аямай мол салады». Қасым, Шапай, Мұхтар, Алтынбектердің де сарыла күтері
осы сәт. Біздер де жалма-жан, «Столичныйға» (жастар театры ол кезде қазіргі
Абылайхан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болатын) қарай
жүгіріп бара жатамыз. Ағаның сарқыты бәрімізге бағалы. Біздер түгіл, біздерден
де гөрі ересектер аға дастарқанын әрқалай тәбәрік тұтар еді. Бір қарасаңыз,
әлдебір әртістермен сағаттар бойы сарылып, шахмат тақтасына телміріп отырар
арыс ағаның тым ойлы кескінін байқайсыз. Шәкеннің дарқандығы, жомарттығы
жайлы аңыз көп. Мәскеу сапарларында орталық қонақ үйлердің біріне тоқтаған
бетте, (көп нөкері қасында), сол Мәскеу түбінен жаңа сойылған нән сиырды ал-
дырып, өзінің байырғы әріптестері Н. Крючков, Б. Андреев, Ю. Саранцев,
Б. Иванов, Б. Мансұров, Э. Оразбаевтарға қазақы дастарқан жайып, өз ұлтының
меймандостық қасиеттерін барынша паш етіп жатыр екен.
Сол сияқты, өзінің жақсы көретін ағалары М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Қуа-
нышбаев, Е. Өмірзақовтарға еркелей жүріп, талай күлкілі оқиғалардың
бас кейіпкеріне айналар Айманов әрекеттері өз алдына жатқан бір хикаят
дерсіз! «Әй, Шәкен-ай!» деп, жақсы көре еркелетер екен жан ағалары оны.
Заманымыздың заңғар қайраткер тұлғасы Д. Қонаевтың кеңесімен өзінің
«Аққу әніндей» болған соңғы күрделі жұмысы «Атаманның ақыры» фильмін
ел-жұртына естелікке тастап кеткендей. Бұған дейін «Махаббат туралы аңыз»,
«Дала қызы», «Алдар Көсе», «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер», «Найзатас
баурайында», «Тақиялы періште» сынды сан көркем фильмдердің жұмбақты
құлпын ашқан Айманов режиссурасы «Атаманға» нағыз атамандық даярлық
тәжірибесімен келген еді.
Актер ретінде «Абай жырлары» фильмінде Шәріпті, «Жамбыл» фильмінде
ұлы шайырдың экрандық сом тұлғасын кемеліне келтіре орындаған ол Г. Ро-
шаль, Е. Дзиган секілді кинорежиссура майталмандарынан көп нәрселерді
оқып-тоқып, көкейіне түйіп үлгерген-тін. Жамбыл рөліне кездейсоқ тартылған.
Алдында ол қарсы топтағы жағымпаз ақынның рөліне бекітіліпті. Бірақ актердің
есіл-дерті бас кейіпкерді бір байқап көру болған. Оның үстіне, екінші режиссер
Мәжит Бегалин де оның Жамбылға әбден лайық екендігін фильмді түсіруші
режиссерге де, актердің өзіне де түсіндірумен әлек болған. Домбыра шертіп,
ән салып, атқа жақсы шабатын еркін шығармашылық иесі ақыры ойындағысын
орындап шыққан. Грим салып, отырыс-тұрысын, күлкі-көзқарастарын әрекетке
көшірген шақта, ұлы Жамбылдың жастығы мен қарттығы ел-жұрттың көз ал-
дында қалқып тұра қалған. Отыздан енді асқан Айманов талантына шәк
келтірген Одақтық кино саласының төрелері алғашқыда республика мәдениет
басшыларының Жамбылды нұсқалар актер жөніндегі ұсыныстарын жөнді
қабылдай қоймаған көрінеді.
Байқау эпизодтарындағы актерлік үзінділерді көріп, толқып кеткен орыс
әдебиетінің классигі Леонид Леонов орнынан ұшып тұрып:
— Жамбылдың нақ өзі! Ол кісімен жолығып, лебіздескен адаммын, кемең-
гер ақын тірілді, — деп айғай салған. Классиктің әлгі таңғажайып пікірінен
кейін, кімдер не дей қойсын? Шенеуніктер де амалсыз бас изеуге мәжбүр
болған. Шәкеннің Жамбылы өмірге осылай келген.
Ұлтының тұрмысын терең танып-білген, төл мәдениетінің тарихи тағдырын
жан жүрегімен нәзік сезінген, салт-дәстүр үрдістерін табиғи талғамымен шебер
ұштастырған, театр мен кино кәсібіне оқудан гөрі тоқу арқылы келген Шәкен
Айманов таланты айрықша.
Театр режиссері, актері тұрғысында да қыруар еңбектер тындырды.
Ақан Сері, Қодар, Отелло, Петруччио, Шадрин секілді бірнеше сахналық
кейіпкерлерді шынайы нұсқалай білді. Оның актерлік ерекшелігі — қоғамдық
құбылыстар мен замана өзгерістерін философиялық толғаммен жіті екшеп,
кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіндегі толассыз жүріп жатар сезім тасқындарын
табиғи өлшеммен дәл бере білуінде. Ол — ірі планда көрінер эпикалық ак-
тер. Поэтикалық шабыт иесі. Музыкалық, пластикалық, драмалық қабілеттері
қатар дамыған дегдар да әмбебап өнер иесі. Сондай-ақ, «Мылтықты адам»,
«Таланттар мен табынушылар», «Абай» пьесаларын сахнаға сәтімен шығарып,
режиссерлік қырларын да шыңдай түскені көпшілікке аян.
Актерлерді мергендікпен танып-білу, олардың тың қырларын ашып, лайық-
ты рөлдерге бекіту мәселесінде Шәкенге тең келер шығармашылық тұлғалар
кемде-кем болар, сірә! Мәселен, театр әртістері Ф. Шәріпова, Ю. Померан-
цев, Ә. Өмірзақова, А. Әшімов, Е. Диордиев, Н. Жантөрин, Е. Серкебаев және
т.б. орындаушыларды киноға уақытылы дер кезінде тарта білген Айманов
көрегендігі алабөтен.
Ал қазақ театр өнерінің алғашқы актерлерін экранға түсірудегі кәнігі
режиссердің ерен еңбегі өнер тарихында айқын таңбаланған. С. Қожамқұлов,
Қ. Бадыров, Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, Қ. Байсейітов, Қ. Жандарбековтер-
дің қатысуынсыз Ш. Айманов фильмдерін көзге елестету мүмкін еместей.
«Алдар Көсе», «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер» кинотуындыларын еске
алсаңыз да жеткілікті. 1957 жылдары балалар қойылымдарында ойнап
жүрген Ю. Померанцевті комедиялық кинодағы дәрігер рөліне шақырса, 1962
жылы Қарағандыда кезекті гастроль кезінде жас Ф. Шәріпованың Баян Сұлуын
62
Òîïæàðªàí
63
II. Өнерпаз жолы
көрісімен, оған дереу «Жол қиылысы» («Перекресток») фильміндегі бас
кейіпкердің бейнесін ұсынған. Қысқасы, Айманов фильмдерінде ойнамаған
әртістер саны сирек. Алғашқыда «Біздің сүйікті дәрігер» комедиясындағы
бас кейіпкерге (Померанцевтің орнына) Николай Черкасовты шақыру идеясы
ойында болған. Бірақ талант иелерін төл республикамыздың өзінен іздеп табу-
ды мұрат тұтқаны байқалады.
Қырық жылдай шығармашылық өмірінің жиырма жылы М. Әуезов теа-
трында, жиырма жылы кинода өткен аса талантты суреткердің ең соңғы
қуаныштарының бірі «Атаманның ақыры» атты фильмін Мәскеуде Д. Қо-
наевқа тұңғыш көрсету сәті. Іле-шала фильмді тамашалаған орыстың атақты
өнерпаздары да сәтті жұмысты жоғары бағалаған. Әйгілі Г. Чухрай жата жа-
бысып:
— Шәкен, детектив түсіруге икемің зор екен, біздің тартпамызда шым-
шытырық оқиғалы бір сценарий көптен жатыр. Шұғыл түрде соған кіріссең
қайтеді? — деген ұсыныс айтқан.
— Жоқ! Жоқ, досым Григорий! Ендігі айналысарым — Абай болмақ. Ұлы
ақын философиясын экран арқылы әлемге танытар кез келді. Абайды ойнар
актерім де пісіп-жетілген сияқты, — деп, сол сәт жұтынып, ойнақшып тұрған
жас та жалынды Асанәліге көз қиығын тастаған.
Өзінің идеясымен атқарылған жұмыстың рухани-эстетикалық сапасына дән
риза болған мемлекет қайраткері Димекең де:
— Шәкен, фильмің тамаша шығыпты. Уругвай еліне топ бастап бара жатыр-
мын, саған байғазыға не әкеліп берейін? — депті, өте көңілді кейіпте.
— Білесіз ғой, Димеке, менің оттық (зажигалка) жинайтын ежелгі әдетімді,
соған да ризамын, — дейді, Айманов та «қықылдай» күле сөйлеп. Амал не! Екі
алып кісінің қайта кездесуін тағдыр шіркін құп көрмеген сыңайлы. Сол Мәскеу
шаһарынан Қазақстан киноөнерінің күндерін өткізу үшін Грузияның астанасы
Тбилисиге көңілді аттанған Ш. Айманов, М. Бегалин, А. Әшімов сынды т.б. бір топ
мәдениет қайраткерлері «Атаманның ақырының» өзге елде кереметтей гуілдеп
өткен қызғылықты премьерасына тікелей куә болған. Грузиндер режиссер Ай-
манов пен бас рөлді шебер шығарған актер А. Әшімовті бастарына көтерген.
Кавказ халқының ағыл-тегіл жомарт дастарқанында еркін көсілген Шәкен
ағаның сәл қызған сәтін алғаш рет көрдім. Толқи тұрып, тебіреніске толы сөз
айтты. Қазақ киносының ендігі тізгін ұстар елеулі тұлғасы мына менің жаным-
да отырған ғажап режиссер Мәжит Бегалин болмақ. Осы тостағанды сол үшін
көтерейік, достар, — деді де, қолындағы оймақтай ыдысты түгелдей төңкеріп тас-
тады. Дәп бір өмірден өтерін күні бұрын сезгендей-ақ, егіле-төгіле тіл қатты да,
едәуір уақыт үнсіз отырып қалды Шәкен аға, — дейді, сол күндерді жиі еске
алар Асанәлі Әшімов. — Біз Алматыға, ал Шәкен аға КСРО Киногерлер Одағының
пленумына қатысу мақсатымен тағы да Мәскеуге ұшып кетті. Біз қасында жүрсек,
бәлки, анадай жол апатынан аман қалар ма еді, қайтер еді? Пленум жұмысына
қатысып, одан шыға сала, қысқа күнде кешігіп қалмау ниетімен КСРО Мәдениет
министрлігіне соға кетпекші болған. Өйткені алдағы күндерде Үндістанға деле-
гация басқарып баратын болғандықтан, жол құжаттарын реттеу міндеті Шәкен
ағаға тапсырылса керек. Ол кісінің кәкір-шүкір жұмыстарға қырсыздығын қоя
салыңыз. Мәскеу түгіл, Алматы көшелерін шатастырып, таяқ тастам жерге такси
ұстап, соңынан бір қора адам ертіп жүрер кәдуілгі аймановтық аңғалдық, шәкен-
дік серілік! Екі қолы қашандағыдай қалтада. Үлкен көшені (кешігіп қалармын
дегені ме екен) кесе-месе төтесінен бір-ақ тартқан ғой. Сол сәтте... сол сәтте оқыс
кездескен қу көлік қағып-ақ кеткен. Еңселі де, ірі дене он қадамдай жерге ұшып-
ақ кеткен. Мәскеулік дәрігерлер қаншама әрекеттенсе де, оң нәтиже болмаған.
Арыс аға қапыда көз жұмған. Камал Смайылов, жалғыз ұлы Мұрат, інісі Кәукен
аға және мен жабылып жүріп, марқұмның мүрдесін Алматыға жеткіздік. Димаш
аға егіліп тұрып, біздерге көңіл айтты. Шәкеннің ана жолғы сұраған шетелдік
оттығын біздерге ұстатты, жанарынан жасы төгіліп кете жаздап.
Өткен ғасырдың 30-жылдарында өнерге от болып енген, өрт болып тиген
Шәкен Айманов дәуірі, несін айтасыз, дүрілдеп өте шықты ғой, — деп, терең
күрсінер еді әр жолы Асанәлі Әшімов.
Иә, 1953—1970 жылдарда «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік
жетекшісі, 1958—1970 жылдар аралығында Қазақстан Киногерлер Одағын
ұйымдастырушы әрі оның бірінші хатшысы болды. 1952 жылы КСРО мемлекет-
тік, 1968 жылы Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарын иемденді. 1958 жылы
КСРО халық әртісі атанды. Орден, медальдардан, депутаттық лауазымдардан
әсте де құр қалмағаны тарихтан мәлім. Әлбетте, оның осындай шығармашы-
лық, қоғамдық қызметтерін күндегендер де кездесті кезінде. Көре алмаушы-
лық дерті қашанда болған. Әлі де жеткілікті.
— Ойбай, Айманов кетсе, бәрін де қатырар едік, — деп кіжінгендердің
біразын өзіміз де көрдік. Бірақ қайда?! Олардың оны жиналғанда да, бір
Шәкеннің тырнағына тұрмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Қалай десеңіз
де, Шәкен рухы еш төмендемек емес. Ол өнер талабына сәйкес тер төккен
сирек тұлға. Шырқау биіктерге самғар алып қыранға не кедергі болмақ? Шүкір,
оның есімі өзі құрған киностудияға, кинотеатрларға, көшелерге, мектептерге
берілген. «Шәкен жұлдыздары» атты халықаралық кинофестиваль жыл сайын
жалауын көтеруде. Оның ұйымдастырушысы — Аймановтың төл шәкірті, ай-
нымас ізбасары, әйгілі өнерпаз Асанәлі Әшімов. Шәкеннің шырқау биігі демей,
не дерсіз мұның бәрін?..
«Алматы ақшамы» газеті, № 67—68. 01.06.2013
64
Òîïæàðªàí
65
II. Өнерпаз жолы
Әкім ТАРАЗИ,
Әкім ТАРАЗИ,
Қазақстанның халық жазушысы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері
²íæó-ìàðæàí
À
қиқатын айтайын: Шәкен Кенжетайұлын мен бірден мойындай алма-
дым, табынып келіп табыстым дей алмаймын. Оған себеп өркөкірек-
тігім емес. Зерденің талғампаздығы.
Амантай Сатаев жүр де жүр деп киноға апарды. Қазіргі Қабанбай көшесінің
бойындағы өртеніп кеткен ТЮЗ еді. Бардық. Көрдік. Жасанып киінген әртістер
экран алдына шықты. Толғанып тұрып, ойланып тұрып бір-бір ауыз сөз айтты.
Киноны басқаратын Комитет деген болады екен, әлде — Уәзірият па еді? Кім
білген ондайды. Өнерді де басқару керек деген түйсік жоқ менде! Әлгі кісі әр
сөзін нығарлап тұрып айтты:
— Бүкіл еліміз болып Қазақстанның тың және тыңайған жерін игеріп жа-
тырмыз. Ерен ерлік, қайтпас қайсарлық. Халықтар достығы... Бұл фильм біздің
қосқан үлесіміз...
Көрдік. Көндік. Қол соқтық. Сыртқа шықтық. Жаңбыр сіркіреп тұр екен.
Амантай берген «шақыру» қағазы бар еді қолымда. Қызыл-жасыл бояулар-
мен, әйәй суреттермен, ұлтық ою-өрнекпен әшекейленген. Соны ашып көрмек
болдым. Қапсырмасын аша бердім. Ірі-ірі тамшылар әлгі әдемілікті лезде езіп
жіберді. Кісі аттары, шақырған мекеме аты, көтерілген тың туралы ұрандар,
қарақошқылданып араласып, жаңбыр суымен ағып кетті. Екі беті аймандай
болған қымбат жылтыр қағазды қоқыс жинайтын жәшікке тастай салдым.
Киностудияға қызметке келіп Шәкенмен танысқан соң да мен ол кісіге онша
үйірсек болмадым. Мәжит ағам бар, аға сырласым бар, аға мұңдасым бар,
сол кісімен құшақтасып, Алатаудың сұлу сайлары қайдасың деп, Алматының
берекелі ресторандары қайдасың деп жастық шақтың асау арғымағымен арпа-
лысып жүріп жаттық. Шәкенді сыйлаймын. Ол кісі тапсырма берсе орындаймын.
Кейде бір қонаққа бірге алып кетсе барамын. Бірақ... Мәжікеңдей емес...
Күндердің күнінде Мәжікең айтты:
— Әй, Бүлкібай, анау Дробский ағаң (Мәжікең Шәкенді Дробский дейтін. Ол
псевдонимнің қандай сыры бар екенін Мәжікеңнен сұраған емеспін) бүгін От-
еллоны ойнайды. Соған барайық.
Бардық. Көрдік. Мен, шынын айтқанда, Шәкенді көрген жоқпын. Мен Отелло-
ны көрдім. Өзі қара болса да көңілі ақ, пейілі ашық-жарқын, адамға сенгіш, алып
денелі, бала мінезді Отеллоны көріп отырдым. Бүкіл Венецияны жаудан аман алып
қалған ержүрек батырды көріп отырдым. Сол батырдың, аңғал батырдың қалай
алдана бастағанын көрдім. Төңірегінде жүрген ұсақ-түйек, құлқынның құлы, құрт-
құмырсқа мінездес ақсүйек, қарасүйектердің Отеллоға қалай ор қазып жүргенін
көрдім. Сол ақсүйектердің үлбіреген ақ жібектей бір қызы Дездемонаның Отелло-
ны қалай бағалағанын көрдім. Қалай сыйлағанын көрдім. Қалай ғашық болғанын
көрдім. Ақ жібектей үлбіреген адал сезімін таныдым.
Махаббаттың киелі самалына бөленген екі періштенің (біреуі қара бол-
са да, ақ періште деп қабылдадым), екі ақ періштенің төңірегінде екі аяқты
қара құрттар, қара ниетті арамзалар қандай әрекет жасағанын біліп отырдым.
Сүріндіретін сәтін күттім. Ақыры қара ниетті ергежейлілер батыр тұлғалы, адал
жанды Отеллоны сүріндірді. Өсекке сендірді. Оттело қызғаншақ емес еді. От-
елло Дездемонаға бәрін де кешіруі мүмкін еді. Бірақ Отеллоның соншалықты
таза берілген, соншалықты таза сенген ақ жүрегі шыдамады. Ақ жүрегі батыр
білекті айдап салды. Екі білек, екі қол, он саусақ алданып қалған нәрестенің
он саусағы шойын құрсау болып күнәсіз, пәк арудың аппақ мойнына оралды.
Кісен болып оралды. Өзінің сүйген жарын, өзінің ақ жүрегін Отелло буынды-
рып өлтірді. Өлтірген сәтте Отелло өзінің ақ береке, махаббат төсегінің биігінде
тұр еді. Ақ махаббатын буындырып өлтірген соң жоғарыдан төмен құлады.
Режиссерді көндіріп, сол биіктен құлау сәтін Шәкеннің өзі ұсынған көркемдік
шешім екенін кейін түсіндім. Бірақ сол сәтте қойылымды көріп отырғанда,
Әуезов театрының касиетті залында тәсіл деген сөз менің ойыма келген жоқ.
Мен Шәкенді іздеген жоқпын. Себебі мен Отеллоны тапқан едім.
Жұрт қол соқты. Зал іші гуілдеп кетті. Айқай естілді. Қуаныш айқайы. Мо-
йындау айқайы. Жеңген актерге деген ілтипат айқайы. Жеңілген көрерменнің
айқайы зал ішін толтырып жіберді. Жұрт аяғынан тік тұрып, он-он бес минут-
тай қол соқты. Мен ғана орнымнан тұрмаппын. Мәжікең таң қалып бір-екі рет
қарады. Мен ол кісінің сұраулы көзқарасына мән бермеппін. Отыра беріппін.
Мен сон-о-о-у Крит аралынан Қазақстанға келе алмай отырмын. Мен сон-о-
о-у Крит аралында өз жүрегіне, өз Дездемонасын қалтқысыз сүйген жүрегіне
қанжар қадаған Отеллоның қасынан шыға алмай қалыппын. Сол Отеллоның
басын сүйеп, іштей еңіреп жылап отырып қалыппын. Қазақстан деген ел бар
екенін, ол елде Шәкен Айманов деген халық әртісі бар екенін, ол Оттелоның
рөлін ойнапты, соған қошемет қөрсетіп, талантына тәнті екенімді білдіру
керектігін ұқпаппын. Содан кейін біз Шәкеннің грим бөлмесіне бардық. Мәжі-
кең құттықтап, кұшақтады. Мен де құшақтадым. Бірақ Шәкен: «Әй, Бүлкібай,
саған ұнамады, ә?!» — деді. Өзімнің қателігімді сонда түсіндім.
Кейін мен өзімнің сол қылығымды Шәкенге түсіндіріп жатпадым. Сол күннің
ертесінде-ақ Шәкенге үйірсек болып алдым. Шәкен мені түсінді. Шәкен мені
бауырына тартты. Содан кейін екі ағамның ортасында бір ерке болып жүріп
66
Òîïæàðªàí
67
II. Өнерпаз жолы
жаттым. Сегіз жыл Шәкеннің бауырында, Шәкен мен Мәжікеңнің бауырында
ортақ інісі болып жүрдім.
Шәкен өзінің ғажап фильмін қойды. «Атаманның ақыры». Шәкен өз
өмірбаянын Алдар Көсе деген ақылды қылжақпастың өмірбаянымен
ұштастырып, «Алдар Көсе» деген фильмін қойды. Мен екі фильмді де қатты
бағаладым. Шәкеннің режиссерлік талантына таң қалдым.
Қай салаға салсаң да хас тұлпар озып келеді деген рас екен. Англиядағы
Эвон жағасындағы Статфорд қаласында Отеллоны ойнайтын актерлердің
дүниежүзілік фестивалі болды. Шәкен соған барды. Шәкен Шекспир елінен бас
жүлдемен оралды. Мәжікең ағам екеуіміз Лондоннан ұшып келген Шәкенді
Мәскеу әуежайында қарсы алдық. Жеңісін тойладық. «Украина» қонақ үйінің
бірінші қабатындағы ресторанға үшеу болып кіріп, жүз болып шықтық. Шәкенді
танымайтын орыс жоқ еді, Шәкенді танымайтын украин жоқ еді, Шәкенді та-
нымайтын шешен жоқ еді. Бірте-бірте біздің үстелімізге өз үстелдерін сүйреп
келіп, шампан-коньяктарын кұшақтап келіп өнерсүйер азаматтар жинала
берді, жинала берді. Үшеу болып кіріп, жүз болып шықтық. Бірақ бірден тарай
алмадық. Құшақтасып, сүйісіп, көк шыныдай Мәскеудің көк аспаны астында
арлы-берлі ұзақ жүрдік. Таң атқанша жүрдік!
Алдымен Отеллоны таптым. Содан кейін Шәкенді таптым. Киногерлер
одағының басшысы деп те, киностудияның жетекшісі деп те, Жоғарғы Советтің
депутаты деп те мен ол кісіні мойындаған емеспін. Мен ол кісіні Шәкен Айма-
нов деп қана мойындағам. Әлі солай.
Шәкен Айманов: Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004
Қалихан ЫСҚАҚҰЛЫ,
Қалихан ЫСҚАҚҰЛЫ,
жазушы, сценарист,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері
¼àçà« êèíîñûíû¬ ìàéòàëìàíû
À
лматыдағы ең ыстық жер киностудияның маңы. Ауласындағы термо-
метрдің тілі қанша қаланың тымырсық демінен бес-алты градусқа оза-
ды да тұрады. Осы ауылдың қақ ортасында көміп тастаған су қоймасы, көк
томпақты шыр айнала су бүркіп тұратын елірме түтіктер бар, көркімен қөлеңке
тастайтын кәрі емен де осында.
Шілденің шеке тескен шіліңгірінде қапырықтан қашып, тайлы-тұяғымыз-
бен көк томпақтың етегіне көгендеп тастағандай үймелейміз де отыра-
мыз, үйелеп отыратындар да бар. Тыстан кірген Шәкен көлеңкедегі құйрық-
басардың біріне жақындай қалғанда, кел-қайт, кел-қайт боп үйелеп отырған
киношниктердің бірі өзінше орын нұсқаған болып:
— Дәу шал, мұнда, мұнда! — деп өзеурей қалғаны.
Шәкен көзінің қиығымен кесіп бір қарады да, қайырылмастан кете барды.
Қасымызда отырған Мәжит ағамыз (М. Бегалин — ред.) әлгі жарамсаққа:
— Бәдіксің! — деді.
Киношник ыржалақтай отырып, «дәуді» де, «шалды» да шығарып жүрген мы-
нау ғой деп, аттан ауып қалған соң кінәсін маған арта салғысы келді.
— Мұның еркелігі жарасады, жарасқан соң да ағасы көтереді, — деді
Мәжекең. — Ал еркелейтіндей сен кім едің? Жөнсіз еркелік те бәдіктік! — деп
Мәжекең де тұрып кетті.
Алдымыздағы ағаларымыздың елу жасын көз алдымыздан өткердік. Бізге
солай көрінді ме, ол кездегі елу жастан егделік байқалатын.
Мен ағамызды Дәу шал деуші едім. Дәуге шалды қосқаныма намыстанған
да, ренжіген де емес. Тек Сәлекеңнің үйіндегі шешеміз:
— Мына кетік жап-жас қайнымды шал деп қорлады-ау! — деп жорта ара түскен
болушы еді. Үлкенмен де, кішімен де әзілі жарасып отыратын Сәлекең сонда:
— Жүзге келгенде де Шәкенге сақал-мұрт шығар ма екен, шыға қалса да
соған дейін күтіп жүре ме, — дейтұғын.
— Менің дардай нағашымды да кетік деп қорлап отырсың ғой, осымен
екеуің квит болдыңдар, — деп бәрімізді ырза қылып, ұпайымызды бөліп беретін.
...Сөйтсем, ол кездің елуімен бүгінгінің елуінде айырма бар сияқты. Жиырма-
сында көптің ісіне араласып, отызында отбасынан озып азаматтың ауыр жүгін
атқарған, қырқында да қылышын жалаңаш ұстап, қыршынның қиян-соқпақты
тәуекелін бөліп-жарған, елуінде ел қамын ойлаймын деп ертерек есейген аға
буынның өз уақытына қарай ізгілік, рухани бөлектігі бар екен. Ағаның елу жа-
сынан егделіктің байқалатыны да осыдан болса керек. Ертерек байсал тартқан
еркелеген інісінің «шал» деп таққан ең-таңбасына шамырқанбағаны да осы-
дан шығар...
Сорымызға қарай, арқа тұтар әкелерді сипап-таза сыпырып әкеткен соң
тіршілік дейтұғын теңізде бағдарсыз қалған соң, детдом мен пансионаттың
тәрбиесінде «күшігінен таланып», еркіндігінен, еркелігінен айырылып, жабы
боп жаншылып өскен менің құрдастарым жиырмасында да алдына қара іздеп,
сүйемел мен тірекке таңсық болыпты. Бақытымызға орай, өзекке тепкендер
сирек, бауырына тартқандар қазақтың бірегейлері еді. Соның бірі менің Дәу
шалым болатын...
68
Òîïæàðªàí
69
II. Өнерпаз жолы
...Жоғарғы курста оқып жүріп «Шығыс сақинасы» деген сценарий жазып.
Мәжекеңнің, жетекшім В.И. Соловьевтің қолдап-қолпаштауымен Мәскеуден
бекіттіріп әкелдім.
Екі адамға ұнаған жоқ. Олжас: «нуждается в доработке!» — деді. Айманов:
«қазақша емес!» — деді. Фильмді қоймақшы Овчаренко деген еді, ол бірден
жабыса қалды. Олжасты түсіндім. Сценарийдің шалағайлығы көп. Оның үстіне
Олжастың талғамынан шығу қиын. Аймановтың «қазақша емес» дегеніне
көңілім жығылмады да, Мәжікеңе шапағат салып едім.
— Ағаңның өзіне барсаңшы, сонда мұның орысшасы қандай болмақ деп
сұра, — деді.
Шәкен Марк Беркович екеуі шахмат ойнап отыр екен, мені көргенде міз
баққан жоқ, бес партия біткенше мен де міз бақпай отырып алайын. Сондағы
алған жауабым:
— Жазғаның тап-тұйнақтай, бірақ жақсы жазғаннан жақсы фильм туа
бермейді, — деді. Әуелі қазақтың тірлігі жоқ, кейіпкеріңде қазақтың қаны жоқ, —
деді. — Жылқышының ауылын айтасың, отбасынан қымыздың иісі шықпайды,
желідегі құлынның кісінегенін естігенім жоқ, — деді. — Осыны жасап әкел, егер
Овчаренко мынауың сценарий емес десе өзім түсіремін, — деді.
Сонымен, сценарийдің екі нұсқасы жазылды. Бірі орысша, екіншісі қазақша.
Алғашқысын Овчаренко өзіне тартты, екіншісін қорғағанда Шәкен жалғыз
қалды. Дауға түскен өзінен екі жас үлкен ағасы опат болып, ауылына келген
сынақшы-ұшқыштың тағдыры еді. Әуелде ағадан қалған жетім інісін, артында
қалған өзінен он жас кіші жеңгесін қия алмай жалтақтаған жігіт, кейіннен үйрене
келе, үйлесе келе үйленіп тынатын еді. Даукестер: «Бұл әмеңгерлік қой», —
деп дес бермеді. Айманов: «Жанашырлық пен жарастықтың әмеңгерлікке не
қатысы бар?» — деп жеңе алмады. Ақыры Овчаренко түсірді де, жылқым бұғы
болып кетті де, жігітім жетім бала мен жесір жеңгесіне қарамастан кержақтың
желікпе қызына ғашық болып тайып отырды.
Айманов ұтылған жоқ, өнер ұтылды. Айманов сценарийді бермейтін де
еді, жас режиссерге жанашырлық жасап, жолын бөгемейінші деп кеңпейілдік
көрсетті. Кейін фильм жұрт көңілінен, сарапшылар сынынан шықпай қалғанда
да мен айтпап па едім деп ешкімді табалаған жоқ.
Ағаның айқайын естіген емеспін — кеңдігі болар. Әйтпесе, оның сыртынан
айып тағатындар да, айбат қылатындар да жетіп жатыр еді. Кекшілді кекету-
Достарыңызбен бөлісу: |