Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет17/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Рысқұл Шолақ Шабдарды ерттеп, Қаракемер, Шелек жағына 
жиналғанда  Тұрар  бұрын  байқалмаған  мінез  танытты.  Бұрын 
қанша сапарға аттанды – ала кет деп айтпаушы еді. Әйтеуір сол 
жолы қатты қиылды. Баланың көңілін жықпай, Шолақтың артына 
мінгестіріп ала кетті.
Шымалдай  құжынаған  қалың  халықтың  арасында  адасып 
кетеp  деп,  Рысқұл  баласын  жанынан  бір  елі  тастаған  жоқ.  Ас 
қызығы  –  алпыс  шақырымға  айдаған  ат  бәйгесі  еді.  Жебе  сол 
бәйгеде  аққан  жұлдыздай  алдымен  келіп,  даңқы  бұрынғыдан 
бетер  шарықтап  кетті.  Астын  үшінші  күні  көкпар  тартылды. 
Әсіресе  көкпар  дегенде  делебесі  қозып  кетіп  Рысқұл  Тұрарды 
арқасына  жәрбитіп  жабыстырған  күйі,  доданы  айналшақтап, 
қызыл майданның қызуына өзі түспесе де, қараптан-қарап жүріп, 
қиқулап  қояды.
Дода  -  арасы  екі-үш  шақырымдай  екі  төбенің  ортасында 
басталды.  Өрдегі  Сазтөбе  –  Саймасай  ауылының  мәресі. 
Ылдидағы Кесіктөбе – Тұқымбай ауылының мәресі. Саймасайдың 
Күрең Қасқасы додашыл мал еді. Күрең Қасқадағы Мақаш палуан 
көкпарды қатарынан екі рет апарып салғанда Тұқымбай түтігіп, 
сақалын жұлып, жер сабалады. Саймасай сақ-сақ күліп, айбыны 
асты.
Ызаға  булыққан  Тұқымбай  көкпарға  Қызыл  Жебені  қос  деп 
бұйырды жігіттеріне. Қызыл Жебе додаға жоқ еді. Бірақ додадан 
шыққан  Мақаштың  Күрең  Қасқасын  адым  аштырмай  қуып 
жетеді. Амал не, үстіндегі жігіт Мақаштың тақымындағы тайдай 
серкені сілкіп ала алмай ажырап қала берді. «Ой, әттесі-ай! Ой, 
қайран Қызыл Жебе-ай!» – деп жұрт санын соғып, аһ ұрады.
Көкпардың  желігі  қыспасын,  бір  қысса  адамның  екі  көзіне 
қан  толып,  ертеңін  ойлап  жатпас.  Рысқұлды  желік  жеңді. 
Саймасайдың сойыл соғары екені есінен шығып, Қызыл Жебенің 
бір  ездің  астында  көрер  көзге  қор  болғанын  көріп,  Шолақ 
Шабдарды тебіне түсіп, кимелеп Тұқымбайдың алдына барған.
–  Уа, Тұқа, Қаңлы, Жаныстың емес, Қызыл Жебенің намысы 
үшін, мына мен қалысқа рұқсатыңды бір берші, мен көрейін, –
деді.


35
Қызыл жебе
–  Тұқымбай «бұл қалай?» – деп жан-жағына қарап еді, қалың 
қаңлы:
–  Бер, Тұқа, бер! Бұл - Тау-Шілмембет Рысқұл ғой.
–  Көкпардың киесі – көкбөрі ғой сорлы!
–  Тақымына  тұлпар  тимей  титығы  құрып  тұр  ғой,  –  деп 
шуласты.
Рысқұл Шолақ Шабдардан түсіп, өрге Тұрарды отырғызды да, 
тізгін мен қамшыны баласына ұстатты.
–  Мықталып  отыр.  Көкпаршыларға  жақындама.  Қағып 
кетеді,  –  деді  Тұрарға.
Киіз қалпақты баса киіп, жеңін сыбанып алып, Қызыл Жебенің 
тізгінін  ұстады.  Үстіндегі  жігіт  сүметіліп,  аттан  әрең  түсті. 
Рысқұлды  жақтырмай,  ала  көзімен  оқшия  бір  қарап:
–  Ал, көрейік мықты екеніңді, – деп күңк етті.
Қызыл  Жебеге  қонған  соң  Рысқұлдың  сирек  жылжитын 
қаһарлы  қарасұр  өңінен  нұр  төгіліп,  көздері  шоқ  шашып, 
әруақ  буып  арқасы  қозған  бақсыдай,  айбыны  асқақтап  шыға 
келді. Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сезгендей, 
ауыздықты  қарш-қарш  шайнап,  тізгінді  сүзе  шірене  тартылған 
садақтың  адырнасынан  ұшатын  жебедей  лыпып  тұр  еді.
Қызыл Жебеге аяқ артқан, сол сансыз бақытқа молыққан сәтте 
Рысқұлдың көзіне құдіретті Саймасай да, дәулетті Тұқымбай да 
жәй әншейін бір қыбыр-жыбыр тіршілік кешкен пенделер болып 
көрінді.
Бақыттың ағыл-тегіл сезімінен Рысқұлдың басы айналғандай 
болды.
«Осы  мен  мас  емеспін  бе?»  –  деді  өзіне-өзі  аттың  басымен 
алысып, Мақаштың додадан шығар сәтін күтіп, шиыршық атып 
тұрып.
Рысқұл сияқтыларды бақыттың буымен мас қылу үшін қыруар 
мал керегі жоқ. Қызыл Жебе жетіп жатыр.
...Көкпарды  келесі  додадан  кергілеп  алып  шығып,  Сазтөбе 
мәресіне баяғы машықпен масаттана шапқан Мақаштың тақымы 
бір  кезде  көкпармен  бірге  жұлынып  кеткендей  болды,  аспан 
асты шу ете қалды. Не зауал болғанын аңдай да алмай қазандай 
басына  қан  құйылып  кете  жаздаған  Мақаш  Күрең  Қасқаның 


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет