Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
— Ей, Сапарғали, сен босқа ренжіп пышылдама. Мен білетін көршім болса, 
ақшаны жеткізбей тынбайды. Қара да тұр, қазір-ақ келеді. Осыған бәстесейік. 
Қазір базарда сыраның литрі қырық-ақ сом тұрады. Егер Жүсіпбек үлгеріп 
келетін болса, сен маған бір литр сыра алып бересің. Келе алмаса, мен саған 
алып берем. Әкел қолыңды, Мұхтар, сен қолымызды айырасың. 
— Пәлі, мына Қалибектің бәсінің түрін қара. Бір литр сыра, сол да сөз боп 
па! Одан гөрі қиынырақ бір нәрсе айтпайсыз ба? Егер Жүсіпбек келетін болса, 
мен қандай ауыр жаза болса да көнер едім. Мына Сапекеңді қара, бір литр 
сыраға да көнгісі келмей тұр, — деп Мұқаң сықылықтап күліпті. 
— Мұхтар, сен осының сөзіне иланып тұрсың ба? Қалибек былшылдап тұр. 
Бұл сөйлемей тұра алмайды ғой. Жасынан сөйлеп қалған ауыз. Біреуді иіндетіп, 
сөзбен бастырмалатып, орнынан тұрмастай етіп жаншып тастайтын кеселі бар 
емес пе? Әйтпесе, дәл қазір Жүсіпбек келеді деп бәстесудің не орны бар? — 
дейді Сапекең кейіп. 

78
Òîïæàðªàí
79
II. Өнерпаз жолы
— Ей, Сапарғали, мен осыған табандасып тұра алам. Ол керекті жерінде ал-
дына жан салмайтын Ақанның Құлагеріндей жортады. Көр де тұр. Қазір келеді. 
— Пәлі, сен тіпті қисынсыз сөйлейсің. Жүсіпбекті күнде жарысқа қосып 
жүргендей айтасың-ау. Кәне, айта ғой. Қанша жарыста, нешеуінің алдынан 
келіп еді. Ашып, анығын айтпасаң, Сапекең оңайлықпен қолға түсе қоймайды, — 
деп Мұқаң да құтыртады. 
— Мұхтар, сен жазу үстіндегі қолданатын дәлдігіңді осы араға да әкелгің 
келеді. Ал мен ақылдан туар дәлдіктен гөрі, жүректің сездіргенін айтам. Мені бы-
лай қойғанда, сен екеуіңнің алдыңда өзін баладай ұстап, қабақ қағыстарыңды 
қалт жібермей құрмет тұтатын Жүсіпбек мойнына алған міндетті, мұрнынан 
қан кетсе де, орындамай тынбайды. Ал дәлелдеу керек болса, Жүсіпбек менің 
қолымда тұрған жылдарда, қай жерге жұмсасам да, тіпті түн ортасында оят-
сам да, қабақ шытпай, көзді ашып-жұмғанша үкілі поштадай орындап келіп 
қалғанын білмей қалатынмын, — деп мөлдіретеді Қалеки. 
— Сен осыдан он шақты жыл бұрынғыны айтасың. Қазір шау тартып, денесі 
толысқан кезде шапшаң қимылдау оңай емес. Осы он шақты жылдың ішінде 
сенің өз бойыңдағы күш-қуатың бұрынғыдан кемігенін сезесің бе? Бірақ сен 
оған мән бермейтін шығарсың. 
— Өй, шіркін-ай, сендер өйтіп мені кәрілікке мойындата алмайсыңдар. Баяғы 
жас күнімдей сезінемін. Бір әдетім — жас күнімнен жүгіруге жоқпын. Әйтпесе, 
өзім-ақ кетер едім, — деп Қалеки әңгімені қыздыра түседі. Олар осылай қалжың 
сөзбен қағысып тұрғанда, пойыз қозғала бастайды. Осы сәтте әбден қалжыраған 
Жүсіпбек те жетеді. Қойшы, әйтеуір, Мәжитке ақшаны беріп үлгеріп, тәлтіректеп 
жерге отыра кетеді. Бұл айта қаларлық қызмет емес те шығар. Бірақ абзал ағаға 
деген ыстық ықыласын, кіршіксіз таза көңілін білдіреді. 
Кейде бірді айтып, бірге кетеміз-ау. Енді сол Шәкенге арналған сөз желісіне 
қайта оралайық. Біздің үйге жиі келетін адамның бірі Шәкен еді. Жүсекең де 
Шәкеннің келуін аңсап күтіп отырады. Тіпті тәтті, дәмді тамақты, соғымның тілін, 
бүйрегін, телшесіне дейін Шәкенге сақтататын. Кейде келмей кетсе, телефон 
соғып: «Шәкен, сен қайда жүрсің? Келмейсің бе? Соғымның жылы-жұмсағын 
ескірмей тұрғанда жеп кетсеңдерші», — деп бәйек болатын. Шәкенмен бірге 
өткізетін кештер мағыналы, көңілді болатын. Көбіне ән айтып, кейде сол ән 
төңірегінде айтысып, керілдесіп қалатын. Бірін-бірі мойындап, өзді-өзі мәмілеге 
келіп отыратын кездері де болатын. Шыға алмай жүрген белеске көтерілгендей, 
бір-біріне ризалық білдіріп, бұрынғыдан да мейірлене түсетін. 
Шәкен біздікіне көбіне жолдассыз, жеке келетін. Ондағысы сол кешті тек 
әнге ғана арнаушы еді. Кілегеймен ішкен үнді шайын ұнататын. 
— Шайың қайнап кетпесін, аққұманға суды азырақ құй, — деп өзі бірге 
жүретін. Мен болсам, оған реніш білдіріп: 
— Қойшы, Шәкен, жағаласпашы. Өзім де білем ғой, — деп ұрсатынымды 
қайтерсің. Оны тыңдап жатқан Шәкен жоқ. 
Бабына келтіріп ішкен шайдан соң ән басталады. Жүсекең ән айтудағы өзінің 
ұстаған жолы бойынша, әнді кестедей өрнектеп, әдемілеп айтқанды ұнатады. 
Шәкен үнсіз тыңдап отырады да: 
— Мына бір ирегі артық, — деп әнді бөліп, өз ойын дәлелдейді. Кейде екеуі 
келісе алмай айтысып қалады. Шәкен әннің тұтастығын ұнатады. «Жиырма 
бестің» кейбір әдемі иректері артықтау дейтін еді. Жүсекең «Жиырма бесті» 
соңғы рет Шәкеннің айтуы бойынша жаздырған. Екеуі әннің артығын жонып, 
кемтігін толтыру үстінде көп еңбектенетін. 
Қалеки Шәкен екеуі басы қосылып келе қалса, түні бойына ән тыңдаудан 
жалықпайтын. Екеуі де домбыраны жақсы тартады. Дауыстары да жақсы, тәп-
тәуір әнші болатын. 
Тегінде, қазақ халқының дана ұлдарының бәрі де әнші, домбырашы болу 
керек. Қаныш аға (Қаныш Сәтбаев) «Бүркітбай» әнін домбырамен керемет ай-
татын. Мұхаң ән салмағанымен керемет түсінетін. Өйткені ол кісі кез келген 
әннің шығу тарихын білетін. Осыған орай Мұхаңның Күләш бастаған әншілерге 
«Ақылбайдың әнін» үйреткенін айта кетейін. 
1953 жылы атақты биші Шара Жиенқұлованың баласы Болат үйленді. Үлкен 
той өткен соң ертеңіне Шара өзі араласып жүретін Мұхаң, Қалеки, Шәкен, 
Әбділда, Күләш, Манарбек, Шахмет, Жүсекең секілді белгілі адамдардың ба-
сын қосып, той қызығын қайта жалғастырды. 
Ән айтып, күй тартылмаса, тойдың сәні бола ма? Күләш, Манарбек, Жүсіпбек 
үшеуі кезек-кезек ән шырқады. Мұхаң сол күні ерекше көңілді отырды. Біраз 
ән айтылып болған соң, Мұхаң жаймен сөз бастады. 
— Қазақтың таусылмас қазынасының бірі — ән. Халқымыздың бүгінге дейін 
тудырған әндерін кейінгі ұрпақ тоздырмай, әрі қарай дамыта берсе, өресі биік 
кез келген елмен өнер сайысына түсуге болады. Сол бай қазынаға бір түйір 
алтын қосқандай, мен сендерге бұрын ешкім айтпаған жаңа ән үйреткім келіп 
отыр. Бұрын үйренгендеріне бәйге береміз, — деп күлді. Отырғандар тына 
қалды. Өйткені бұрын Мұхаңның ән айтқанын естіген емеспіз. Оның үстіне 
қандай жаңа ән үйретер екен деп ынтықтық. 
Мұхаң алдымен ән тарихын айтып берді. 
— Абай ағаның Әйгерімнен туған Мекайл деген баласы әнші әрі скрипка-
ны жақсы тартатын болған. Серілерше сәнді киініп, салтанатпен жүретін жас 
жігіт бірде қайын жұртына бармақшы болады. Барлық кәде-ырымы, жол-
жоралғысымен әнші-күйшілерін ертеді. Бірақ бөтен елге, оның үстіне қайын 
жұртына барғанда, ел сүйсінерлік бір жаңалық апарсам деп ойлайды. Сонда 
не жаңалық апара алады? Мал, дүние-мүлік пе? Жоқ, өзіне сай ауқатты бай 

80
Òîïæàðªàí
81
II. Өнерпаз жолы
елге ол жаңалық емес. Басқадай сән-салтанат та онша таңырқатпайды. Тек 
келісті сәнмен келіпті деп айтады да қояды. 
Ендеше қайынына апаратын таңырқатар жаңалық тек жаңа ән болу керек. 
Мекайл мен жанына ерген әнші аға Әлмағанбеттің тынымсыз тілегені осы 
еді. Ертерек ойламағандарына қынжылады. Дәл жүрер күні қандай жаңа ән 
таппақ. Бірнеше сағат ішінде жаңадан туған жақсы ән қайдан шықсын. Де-
генмен, Әлекең Ақылбайға барып армандарын айтады. Ақылбай — өздеріңе 
белгілі Абай ағаның көңілі толмай жүрген баласы. 
— Ақылбай, сен бізге бір жаңа ән шығарып бере гөр. Құдаларға қанаттанып 
барайық. Ойлана гөр, — деп өтінеді. Әлекеңнің шын қиылып сұрауы Ақылбайға 
қозғау салады. Ақылбай бір сәтке өзін оңаша қалдыруын сұрайды. Оңаша 
қалған Ақылбай іле Әлекеңді қайта шақырып шығарған әнін айта бастайды. 
Міне, сол Ақылбайдың шығарған әнін сендерге үйретем, — деді де Мұхаң 
домбырасын қолға алды. 
Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матай алыс, бірталай жер деген соң. 
Он минутта ойыма осы ән түсті, 
Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң. 
Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға,
Жас дәуренді өткіздік бермей баға. 
Ақылжан деп тұрушы ед талай қыздар, 
Сұмдық шықты дейтұғын Ақыл аға. 
 
Мұхаңның әдемі қоңыр дауыспен жайлап бастап, толқындата көтерген 
үнінде соншалық әдемі, жұмсақ, майдалап ескен қоңыр самалдай жан тербе-
тер сазды, әсерлі жинақылық, тыңдарман жұртты ән қанатының астына тар-
тып алып, шашау шығармайтындай құдіреті барын бірден сезіндік. Әннің әр 
сөзіне мән бере, тебірене айтып берді. 
Әншілердің ән үйрену есінде де жоқ. Мұхаңның аузынан бірінші естіген 
әніне, оның әсем мәнерінен үлгі аларлықтай екенін ұғып, ықылас қоя, ынтыға 
тыңдады. Ән үзілгенін байқамай қалыппыз. Бір сәтке бәріміз де дағдарып 
қалсақ керек. Мұхаңның:
— Иә, қалай екен? — деген үнінен есімізді жиғандай, дуылдата қол ұрып 
жібердік. Мұхаң аздап ыңғайсызданып: 
— Пәлі, мені тіпті айтулы әншідей-ақ дүрлігіп қол ұрып жатыр. Мыналарды 
қара! Менікі әншейін әннен бейхабар еместігімді сендер біліп жүрсін дегенім 
ғой, — деп қалжыңға айналдырып күлді. — Екіншіден, осы әнді менен басқа 
адам білмейтін болған соң, өзіммен бірге алып кетпей, сендерге үйретуді өзіме 
борыш санаушы едім. Бүгін сол көкейде жүрген ойдың орайы келіп қалған соң 
борышымнан құтылайын дегендік қой. Ал ән қалай екен? Үйренуге тұрарлық 
па, соны айтыңдар? 
— Ұнағанда қандай! Мынандай жақсы ән үйреткеніңіз үшін, сізге алғыстан 
басқа айтарымыз болмас, — деп жақсы, жаңа ән естігенде, қашан үйренгенше 
тақаты қалмайтын әдеті бойынша Жүсіпбек елпілдеп ынтыға түсті. 
Енді бәрі де жарыс алдындағы атқа шабатын баладай оңтайланып, лап бе-
руге күтіп тұрғандай тосуда. Кімнің ойы ұшқыр, кім алғыр болса, сол бұрын 
үйренеді. Мұхаң әнді тағы қайталап айтып берді. Күләш пен Құрманбек екінші 
қайталағанда-ақ ұғып алды. Ал Жүсіпбек үшінші айтқанда барып үйренді. Енді 
үйренген әнді үшеуіне кезекпен орындатып ести бастадық. Үшеуінің орындау 
мәнері үш бөлек. Олар әннің жаңа қырларын аша түскендей. Бірі асқақтаған 
әсем дауыспен паңдана шырқаса, екіншісі әннің кербездігіне ерекше мән 
береді. Ал үшіншісі әннің сөздерімен бірге өмір кешіп, жастық дәуреннің өтіп 
бара жатқанына аһ ұрып, өксігендей орындайды. Ән айтқан сайын құлпыра түсті. 
Мұхаң осы әнді үйреткені орынды болғандай, баладай қуанып күлім қағады. 
— Пәлі, дұрыс-ақ. Жақсы әншінің орындауында жаман әннің өзі де құлаққа 
жағымды естіледі. Ал мына «Ақылбайдың әні», тіпті, жабағы жүнін тастаған 
тайдай, кедір-бұдырынан арылып, құлпырып шыға келді ғой. Ән өз иесін жаңа 
тапқанын көрдің бе, — деп қуанып қошеметтейді. 
Бұл күндері Қазақ КСР-інің халық әртісі Кәукен Кенжетаев пен Қазақстан Ле-
нин комсомолы сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосыновтың айтып жүрген 
«Ақылбайдың әні» дүниеге осылай келген болатын. 
 Ғабең (Ғабит Мүсірепов) домбыраға қосылып ән салғанда, асықпай 
мәнерлеп айтатын еді. Әннің нәзіктік жағына көбірек көңіл аударатын. Әсіресе, 
Абайдың «Сегізаяғын» жақсы көретін. 
— Жүсіпбек, «Сегізаяқты» сенен мен жақсы айтам. Кәне, тыңдашы, — деп 
жұмсақ қоңыр дауыспен толқындата, тебірене айтатын. 
Жүсекең кейде Ғабеңді сағынып көргісі келгенде, «Сегізаяқты» Ғабекеңше 
айтайыншы, — деуші еді. 
Мінеки, қазақтың асқан сырбаз ұлдары әнді сүйіп қана қоймайтын, өздері 
де ән шырқап, домбыра шерте білетін. 
Шәкенді біздің үйге алып келетін сол әнге деген құмарлығы. Олар көбіне 
Қали Байжановты әңгіме ететін. Және оның ән алдындағы айтар кіріспе сары-
нын қайталаудан жалықпайтын. 
Шәкен Қалиды жанындай жақсы көретін. Қалидың баладай сенгіш 
аңқаулығын, сөзге шорқақтығын айтып, екеуі рақаттанып күледі. 
Сексенге келіп, қартайған шағында, өзі қатарлас шалдар намаз оқитын 
болған соң, шалдармен бас қосқан жерде Қалекең де қосыла кететін көрінеді. 
Онысы намаз оқымайды деп айтпасын дегендегісі екен. 
Бір жылы Қалеки, Жүсекең, Шәкен үшеуі бастары қосылып Қарағандыға ба-
рып, Қалидың үйіне түседі. Қали мен Қалеки ежелгі жолдас, театр құрылмай 

82
Òîïæàðªàí
83
II. Өнерпаз жолы
тұрғанда Қоянды жәрмеңкесінде бірге сайрандап, әнші Қали, пері Қалибек 
атанған. Жүсіпбектің әншілік өнерін ерекше қадірлеген, ағасы Жақыпбекпен 
қатарлас, аралас өскен. Ал Шәкенге жезде боп келеді. Шәкеннің әкесі 
Кенжетайдың ағасының қызын алған. Шәкенді кішкентай күнінен бетінен 
қақпай еркелетіп әнге баулыған, домбыра үйреткен ұстазы, бір жағы туысы, 
әкесіндей адам. Олар шақырған жерге өздерімен бірге Қалекеңді қалдырмай 
апарып жүріпті. Қалекең бұрынғы әдеті бойынша, кісі үйінде намаз оқитын 
көрінеді. Намаз артынан аят оқып, қол жайып отырып, өлген адамдардың 
атын атап аруағына бағыштайтын әдетті Қалекең де біледі. Соны көріп жүрген 
Қалекең қол жайып аят оқып отырғандай аузын күбірлетіп отырып, жан-жағына 
алақтап қарап қоятын көрінеді. Көзіне бірінші ілінген Қалекидің әкесінің атын 
атап, Қуанышбайдың аруағына бағыштадым деп бір қойып, Жүсіпбек өкпелеп 
қала ма дегендей, Жүсіпбекке қарай мойын бұра, дауысын көтеріңкіреп 
Елебектің аруағына, Шәкенге қарап, Айманның аруағына бағыштадым деп, 
жанындағы өзі білетін адамдардың әкелерін түгел айтып шығатын көрінеді. 
Қалекеңнің ақ көңіл аңқаулығын, жанының баладай тазалығын айтып екеуі 
рақаттана күлетін. Шәкен Қалекеңнің сондағы аңқаулық тұрпатын айнытпай 
салып айтып бергенде, көзімізден жас аққанша күлеміз. 
Қали қара сөзге өте шорқақ. Бір ауыз әңгіме айтып бере алмайды. Бірді ай-
тып, бірге кетеді. Оны өзі аңғармайды. Оның білетіні ән ғана. Оның сол мінезін 
білетін Шәкен әдейі сөйлеткісі келіп сөзге шақырады. 
— Қалеке, баяғыда Қоянды жәрмеңкесінде Қалеки екеуің талай қызықты 
көрдіңдер ғой. Соның біреуін айтып берсеңіз, мына Жүсекең екеуімізге. Біз 
әдейі сенің әңгімеңді естиік деп келдік қой. Аяйсың ба ол бар болғырды, — 
дейді. Қалекеңнің әңгімесінің ішінде «есеп бар ма», «қапы жоқ», «баяғыда осы 
өзіміздің Қапан бар» (Қапан әйелі) деген сөздер еріп жүреді. Қалекең Қапанға 
ғашық болып жүріп әрең қолы жетсе керек. Сексенге келген Қапанның қас-
қабағына қараумен, айтқанын екі етпей, ырқына қарай жүретін. Сондықтан ба, 
әйтеуір Қапанды қоспай сөйлесе сөзі сөз болмай іріп кететіндей, тіпті Қапанды 
алмай тұрған кезді әңгіме еткеннің өзінде де, «осы өзіміздің Қапан бар» 
деп сөз арасына қоса беретін. Онысын ізет деп білетін. Қалекең әңгімеден 
гөрі әнге ауысқанды ұнатады. Ал Шәкен баланың былдырын қызық көретін 
үлкен адамдардың әдетіне басып, Қалекеңді әдейі сөйлеткісі келеді. Қалекең 
сөйлемесем ренжіп қалар, онан да білгенімді айтып берейін деп, үлкен бір 
айтысқа дайындалып отырғандай қозғалақтап, аздан соң тамағын қырнап 
алып, сөз бастап кетеді. 
— Баяғыда осы өзіміздің Қапан бар, оған есеп бар ма, Шәкенжан, сен де 
бар, Қоянды жәрмеңкесінде мен ән салғанда, оған қапы жоқ. 
— Шал-ау, мен Қояндыда болғам жоқ қой. 
— А, солай ма. Шәкенжан, жоқсың ба? Иә, жоқсың. Оған қапы жоқ. Я, баяғыда 
осы өзіміздің Қалибек бар, оған есеп бар ма. Осы өзіміздің Жақыпбек әнші еді-
ау, — деп бір тоқтайды. Оның осы ұзақ әңгімесі бес-алты сөйлемнен аспайтын 
көрінеді. Шәкен Қалидың әңгімесін айтқанда, күлкіден ішегіміз қататын. Бірақ 
Қали асқан әнші еді. «Әнді Қалидай түсініп, нәшініне келтіріп, құбылтып айта-
тын әнші кемде-кем», — деп табына таң қалып отыратын Жүсекең... 
— Жүсеке, бұл ғажап әнші ғой. Оның ән орындауындағы шеберлігіне қанша 
үңілсем де, ой түйінін түйе алмай-ақ қойдым. Сіз әншісіз ғой. Сезесіз бе? Мұның 
сыры неде? — деді бір күні Шәкен. 
— Меніңше, Қалидың басқа әншілерден басым түсіп, жоғары тұруы
біріншіден, ол қазақтың небір асқан дарынды әншілерінен үлгі алды. Мен 
Қалидай бақытты әнші жоқ деп айтар ем. Өйткені ол Біржан мен Ақанның 
алдын көрді. Атақты Жарылғапберлінің сүйікті шәкірті болып, сабақ алды. 
Сондай-ақ дауылпаз композитор Жаяу Мұсамен де сан рет кездесті. Мұның 
бәрі оған әсер етпейді дейсің бе?! Екіншіден, оның табиғи талант ұғым-түйсігі 
басқа әншінемелерге қарағанда жоғары. 
Ол айтатын «Ардақ», «Алтыбасар», «Шама», «Жиырма бес», «Келіншек» 
секілді әндерді кез келген әнші нақышына келтіріп айта алмайды. Осын-
дай асқақ әндерді Қали қиналмай, еркін айтады. Оның алдындағы ұлы 
ұстаздарынан алған өнегесі көп. Ол оның бәрін ақылмен емес, жүрекпен сезіну 
арқылы алған. 
А. Затаевич «Қазақтың 500 ән-күйі» деген кітабына жазған түсініктемесінде 
Қали жайында айта келіп: «Өмірде көңілді, сүйкімді Қалидың, сөз жоқ, музыка-
лық қабілеті күшті. Мен оның әндеріне фортепианода сүйемел жүргізіп көрдім. 
Дала әншісінің күлкілі, көңілді шағының қайда кетіп қалғанын білмейсің. Ол 
бұрын үйренбеген тосын дауысты сүйемелге, ешбір қысылмай, әнді әдемі, ойлы 
айтты. Өте нақ және күшті үнмен дыбыстарды қатесіз тауып отырды», — деп 
жазбады ма. Фортепианоға қосылып айтқанда, бірден сүйемелге дөп түсіп еркін 
алып кетуі, қандай дарындылық десеңші, — деп Жүсекең де таңдай қақты. 
Шәкен екеуінің Қали жайында әңгімесі таусылмайтын. Әңгімелеп отырып 
Қалиша ән айтып, домбыра тартатын. Ұзақ түнге ән айтып, әншілер жайын-
да сыр шертуге жалықпайтынына күні бүгінге дейін қайран қаламын. Не де-
ген өнерсүйгіш, әнге құмар жандар десеңші! Бірін-бірі жетектеп, бірін-бірі 
толықтырып отырушы еді. 
Шәкен, әсіресе, «Жиырма бес» пен «Екі жиренді» ерекше сүйіп айтатын 
еді. «Екі жиреннің» Тоқбай айтатын екінші түрі болатын. Шәкен соны қатты 
ұнататын. Қолына домбыра тисе, бірден «Екі жиренге» басатын. Ерекше 
тебіреніспен басқа дүниені ұмытып өзгеше күй кешеді. Күмбірлеген домбыра 
үнімен бірге дауысы да қосыла шығатын еді. 

84
Òîïæàðªàí
85
II. Өнерпаз жолы
Ғизатлу хат жазамын, қалқам, саған,
Самарқау, осы күні көңілім шабан. 
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ, 
Дүние осылайша өтті заман. 
А-ау, екі жирен, 
Жалын түйген. 
Жалғанда жақыным сен, 
Жаным сүйген. 
Көңілі әнге тоймаған Шәкен қайта-қайта айтады. Ән көңілді қоңыр мұңға 
бөлеп, жан сезімін шымырлатады. Артта қалған оралмас бұла дәуренге деген 
сағынышын оятады. 
Сонымен қатар әннің ойыңды әуелете көтеріп әкететін қуатты күші бар. 
Адам бойындағы саналы мұңды тез оятар, ой әуенін тереңге жетелер сырлы саз 
болғандықтан ба екен, әйтеуір осы әнді Шәкен кейінгі кезде аузынан тастамайтын. 
Тоқбай айтатын әндердің бәрі де бұрынғы қалпынан өзгеріңкіреп, ойлы 
мұңға жетелеп тұрады. Сағынышқа, аңсауға толы. Бәлкім, оған Тоқбай өмірінің 
қиындықпен өткендігі де әсер еткен шығар. Тоқбай аштық жылдары бес-алты 
баласы мен әйелінен айырылып, жалғыз қалады. Өлгеннің артынан өлмек 
жоқ, тірі жан тіршілігін қылады. Тоқбай да азып-тозып итшілеп жүріп дүкенге 
күзетші болып орналасады. Сөйтіп, алғашқы еңбек ақысына балалайка сатып 
алады. Сол балалайкамен қосылып түні бойы зарланып ән айтады екен. Тіпті 
көңілді әндердің өзі Тоқбай айтқанда зарлы мұңға айналып кетеді екен. «Екі 
жиреннің» де жан тебірентер мұңды түрі осылай шықса керек. 
Осы әнді айтқанда, Шәкеннің көзіне мұң толып, маңдай әжімдері тереңдеп, 
өзінен-өзі тебіреніп ерекше күй кешетін еді. Оның сондағы кейпін көріп, 
қарадай отырып біз қиналатын едік. Оны «Екі жиреннен» ажырату қиынға 
түсетін. «Аттың сыры иесіне мәлім» дегендей мұндайда Жүсекең «Жиырма 
бестің» Қали тартатын кіріспесін шалқытып шабыт шақыратын. Шәкен сонда 
ғана тұңғиық ой шырмауынан босанғандай ептеп серпіле бастайды. Сөйтіп, 
асқақ дауыспен шырқай жөнелгенде ғана ол ауыр мұңнан арылғандай «Екі жи-
реннен» «Жиырма беске» ауысатын. 
Мыс па екен, алтын ба екен, қола ма екен,
Көңілім жаман жырға тола ма екен. 
Тұйғын деп ұстағаным қарға шықты, 
Қарғаға пенде ғашық бола ма екен. 
Жиырма бес тотыдайын толғайтұғын, 
Қызыққа ертелі-кеш тоймайтұғын. 
Суалып тұла бойда тамыр біткен, 
Кәрілік келіп жетті қоймайтұғын. 
О-о-ой, жалған, 
Жиырма бес қайта айналып,
Шіркін-ай, келмес саған! 
Осылайша Жүсіпбек екеуі түнімен ән айтудан талмайтын, жалықпайтын. Не 
көп, қазақтың ойлы, мұңды, күлкілі, көңілді әсем әндері көп. Әбден шаршап 
қалжырағанша айта беретін. 
— Қайран, Тоқбай! Дер кезінде білім алып қазақ өнерінің дамуына үлес 
қосқанда, жеке әншілік мектебі боларлықтай дарын иесі еді ғой. Біздің көкірегі 
соқыр кейбір басшылар кезінде бағалай білмеген соң, жағдайы келіспей елге 
қайтып кетті, — дейді Жүсекең өкініш білдіріп. 
— Мен сол кісінің өмірін жақсы білмейді екем, — дейді Шәкен әңгімені 
Тоқбайға қарай аударып. Олар шаршай бастағанда, әннен әңгімеге ауысып 
кететінін өздері де байқамай қалатын. 
— Жарықтықта өмір дейтіндей өмір де болған жоқ шығар-ау! Талайдың отын 
өшіріп, өмірін қайғыға салған небір ауыр замандар өтті ғой. Ой, заман-ай, десей-
ші, — деп Жүсекең өткен күннен әңгіме қозғайды. — Тоқбаймен 1939 жылы ел 
аралап концерт беріп жүріп, Бесқарағай ауданында кездесіп едім. Ондай адам-
дар қай жерге де керек қой, өзіммен бірге Алматыға алып келіп, филармонияға 
әнші ғып орналастырдым. Бірақ жағдайы болмағандықтан, көп аялдамай қайтып 
кетті. Осыдан кейін Тоқбайдан көз жазып қалдым. Ұзақ жылдар бойы кездестіре 
алмай қойдым. Тым болмаса, әнін жаздырып алмағанымызға өкінем. 
1960 жылы тағы да сондай концерт беріп жүргенде, машинамен ағызып 
келе жатып, бір атты адамға көзім түсті. Дұрыстап қарап үлгергенімше болған 
жоқ, машина зуылдап өте шықты. Санамда әлдебір қимас адамның бейнесі 
жарқ ете түскендей болды. Дереу машинаны тоқтатқызып: 
— Осы адам Тоқбай болу керек, тұлғасы соған ұқсайды, — деп машинаны 
кері бұруын өтіндім. 
— Қойыңызшы, Жүсеке, бейсауат өтіп бара жатқан мықырайған біреуді 
Тоқбай деп шатасқаныңыз не? Сіз де не болса, соны айта береді екенсіз! — 
деп күлді қасымдағылар. 
— Меніңше сол, Тоқбайдың нақ өзі, көзім ешқашан алдамаушы еді. Сол 
екенін жүрегім де сезіп тұрғандай. Барайық, машинаны кері бұрыңдар, басқа 
адам болса, тонымызды шешіп алып қалмас, көрейік, — дедім. Сонымен әлгі 
аттыға қапталдаса кеп тоқтадық. Машина жолдан қашықтау бара жатқан соң, 
көзім жете қоймады. Айқайлап қол бұлғап едім, әлгі кісі бізге қарсы жүрді. 
Жақындағанда оның Тоқбай екенін жазбай таныдым. 
— Тоқбай! — деп машинадан қарғып түсіп, тұра жүгірдім. Бара аттан тік 
көтеріп алып, құшақтап жатырмын. Оның да қуанышында шек жоқ. 
— Жаман ағаңды қалай таныдың? Ұмытпапсың ғой, шырағым. Рақмет! — 
деп жылап жіберді. Шүйкедей боп шөгіп кетіпті. Атын біреуге қалдырып, өзін 
машинаға отырғызып алдық. 
Жиырма жыл жоғалтқан Тоқбайды солай тауып алғам. 

86
Òîïæàðªàí
87
II. Өнерпаз жолы
— Арада жиырма бір жыл өткенде, бірден қалай таныдың? — деймін мен 
де сөзге араласып. 
— Тоқбай сияқты адам ұмытыла ма? Ол менің ойымнан шыққан емес. Елге 
шыққанда оның қайда екенін сұрастырып жүретінмін. Ешкім білмейді. Бір рет 
бұрынғы жүрген жеріне іздеп барып, таба алмай қайтқам. Кейінірек дүниеден 
өткен шығар деп ойлаушы едім. Арқа сүйер ешкімі жоқ шүйкедей жаман шал-
ды кім керек етсін. Кеуде соғары жоқ бұйығы адамның өнері ашылмай қала 
береді екен-ау деп те ойға қалушы едім. Қойшы, әйтеуір, көтеріле біткен 
танауыңнан айналайын, шүйкедей Тоқбайды таптым ғой. 
Жүсекең әңгімесін соза түседі. Шәкен үнсіз ойға батып жатып тыңдай береді. 
— Сол жолы Тоқбайды қонаққа шақырып келдім. Онда осы өзің жатқан үйді 
жаңадан алған кезіміз. Қыс түсе Тоқбай да келді. Қолында балалайкасы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет