ортасында, Ай-
ман бұлақтың түбінде, «Қызыл шіліктің» тау жақ бетінде қарағайдан салынған 
екі бөлмелі аласа ғана үй болатын. 
Бұл Айманның кенжесі Кенжетайдың үйі еді. Кенжетай жасынан мойны-
на мылтық асынып, ит жүгіртіп, құс ұшырып, аң аулап, қолынан домбырасы 
түспеген, ән салуды жанындай жақсы көреді екен. 
Кенжетайдың сол кішкентай үйінде Қали әнші, Ысқақбай күйші, Дүйсенбай 
ертегіші, Рахметқожа қиссашы, өзінің сауық сүйгіш ағасы Мұзапар, інісі 
Қажымұрат, тағы басқа ел жақсылары жиналып, ойын-думанды қатты 
қыздыратын. Таң атқанша ән айтылады, күй тартылады, ертегі, қиссалар 
оқылады. 

42
Òîïæàðªàí
43
II. Өнерпаз жолы
Кенжетайдың үш ұлы — Әбдікерім (Абдан), Шаһкерім (Шәкен), Әбдірахым 
(Кәукен) болады. Біз кейін Абдан, Шәкен, Кәукен аталып кеттік. Жаңағыдай 
кештерде біріміз әкеміздің, екіншіміз шешеміздің алдында отырып алып, 
сілеміз қатқанша тыңдап, көзіміз қалай ілініп кеткенін білмей қалатынбыз. 
Біз үшін Қалидің әні, Ысқақбайдың күйі өмірде бір қол жетпейтін қиял 
сияқты көрінетін. Кейде:
— Ал, кәне, Шәкітай мен Кәукешті тыңдайық. Ал бір-бір ән айтып беріңдер, — 
деп Кәкең (Қали) домбырасының құлағын бұрай бастайды. 
— Шәкен, сен «Екі жиренді», ал Кәукен сен «Қара торғайды» айт, — деп 
әкеміз қостап кетеді. 
Сөйтіп, біз де ән салған боламыз. 
— Бәрекелді, бәрекелді, міне, тамаша, балалар, — деп Қали мақтайды. 
— Осы екеуінен түбінде әнші шығады, — деп басқалары да мадақтай 
жөнеледі. 
— Ал енді, Қали, өзің тағы бір әнге басып, құлағымыздың құрышын 
қандыршы... 
— Иә, иә, балаларды қайтесің... өзің... тағы бір... — деп отырғандар орында-
рынан бір-бір қозғалысып қойысады. 
Қали домбырасын қолға алып, құлағын бұрап жіберіп, қағып-қағып 
жібергенде, ғажайып өзгеріске енетін. Жаңағы сөзге орашолақ Қали емес
бәйгеге қосатын жүйрік аттай сыланып сала беретін. Өткір көздері күлімсірей 
қадалып, екі беті қызарып, жайдарыланып, домбыраның құлақ күйіне барлық 
тәнін, жанын бергендей төніп отырған сәтінде енді оның кеудесінен ғажайып 
ән сазының төгілетінін сезесің. 
Қали ән айтқанда тыңдаушыда ол халықтың тамаша әуенін әдемі айтып 
отыр деген ғана ой тумайды. Өзінің жанынан, жан күйзелісінен шыққан ән бо-
лып көрінеді. Қали өзі ән шығармаған адам. Бірақ халық көп әндерді Қалидың 
әндері деп кеткен. Себебі Қалидің әнге деген ерекше көзқарасы, махаббаты, 
әнді жан-тәнімен айтуы талай әндерді Қалидікі дегізіп кеткен. 
Ол асқақтата «Ардақты», шалқыта «Шаманы», балқыта «Мақпалды», ыза 
кернегендей қалыпта «Жанботаны», жүректен жалын боп шыққан «Құлагерді» 
айтқан кезде басқа Қали болып көрінеді. 
Қалидың жан тербетіп айтқан әндері, оның құлақтан кетпес үні көпке дейін 
естен шықпай, «енді тағы қашан келер екен» деген ой бізді шыдатпайды... «Шіркін, 
Қалидай әнші болар ма едік?!» — деп арман етеміз. Біздің ойымызды сезгендей 
ол: «Сендер де өскен соң әнші боласыңдар, онда қапы жоқ!» — деп қояды. 
— Кенжаға, мына балаларға домбыра істеп беріңіз, үйренсін. Өнерге бау-
лып, өзің айтатын тамаша әндеріңді осыларға үйрет. Есеп бар ма, бұлар тез 
үйреніп кетеді, — дейтін. Біздер оған қатты қуанамыз. Қали айтқан соң, әнші 
болмасқа лаж жоқ. Тіпті ертеңнен бастап сарнап кететін сықылдымыз. Шы-
нында, әкеміз өзінің шамасына қарай, шағын ғана тенор дауысына лайықтап, 
әнді сызылтып әдемі айтады. Қолымызға домбыра ұстатып өнерге баулып, ән 
үйретті, тақпақ оқытты. 
Сөйтіп, әкеміздің жолын қуып, ағайынды үшеуіміз де домбыра тартып, ән 
салатын болдық. 
***
Шәкенді 1924 жылы үлкен ағамыз Қажымұрат Семейге оқуға алып кетті. 
Өзі мұғалім болғандықтан, Шәкенді де мұғалім болсын деп алғашқыда 
Казкоммунаға, кейіннен Халық ағарту институтына түсірген. Осы институтта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет