44
Қызыл жебе
– Болыс-еке, бауыздатпа. Мен осы атты саған өлтірмей-ақ
сіңіріп берейін. Мына таудың ішінде жан баласы баспаған жайлар
бар. Қызыл Жебені сонда сақтайын. Тіпті оған көнбесең қырғыз
асырып жіберейін, тіпті Қоқан асырып жіберейін. Әйтеуір,
Тұқымбай таппаса болды ғой саған. Көн мырза. Құлақ ас.
Болыс сәл безірейіп тұрды да:
– Жоқ! – деп басын қатты шайқағанда
сақалы селтең ете
қалды. – Бұл жыннан жаралған жүйріктің даңқы жердің түбінен
де жетеді. Мұны тірідей жасырып болмайды. Тек көзін жойып
жіберу ғана – жалғыз жол. Әй, неғып тұрсыңдар, ербиіп,
албастыға ұқсап. Бар, Мақашқа көмектес. Жылдам жайлаңдар! –
Болыстың шабармандары зыта жөнелді.
Рысқұлдың атына ыршып мінгенінен сескенген болыс:
– Әй, әзір болыңдар! – деп айқайлады.
Рысқұл Шолақты тебініп қалып, шырғанақ арасындағы
алаңқайға атырылып жетіп, Қызыл Жебені сауырынан қамшымен
тартып-тартып жіберіп еді,
жануар ышқынып, аспанға бір-ақ
шапшыды. Бірақ Мақаштың қолындағы қыл шылбыр кеңірдегін
қырылдатып қысты да, жерге гүрс етіп қайта түсті. Рысқұл
шылбырға жармаса бергенде, оң иығы опырылып түскендей,
тұла
бойы болбырап, әл-дәрмені кетіп, ат үстінен аунап құлап
бара жатты.
Боржық Таубай анадай жерде жатқан бақанмен бастан көздеп
ұрғаны иығына тиіп, мертікті. Талай сойқан соғыстарда бес-
алты адамның сілтеген сойылдарын
бойына дарытпай сап-сау
шығатын Рысқұл қапыда құлады.
– Байлап тастаңдар иттің баласын! – деді асығып жеткен
болыс шабармандарына. Қазақта не көп, арқан көп, әп-сәтте
Рысқұлдың аяқ-қолы сіресіп қыл арқанмен байланды да қалды.
Бақан тиген иығы астында қалған екен, қақсап қоя берді, шекесіне
шырғанақтың сояудай тікені қадалып, сүйегін тесіп,
миына
сұғылардай бірте-бірте сүңгіп бара жатты.
Обадай дәу Мақаш байлаулы жатқан адамды ақиланып тұрып
теуіп кеп қалды. Болыс жекіріп:
– Тиме, жетті енді, – деді. – Бұл ит осы күйінде түрмеден бір-
ақ шығады, құдай қаласа. Ал, атты құлатыңдар. Тез бауыздап