Қызыл жебе
ешкімнің дауы жоқ. Малымызды қайтар, – деп бопсалап та көрді.
Бай көнбеді.
Тұқымбай да осал қызыл көз емес еді. Соңғы сайлауда
болыстыққа да таласқан. Содан да Саймасаймен арасы ашыла
берген. Ендігісі ерегеске айналды. Саймасай: – Аламын! – деді.
Тұқымбай: – Ала алмайсың! – деді. Ендігі мақсат сол сасық
Тұқымбайды қалайда бір мұқатып қалу.
Рысқұл басын қайда, қандай іске тігіп бара жатқанын білмеді
емес. Қызыл Жебе қолға түскен күнде де Саймасайдың бойына
сіңбейтінін сезді де. Бағанағы оңаша әңгімеде де осы шүбәсін
білдіріп еді, болыс:
– Әй, батыр-еке, қолыма бір тигізші, ар жағын өзім білемін
ғой. Мүмкін, қырғыз асырып жіберермін. Ол жағын маған қоя
бер, – деп түпкі мақсатын дүдәмәл қалдырды.
– Осы сапар тілегімді орындасаң, олжалы боласың. Ат
сүрінбей жер танымайды. Осыдан осы айтқанымды істесең,
арамыздың суысқанын мен де ұмытайын, сен де ұмыт.
Ырылдарсың – қаппассың, менен жақсы таппассың. Түбі бірге
туыссың. Сен Шымыр да, мен Жаныс. Екеуі бір әке, бір шешеден.
Қырық жыл қырғын болса да қиыспайды туысқан туысқа, – деген.
Рысқұл болыстың, бұл айтқанына тағы шүбәланады: «Түбі
бірге түртпейтін болса, туысқан қиыспайтын болса, Жаныс
тұрмақ, ІІІымырды Шымыр өз еліне неге сыйғызбады? Дауылбай
ата жағынан маған сенен гөрі жақын емес пе еді?»
Бұл ойын ол дауыстап айтқан жоқ.
Тағы да:
– Бопты болыс-еке, – деді. Өйтпеске лажы қалмаған.
Саймасайдың жерін жайлап, суын ішіп, отын оттап отыр
екенсің – айтқанын істе. Айтқанына көн, айдауына жүр. Өйтпейді
екенсің, жөніңді тап. Әйда, Шығыс-Талғар болысының шебінен
тайып тұр. Қайда барсаң, онда бар.
Шығыс-Талғар топырағына табаны тигелі жиырма жыл. Сол
жиырма жылдан бері сол бір көзге көрінбес қыл шылбырды
Рысқұл мойнына іліп алды. Қанша бұлқынса да құлдықтың
қарғыс атқан бұғалығынан құтыла алмады. Соңғы бір жыл
33
Қызыл жебе
болыстан іргесін аулақ салып көріп-ақ еді, тұзаққа қайта келіп
түсті.
– Бір қойдың құны желеу болды. Қойды қойшы, Саймасай өз
жерінен қуады. Қайда барып сияды? Түлкібас дарбазасы жабық.
Мерке мен Жуалыдан мекен табылмады.
Жеті шоқылы Талғардың алпауыт шыңы Жаңғырық тынбасы
алтынмен булағандай балқып, айналасын адасқақ алау шалып,
толықсыған ай кербез көтеріліп келе жатты. Жайшылықта
көзге ілінбей тұрған кілегей кірбің бұлт абайлап қана алтын
жалатқандай айдарлана берді. Ай құлақтанып көтерілді.
Ай сәулесі сайдан шығып, жазыққа ілінген Рысқұлдың кіршең
ақ қалпағын да шалып қалған. Шабдар да қылаң, сұрқай шекпен
де қылаң. Түлкібастан қалған жалғыз белгі – ақ қалпақ та қылаң.
Жазыққа ылдиланған сайын жон-арқадағы Талғар асқақтап,
айбындай түседі.
Рысқұл қазір тауфихсыз жорыққа шығып бара жатып,
артына қарап, Ай нұрына малынып манаураған Талғарды көріп,
былтырғы оқымысты орыспен соның шыңына шыққаны есіне
түсті. «Ол да бір бақытты күндер екен-ау, адал, ақ жол еді ғой»
деп күрсінді.
Содан соң ыңылдап, өзінің құранындай көретін жалғыз ауыз
өлеңін айтты.
* * *
«Қызыл Жебе», – деп күбірледі. Рысқұл, осыдан жолы болып,
Қызыл Жебе тақымына бір тисе, атасына нәлет, тас басып, тау
асып, Ақсу-Жабағылыға бір-ақ тартып кеткісі де келді, Ақсу-
Жабағылы есіне түскенде ілуде бір жігері құм болып, көзіне жас
келіп қалатын ауруы тағы ұстады.
Бірақ Түлкібастан өзі бастап алып келген арық-тұрақ ағайынды
қайтеді? Байлығына емес, батырлығына қызығып қыздай
қосылған Ізбайшаны қайтіп қалдырады? Мен Қызыл Жебемін! –
деп анда-санда саңқ ететін Тұрарды қайда қалдырады?
Өткен күзде Майлыбайдың асы болды. Ac болғанда – шығысы
албан, суан, қызай, түстігі – Алатаудың ар жағындағы қырғыздар,
батысы – шапырашты, дулат, жалайыр, терістігі – Аягөз, Ақсудан
бергі арғын, найман қатысқан ұлан ас болды.
|